ДІН ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТІҢ, ҰСТАЙ АЛМАСАҢ ҚАСІРЕТІҢ

ДІН  ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТІҢ, ҰСТАЙ АЛМАСАҢ ҚАСІРЕТІҢ

Бүгінгі күні Қазақстандағы конфессионалдық қауіпсіздікті қамтамассыз ету, сондай-ақ, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес ең күрделі мəселеге айналып отыр. Расында, бүкіл əлем қазіргі кезде бейбітшілікке ұмтылуда. Бірінші кезекте соның дəлелі ретінде біздің елімізді айтуға болады. Кез келген қоғамда, соның ішінде қазақстандық қоғамда діннің маңызы ерекше екенін жəне жастар өмірінде оның белгілі орны бар екенін ескеруіміз керек. Қазақстанда түрлі діни ұйымдар жұмыс істейді. Бүгінгі күні мейірімділік пен татулық, моральдық нормаларына жауап беретін дұрыс бағыттағы діни ұйымдарды танып, айыра білуіміз керек.

Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшы ларының бірінші съезінің жабылуында, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті өзінің сөзінде: «Дін атын жамылған бірлестіктер саны мен əсерінің арту проблемасына да назарларыңызды аударғым келеді. Ол барлық елдерде бар жəне негізінен əлемдегі барлық қиындықтарда арамтамақ болып отыр. Олардың көпшілігі танымал себептермен анау айтқандай қиянатсыз емес идеясын насихаттайды, қайырымдылық шараларын жасағансиды, соның сал дарынан тек қана азаматтық қоғамдағы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің сеніміне де селкеу түсіруі мүмкін. Біз мұндай ұйымдарға қарсы тұрып, азаматтарымызды кез келген жағымсыз ықпалдан қорғай отырып, олардың қызметіне тосқауыл қоюымыз қажет», – деген болатын.

Жастардың дінге деген көзқарасы ең алдымен оның дінге алғаш рет қай тұрғыда бетпе-бет келгеніне (жеке өзі, отбасылық дауда жəне т.б.), оған оның эмоциялық жағынан қалай əсер еткеніне, сол бүкіл ақпаратты санасында қалай қабылдағанына байланысты. Шындығында, əсіресе, жасөспірімдерде өмірінің дəл сол кезеңдерінде дүниеге көзқарастары қалыптасады, санасының жетілу процесі жүріп жатады. Осы өтпелі кезеңді дəстүрлі емес дін өкілдері дөп басып пайдаланғысы келеді. Сол кезеңде жастардың басын жылдам айналдырып, теріс пиғылды ойларын санасына сіңіріп, қажетсіз бағытқа бұрып, теріс жолға сала алады.

Қазақстанның соңғы онжылдықтағы жəне азаматтық қоғам негіздерінің қалыптасу процесіндегі саяси өміріне келсек, елдегі саяси ахуал динамикасы демократиялы қоғамның бүкілəлемдік заңдылықтарына сəйкес дамыды, дегенмен тоталитаризмнен жаңа жүйеге ауысқан кездегі туындаған шарасыз айрықша ерекшеліктер де орын алды. Еліміздің Тəуелсіздік алған жылдар аясында талай іргелі істер атқарылып, біз алдыға нық қадам басып келеміз. Жастар да өзінің түп-тамырындағы дəстүрлі дініне бет бұрып, бүгінгі күнге дейін рухани негізін іздеу үстінде.

