Жуырда Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуалиев Талғар ауданына ат басын тіреп, қаладағы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №4 орта мектебіне, Талғар орталық ауруханасына, «Аяла» мүгедек балалар үйі мен №9 қазақ орта мектебіне және Талғар қаласындағы халықты жұмыспен қамту орталығына барды.
Облыс әкімінің орынбасары А.Әбдуалиев бастаған қалың топ қаладағы №4 орта мектепте жүріп жатқан құрылыс барысымен танысты. Сонау өткен ғасырдың ортасында, Кеңес Одағы тұсында салынған мектеп шынында да едені шіріп, төбесінің шатыры ескіріп, күрделі жөндеу керек етіп тұрған ескі ғимарат екен. Құрылысты «Капстройгрупп» компаниясы жүргізіп жатқан көрінеді. 216 млн. 245 мың теңге бөлінген мектеп құрылысын қолға алған мекеме жұмысты 20 мамырдан бастап, жұмыстың 45 пайызын бітіргені туралы мәлімдеді. Осы күнге дейін 101 млн. теңгенің жұмысы бітсе, осындағы 57 құрылысшы есік-терезелері алынып, едендері құлауға айналған ғимараттың іші- сыртына бетон құю жұмысын бастапты. Қай жерге барсаң да қызу еңбек. Тау-тау болып үйілген құрылыс материалдары аула ішінде үйіліп жатыр. Оны осындағы әр бригаданың жұмысшылары ғимарат ішіне тасып, еңбек қарқынын қыздыруда. Бір өкініштісі, құрылыс компаниясының басшылары да, оған қаражат берген аудандағы тиісті мекеме басшылары да мектеп ішіне салынатын әжетхананы ұмыт қалдырған сыңайлы.

Оны орталық канализация құбырына қосу мәселесі де ұзақ әңгіме болды. Не десең де, бұл мектеп құрылыс жұмысында біраз шикіліктер бар екені айқын көрініп тұрды.
Облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуалиев орталық ауруханаға барғанда, оны аурухананың бас дәрігері Нұрлан Құлсейтов, оның орынбасарлары Қайрат Исабаев, Нұргүл Матжанова бастаған дәрігерлер күтіп жүр екен. Ақан Жылқышыбайұлы осындағы «Тіркеу бөлімі», «Қарқынды терапия палатасы», «Жарақат емдеу орны», «Жан сақтау бөлімшесі», «Ота жасау» бөліміне кіріп, осындағы әр маманмен жұмысының бүге-шүгесіне дейін қадап тұрып сұрады. Екінші қабаттағы Іле, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарының аса ауыр бүйрек ауруымен түскен науқастарға көңіл бөліп, жағдайларын сұрағанда олар риза кейіппен жақсы ем алып жатқандарын айтып, қуана бас изесті. Бөлмелері тап-тұйнақтай балалар бөлімі мен «Перзентхана бөлімі» ішіне енгенімізде мұндағы операция бөліміндегі жаңа, заманауи құрал-жабдықтар көңіл сүйсінтті. Жас акушер-гинеколог Әйгерім Карменова аптасына 4-10 операция жасауға тура келетін кездер де болатынын, мұнда сәбиге де, анаға да жағдай жасалатынын айтты. Физиотерапия бөлімінің меңгерушісі Любовь Ивановна Вансович массаж жасау бөлмелері, лазер сәулесімен ем жасау, ультра-күлгін сәулелерімен емдеу және қолқа, жұтқыншақ ауруларын электр тоғымен емдеу бөлмелерін аралатып көрсетті. «Жедел жәрдем» бөлімінің кезекші дәрігері Айгүл Түңлікбаева облыс әкімінің орынбасарына бұл бөлімде 5 бригада күні- түні жұмыс істейтінін, дегенмен де осы бөлімде тәжірибелі дәрігерлер жетіспейтінін қынжыла жеткізді. Қаладағы №9 орта мектебіне барғанымызда мектеп ауласында жүрген мұғалімдер оқу орнының жаңа оқу жылына дайын екенін, дегенмен де 215 балаға арналған мектепте бұл күндері 350-ден астам баланың оқитынын айтып, мұңдарын шақты.
Қала орталығындағы ақыл-есі кем, мүгедек балаларға арналған «Аяла» балалар үйіне келгенімізде, осы мекеменің директоры Ләззат Қоқымбекқызы Әбдірахманова облыс әкімінің орынбасары А.Әбдуалиевке екі қабатты ғимарат ішін аралатып, көрсетті. Мұнда 3-17 жас аралығында 84 бала емдеуде екен. Әр алты балаға бір тәрбиешіден бекітілсе, олар әр баланы күніне бес рет тамақтандырып, жуындырып, ұйықтатып, күні-түні қастарында болады екен. Тәрбиешілердің жұмысы өте ауыр екені көрініп тұр. Қаладағы Д.Қонаев көшесінде орын тепкен Талғар ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығына келіп кіргенімізде осындағы қызметкерлердің төрт көзі түгел, тегіс жұмыс үстінде екен. Өйткені, жағдайы төмен, көп балалы аналарға берілетін атаулы әлеуметтік көмек жөнінде ел ішінде алып- қашпа әңгіме көп екені белгілі. Халықты жұмыспен қамту орталығының жетекші маманы Эльвира Құрманова жыл басынан бері 5055 көп балалы ана келіп тіркелгенін, осы шілде айында 200-ден астам аналардың құжаттары тіркеліп, өндіріске жіберілгенін мәлімдеді. Жыл басынан бері 947 адамның түрлі мамандықтар бойынша білім алып, олардың мекеме мен кәсіпорындарға, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тігін фабрикасы, сән салондары мен ағаш өңдеп, жиһаз жасайтын жерлерге жіберілгенін айтты. Халық даналығында: «Тұнық көлдегі ұсақ балықтардың мүлгіп кетпеуі үшін арасына шортандар да керек» деген қанатты сөзі бар емес пе?! Сол айтпақшы, облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуалиевтің білім, денсаулық, халыққа қызмет көрсету сияқты орындарын аралап, жауапты кісілерден істі талап етуі, оларды алдағы жұмыстарға қамшылағандай болды.
Тұрсынбек Жалғасбаев,
«Талғар».