«2021 жылдың 6 айында медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдар тарапынан 517 мыңнан астам ақауларды анықталды», — деді филиал директоры Н.Отарғалиев.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмектің көлемі (ТМККК) және МӘМС бойынша жеткізушілер көрсететін қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингті жалғастыруда.
Мониторинг нәтижелері бойынша 2021 жылдың 6 айында Алматы облысыңын Қор филиалыңын сарапшылары 517 мыңан астам ақауларды анықтады. Салыстыру үшін, өткен жылдың 1- жартыжылдығының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 461мыңды құрады.
Бұзушылықтардың басым бөлігін (55,2%) мамандар халыққа консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету кезінде анықтады. Бұдан әрі, сарапшылардың деректері бойынша, медициналық құжаттаманы дұрыс ресімдемеу сияқты 22,5% ақауларға жол берілген, көмек/қызметтер көлемінің негізсіз артуы — 18,4%, емдеу-диагностикалық іс — шаралардың стандарттардан, денсаулық сақтау саласындағы ережелерден/ клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқу фактілері — 16,7%.
«Құқық бұзушыларға» қатысты барлық денсаулық сақтау субъектілеріне айыппұл санкциялары қолданылды.
Медициналық ұйымдардың көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына қатысты міндеттемелері шарттық қатынастардың маңызды бөлігі болып табылады және Қор олардың орындалуын талап етуге құқылы. Айта кетейік, осы жылдан бастап Қор проактивті мониторинг жүргізу тәжірибесіне енгізілген, онда өнім берушінің шарттық міндеттемелерін орындамау фактілері анықталған кезде жоюға қорытындыға қол қойылған күннен бастап және оларды тиісінше орындауға 45 күнтізбелік күн беріледі. Егер ақау мерзімінде жойылмаса, медициналық ұйымға айыппұл салынады.
«Проактивті мониторинг қордың жеткізушілеріне ақауларды жоюға мүмкіндік береді және олар айыппұл санкцияларын болдырмау үшін барлық бұзушылықтарды мүмкіндігінше жоюға тырысатынын атап өткен жөн. Нәтижесінде пациент ұтады, оның мүддесінде қор қызметкері бұзушылықтарды анықтағаннан кейін өнім берушілердің қызметіне қайта бағалау жүргізеді және оларды жоюды талап етеді. Медициналық ұйымдардың қызметкерлері мен қор қызметкерлері арасында мониторингтің бұл форматы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын бірлесіп жақсарту үшін сенімді қарым — қатынас орнатуға мүмкіндік береді», — деді облыстық филиалдың директоры Нұрлан Отарғалиев.. Сондай-ақ, ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша Қор жеткізушілері халыққа көрсеткен медициналық қызметтер үшін ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асатынын атап өткен жөн. Яғни, медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін, сондай-ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған, факті бойынша көрсетілген қызметтер ғана төленеді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы