Әліпбиді ауыстыру – іргелі іс

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінен латынға көшудің қажеттілігін айтқанын баршамыз білеміз. Биылғы жылдың аяғына
дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ əліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керектігін де тапсырған болатын. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, 1992 жылы Түркияда түркі тілдес халықтардың қатысуымен өткен халықаралық конгресте күн тəртібіндегі бірнеше мəселелердің ішінде ең басты жəне негізгісі түркі халықтарының жазуын латын графикасына көшіру болған еді. Бұл конгреске А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтынан академик Əбдуали Қайдар қатысып, елге оралғаннан кейін өзінің алғашқы қазақ жазуын латын қарпіне көшіру жобасын ұсынған болатын. Одан бері 25 жыл өтті. Кейін бұл мəселені 1995 жəне 2006 жылдары Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессияларында Елбасымыз қайта көтеріп,
көпшілікке ой тастады. Орталық Азияда осы саланың бастамашысы болып 1992-жылдарда əліпби реформасын іске асырған Түркменстан болды. 1993 жылы Өзбекстан да Заң қабылданып, 1996 жылдан бастап латын əліпбиіне көшкен. Бүгінгі таңда, ТМД мемлекеттері – Əзербайжан, Түркмения жəне Өзбекстан өз əліпбилерін латынға көшірді. ТМД-ның еуропалық мемлекеттерінің ішінде Молдавия латын жазуына көшкен. 2006 жылы Н.Назарбаев латын əліпбиіне көшу мəселесін қайта қарауды қозғаған кезде Қазақстанда латынға көшуді белсенді талқылай бастаған болатын. Қазіргі кезде біздің жас мемлекетіміз өсіп, нығайып, əлеуметтік жəне нарықты реформалардың өркендеуінің арқасында тұрақты жəне дамыған мемлекетке айналды. Енді латын жазуына көшу проблемасы қайтадан туындады.
Латынға көшу мəселесі тарихи маңызды мəселе. Бұл мəселені ойдағыдай шешу үшін елдегі экономикалық, саяси, əлеуметтік, тарихи-мəдениеттік, жағдайларды да ескерген жөн. Өмірдің жаңа жетістіктерін жастар бірден қабылдайды жəне əлемдік кеңістікте болып жатқан өзгерістерді тез меңгеріп алады. Қазірдің өзінде ұялы телефон, компьютер, интернетпен жұмыс істегенде латын алфавитін кеңінен қолданады. Сондықтан латын графикасына көшу мəселесі өте орынды жəне өзекті болып отырғанын көреміз. Елбасымыз Н.Назарбаев: «… Бұл бізді əлемге біріктіру, біздің балаларымыздың ағылшын жəне ғаламтор тілін меңгеруіне жағдай жасайды» деген болатын. Осы замандағы өскелең ұрпақ үш тілді болса сонда ғана біздің мемлекетіміз əлемдік аренадан ойып тұрып орын алатын болады.
Қазыбек ӘБІЛҚАЙЫР