Бүгін де технология мен ғаламтор желісі дамыған кезеңде азаматтардың түрлі бағыттағы ақпараттарды, оның ішінде діни сипаттағы ақпараттарды алуға да мүмкіндіктері зор. Дін мəселесіне байланысты мəліметтер негізінен адамды иландыруға қатысты болғандықтан, ондай мəліметтермен танысқанда неғұрлым сақ болу керек. Тіпті ақпараттың барлығы да сенімді жəне дұрыс дей алмаймыз. Осы мақсатта біз тыйым салынған кітаптардың жасырын таратылуына жол бермеуіміз керек. Себебі, қандай да экстремистік қозғалыстар мемлекетіміздің іргесін сөгіп, əсіресе балаларымыздың психикасына кері əсерін, зор зиянын тигізеді;

Дін халықты тек құндылықтар жағынан ғана емес, салтымен, рухани үйлесімімен де біріктіріп, өркениет терді байланыстырады. Діни ал ғы шарты жоқ адам, əлбетте, басты не гі зін – адамгершілігін жоғалтады. Философиялық, ғылыми немесе тарихи санаға қарағанда діни идея жалпыға бірдей түсінікті.

Əртүрлі радикалды діни ағымдардағы жастардың психологиялық тəуелділігі феноменінің кең таралуы бүгінгі əлемде қауіпті үрдіске айналып барады. Мұндай деструктивті діни ұйымдар адамдардың ең құнды байлығын – ғұмырындағы уақыты мен денсаулық қуатын тартып алады, дамуына кедергі келтіреді, асыл армандарын жүзеге асыру жолына кесекөлденең тұрады. Көптеген зерттеушілер мұндай тəуелділіктің алғашқы себебін қолданыстағы білім беру мен тəрбиенің мəдени дəстүрінен іздеу керек деген пікірге тоқтайды.

Сондықтан мектептегі, жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесі жастардың дінтану негіздерінен толыққанды хабардар болуымен сабақтасуы керек.

Бүгінгі əлемде ақпараттар легі жəне олардың сандық та, сапалық та өзгерістері өте жылдам қарқынмен артып келеді. Меңгеруі мен қорытуына бірнеше буын ғұмырын арнаған сол ақпараттар бүгінгі күні бірнеше жылда-ақ ескіріп қалуы мүмкін. Басқаша айтқанда, жастар жаңа ақпараттарды өз бетінше жеткілікті деңгейде қорытып, оның қолдану алгоритмін жасай алмайды, соған сəйкес белгілі бір деструктивті діни бірлестіктер туралы ақпараттармен жұмыс істеу машығы жоқтықтан солар үшін ойлап, солар үшін шешетін үстемдердің ықпалында кету қаупі де жоқ емес.

Алға қойылған мақсат жастар мен жасөспірімдердің діни сауаттылығын дамы туға: арбау əрекеттеріне қарсы тұру мен залал сыздандырудың жеке мінезқұлықтық алгоритмін қалыптастыруға, адамгершілік жəне этикалық құндылықтары бар, отаншылдық пен толеранттылықты қалыптастыратын əлемдік жəне дəстүрлі діндердің, дəстүлі емес діндердің негіздерімен танысуға ықпал етеді. Мұндай бағдарлама барысындағы сабақ кезінде бағдарламаға қатысушылар радикалды діни ағымдардың «тобыры мен пайғамбары» рөлінде, сол сияқты деструктивті діни арбаушылықты залал сыздандырудың қара пайым жəне тиімді тəсілдеріне жаттыға алатын еді. Сондықтан жастардың радикалды діни ағымдарына тəуелділікті қалыптастыруға не ықпал ететінін білген маңызды. Ең жақсы қорғаныс – оны көре алу мен айыра білу қабілетінің болуы.

Рухани мəселе бүгінгі күні жаттықтыруды, шынықтыруды қажет етеді. Дəл қазір жаппай технологияланған жəне интернетке оңай қолжетімді кезеңде адам санасы шыңдалмаған субстанция ретінде көрінеді де, сол ысылмаған санасына жүгінген жастар теріс жолға түсіп кетуі əбден мүмкін. Ал діни сауаттылық, жан дүниенің рухани байлығы бізге дұрыс бағытты, биік құндылықты, рухани жолды нұсқайтын ішкі дауысымызды тыңдату үшін аса қажет екенін естен шығармайық!

Рыскелді Сатбаев,

аудан əкімі.