Өткен жылы төтенше жағдай енгізілгеннен кейін, экономиканың ең көп зардап шеккен салаларын анықтау үшін Алматы облыстық «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы 7 348 бизнес субъектісінің қызметіне талдау жүргізді. Нәтижесінде 7,3мың кәсіпорнында 5,6 мыңнан астам қызметкер немесе жұмысшылардың жалпы санының 6,6%-ке жуығы қысқартылды. 9 мыңға жуық қызметкер немесе қызметкерлердің жалпы санының 10,5%-і жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілді, ал 68 компания кірістерін жоғалтты және толығымен жабылды. Бұл туралы Jetisu Media» ақпараттық алаңында Алматы облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов мәлімдеді.
2020 жылы өңір кәсіпкерлеріне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары көрсетілді. Облыстың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беру төлемдерін төлеуден шағын және орта кәсіпкерліктің 690 субъектісі босатылды. 119 мыңға жуық бизнес субъектілері салықтық ынталандырулар алып, 641 шағын және орта бизнес субъектілеріне несиелер бойынша жеңілдіктер берілді.
«Карантин кезеңінде Алматы облысында 15 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін тоқтатты. Infokazakhstan.kz порталының көмегімен бизнес-қоғамдастықтың 21 022 өкілі қызметін қайта бастау туралы өз актілерін алды. Кәсіпкерлік субъектілерінің шамамен 90%-і өз қызметін тексерусіз, хабарлама тәртібінде қайта бастады», — дейді Әсет Шаяхметов.
Айта кету керек, былтырғы кезеңде палатаға заңды тұлғалардан 233 өтініш келіп түсіп, оның 88-і оң шешім тапқан.
«Өтініштердің басым бөлігі мемлекеттік сатып алу және жер қатынастары мәселелеріне қатысты, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне, салық, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мәселелерге қатысты шағымдар. Жалпы біздің қолдауымыздың арқасында бизнестің мүліктік құқықтары жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге қорғалды, бұл 2019 жылға қарағанда екі есе жоғары», — деп атап өтті ӨКП директоры Әсет Несіпбекұлы.
«Атамекен»,«Бизнестің жол картасы – 2025» және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаларының қаржылық емес операторы болып табылады. 2020 жылы өңірдегі 16 мыңнан астам бизнес өкіліне Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы 17,5 мың сервистік және консультациялық қызмет көрсетілді. Кәсіпкерлер палатасы менеджерлерінің қолдауының арқасында 1,3 мың жоба мемлекеттік қолдау құралдары аясында 5,8 млрд теңгеге қаржыландыру алды.
Облыс бойынша 3022 жұмыссыз және ісін жаңа бастаған кәсіпкер бизнес негіздерін оқып, кәсіпкерлік дағдыларын арттырды. «Бастау Бизнес»аясында оқытылғандардың ішінен өткен жылдары тәмамдаған қатысушылардысанағанда жалпы сомасы 1,8 млрдтеңге болатын 2039 жоба қаржыландыру алды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен несиелендіру белсенді жүргізілуде. Бағдарлама бәсекеге қабілетті өндірістер құру, халықтың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыруға бағытталған. Алматы облысының қоржынында құны 74,8 млрд теңге болатын 252 жоба бар.
«Осы бағдарлама бойынша қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер мен Аграрлық-кредиттік корпорация тарапынан жалпы сомасы 45,7 млрд теңгеге 181 жоба мақұлданды. Жобалар АӨК, туризм және қызмет көрсету, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу және қағаз, жиһаз, құрылыс материалдары және шаруашылық-тұрмыстық бұйымдар өндірісі, жүктерді қоймалау және сақтау, машина жасау және металлургия, тамақ өнеркәсібі, білім беру, химия өнеркәсібі және электр энергетикасы сияқты салалар бойынша ұсынылған», — деейді спикер.
«Өңірлік палатаның қолдауымен облыста 80 оқу орталығы ашылған. Олар жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие 46 кәсіп пен мамандық бойынша даярлауды жүзеге асырады. 2020 жылы оқу орталықтары базасында 2536 адам қысқа мерзімді оқытудан өткен, оның ішінде 2272 адам жұмысқа орналасты.Дуальді оқытудың жол картасына Алматы облысынан техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің 3225 оқушысы, 23 колледж және өңірдің 344 кәсіпорны 28 мамандық, 47 біліктілік және 9 сала бойынша енді»,-деп түйіндеді «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов. .
Талғар-ақпарат