Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласымен зер сала танысып, ой елегінен өткізіп шықтым. Еліміздің бүгіні мен болашағы туралы тереңінен толғаған Елбасы ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғыртуға, ғылым мен білімге ұмтылуға үндейді. Мақалада тəуелсіздігімізді одан əрі тұғырлы ету мəселелері, өркениетті елдердің қатарынан лайықты орын алып, кемел келешекке қадам басудың бағыт-бағдары, айқын жоспары көрініс тапқан дер едім. Ұлттық болмысымыз бен рухани құндылықтарымыздың өзегін сақтай отырып, өткеннің кейбір кертартпа тұстарынан арылуымыз керек деген өрелі ой, кестелі сөздері көңілімнен шықты. Мемлекет басшысы: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мəдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек», деді. Елбасының мұндағы меңзеп отырғаны ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, өркениет көшінен қалмау, даму, ілгерлеу, тек қана алға ұмтылу. Бұл ретте ұлттық құндылықтарды келесі ұрпаққа жеткізу үшін біз өзіміздің ұлттық кодымызды сақтауымыз керек. Ұлттық кодымызды сақтау үшін біз өзіміздің мəдени, тарихи, рухани құндылықтарымызды дамыта отырып, əлемнің озық жетістіктері мен жақсы қаситеттерін бойымызға сіңіруіміз
керек. Бұл – рухани жаңғырудың басты шарты болып табылатыны айқын. Əлемдік аренада «бəсекеге қабілеттілік» үрдісінен көрінудің маңызды шарттары -заманауи технологияларды меңгере отырып,ғылым мен білімге ұмтылу,халықаралық комерциялық əрі концепциялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына айрықша ден қойылған. Бүгінде қарудың сесі емес, білімнің десі басатын заман.Сондықтан да білім – бүгінгінің басты қажеттілігі. Дүниетанымы кең, білімі терең, ойы ұшқыр адам ғана бəсекеге төтеп береді деген сөз. Мен, білім саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ұстаз ретінде осы бір сүбелі ой, кестелі сөздерді жантəніммен қуаттаймын. Өскелең ұрпақты əуелі білімге құштар болуға үндеудің маңызы зор екені анық. Елбасы өзінің ой-толғауында жастарымызды білім биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке бағыттап отыр.«Біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен əлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін əркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім əрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бəрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»деуінде терең мағына, парасатты пікір жатыр. Мақалада көтерілген латын əліпбиі туралы тың ой, нақты шешім елді жаңа өзгеріс¬тер белесіне бастары анық. Латын əліпбиінің жазу үлгісі қазақ қоғамында 1929 жылдан 1940 жылға
дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылғандығы мəлім. Егер біз істің түбегейлі жағына үңілсек, Елбасымыздың көтеріп отырған мəселесі — тіл тазалығы. Латын əліпбиіне көшу – Мəңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы əлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тəуекелдерге қарсы тұра алатын Отансүйгіштік пен елжандылық тəрбиесінің, ұлтжандылық тың кепілі болмақ. Халқымыз жаңа əліпби арқылы əлемдік өзгерістер көшіне, дамудың даңғыл жолына еркін араласа алады. Бұл бағытта атқарылар жұмыстар жетерлік: арнайы бағдарлама, əдістеме, əліпбидің өзіндік стандартын дайындау жоспарлы əрі жүйелі түрде жүзеге асырылмақ. Ең бастысы, Қазақстан мемлекеті ұлттық Тəуелсіз ел атанып, төрткүл дүниеге іргелі де еңселі істерімен танылып келе жатқаны біз үшін зор бақыт. Міне, осынау қасиетті де қастерлі құндылығымызға бекем болып, тəуелсіздігімізді баянды ету жолында саяси жəне экономикалық реформаларды жүзеге асыра отырып,жаһандық сынқатерлерге төтеп бере алатындай қуатты мемлекет болудың бірден – бір шартырухани жаңғыру екенін мемлекет басшысы ел-жұртқа саралай жеткізді. Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың ұсынған əрбір бағдарламасы еліміздің рухани дамуы жолындағы ізденістер мен асқақ армандарға толы нақты істерге негізделген жоспар деп қабылдаймын. Иса Өскенбай, Талғар ауданының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз.
Қазыбек ӘБІЛҚАЙЫР