МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«Ас – адамның арқауы» деген сөз бар. Сол айтқандай, адам баласы үшін бірінші байлық саналатын денсау-лықты күту дұрыс тамақтанудан басталады. Əсіресе, балалардың дұрыс тамақтануына айрықша мəн беру
маңызды. Өйткені бала организмі үнемі өсіп, қарқынды даму үстінде болатындықтан олардың ағзасындағы зат алмасу процесі клеткаға қажетті заттар мен жоғалтқан энергия шығынының орнын толтырумен қатар,
тканьдердің үздіксіз өсіп, дамуын қамтамасыз етуі керек.

Мектеп асханаларындағы оқушыларға берілетін тегін тамақтың ас-мəзірін құрастырған кезде жеміс-жидек, көкөніс, сүт тағамдары, ыстық сорпа, тауық, сиыр етінен əзірленетін қою ас, аптасына бір рет берілетін балық еті, сондай-ақ түрлі жармадан əзірленген тағамдар болуы əрі сатып алынған ет пен көкөністер сертификаты бар, тексерістен өткен болуы шарт. Расында да, аталмыш тағам түрлері ақуыз, майлар, түрлі витаминдер мен
минералды заттарға бай болатындықтан, баланың дұрыс өсіп-жетілуіне де оң ықпалын тигізері анық. Өкініш-ке орай, кейбір білім ордаларында ас мəзірі көңіл қуантарлықтай деңгейде емес. Жеміс-жидек пен көкөніс-терге, балық етіне тиісті деңгейде мəн берілмейтінін несіне жасырамыз. Тіпті сатуға тыйым салынған фаст-фуд өнімдері мен газды, энергетикалық сусындар, майлы шоколадтар немесе қызылды-жасылды арзанқол «дəрумен дерге» қанықтырылған тағамдар да мектеп асханаларында кездесіп қалуы əбден мүмкін.

Олай болса, бүгінде мектеп асханаларындағы тегін тамақ ұйымдастыру қалай жүзеге асырылуда, ас-мəзірі,
ұсынылып отырған тағамдардың сапасы талапқа сай ма? Осы сауалдарға жауап іздеген «Нұр Отан» партия-сының аудандық филиалы жанынан құрылған ведомствоаралық сараптамалық топ «Мектеп асханаларын жаңғырту» партиялық жобасы аясында бірқатар мектеп асханаларына мониторинг жүргізіп шықты. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ермағанбетова бастаған топ құра-мына партия филиалының маманы, облыстық, аудандық мəслихат депутаттары, аудандық «Талғар» газетінің
тілшілері енген болатын. Мұндағы негізгі мақсат – оқушылардың тамақтану тəртібі, су ішу тəртібінің сақта-луы, қол жууға арналған жағдайдың қамтамасыз етілуі, бекітілген мəзірдің болуы, сондай-ақ, мектеп асхана-сы рационының бірыңғай стандарттарға сəйкестігіне мониторинг жасап, олқылықтар мен кемшіліктер орын
алған жағдайда ескерту, нұсқама беру жəне оны дереу түзетуге ықпал ету.

Аудан аумағында 43 мектеп бар. Білім шаңырақтарының басым бөлігінде, нақтырақ айтсақ 31-інде асхана жұмыс жасайды, ал 11-і буфеттік тамақтану əдісін пайдаланады. Тегін ыстық тамақпен  қамтылған 1667 баланың 1368-і бастауыш сынып бүлдіршіндері болса, 299 оқушы 5-9-сыныптарға тиесілі. «Жалпыға бірдей
міндетті оқу қорынан берілетін» бір мезгіл тегін ыстық тамақпен əлеуметтік тұрмысы төмен отбасы балалары
қамтылған. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен əр оқушыға бір жолғы мектептік тамақтандырудың құны 286 теңге болып бекітілген.

Осыдан екі апта бұрын топ мүшелері Қызыл Қайрат ауылындағы №19 ОМнің асханасына арнайы ат басын тіреген еді. Мұнда тізім бойынша 54 бала тегін тамақтанады, оған қоса асхананы жалға алған жеке кəсіпкер Е.Жылқыбеков тағы да 10 баланы өз есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Бұл күнгі жүргізілген мониторинг барысында бірқатар кемшіліктер анықталып, соған қатысты аспазшы Рахима Пахрединоваға,
сонымен қатар мектеп асханасын жалға алып отырған кəсіпкерге сын-ескертпелер жасалынды. Мұнда перс-пективалы асммəзірі ілінгенімен, екі апталық ас мəзірі жазылған үлгі жоқ болып шықты. Десек те, жасалған ыстық тағамдар мен сусын перспективалық мəзірде көрсетілген тізімге сəйкес əзірленген. Айта кету керек, бекітілген ас мəзірінің негізінде, тамақтардың тізімі жəне осы тағамдардың барлығының массасы мен жеке түрлері көрсетілген сұрыптама ас мəзірі жасалып, ілінуі қажет.

Осыдан кейін топ мүшелері Талдыбұлақ ауылындағы Қ.Əбдіғұлов атындағы №34 мектеп-гимназиясына барып, ондағы балалар тамақтанатын буфетке бас сұқты. Алақандай тамақтану нүктесін жеке кəсіпкер Жұмаділов Мұрат жалға алған. Буфетте 4 адам жұмыс жасайды. Əрқайсының өзіне жүктелген міндеті бар. Мұнда 17 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Арнайы тақтайшада перспективалы ас мəзірі, балалардың тізімі ілінгенімен, апталық ас мəзірін көре алмадық. Балаларға ішуге арналған таза (қайнатылған) судың болмағаны, буфеттің санитарлық-тазалығының кемшіл тұсы комиссия тарапынан сынға алынды.

Ведомствоаралық сараптамалық топ мүшелері жолдың қарама-қарсы бетінде, іргелес орналасқан №35 мек-теп гимназиясын да айналып өтпеді. Асхана ішінің мұнтаздай тазалығы, арнайы диспенсердегі таза су, оның жанындағы бір реткі пластмас стакандар, бірыңғай əппақ шыны ыдыстар көрер көзге тартымды. Аспазшы ет, сүт өнімдері мен көкөніс сақталатын тоңазытқыштармен мен шикі жəне дайын тағамдарға арналған бракеражды журналды да көрсетті, бəрі талапқа сай толтырылған. Тамақ əзірлейтін асхана бөлігі де таптаза. Балалар тамақтанатын уақытқа дөп келгендіктен əзірленген тағамдарға да мұқият зер салдық. Бекітілген мəзірге сай дайындалған ыстық тамақ, көкөніс салаты да тəбетті ашып-ақ тұр. Бүлдіршіндер тамақты тамсана жегенін көріп, көңілімізге көктем ұялады. Перспективалы, апталық, күнделікті ас мəзірі жазылған парақша-лар, тегін ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімі, «оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру туралы» мектеп директорының бұйрығы, тұтынушылар тарапынан ұсыныс, сын-ескертпе жазуға арналған журнал бəрі де арнайы тақтайшаға ілініп қойылған.

Кеңдала ауылындағы №42 ОМ асханасын жеке кəсіпкер Ольга Трегубенко жалға алған. Мектепте 996 оқушы білім алады. Оның 41 оқушысына тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған, оған қоса кəсіпкер өз қалауымен тағы да 10 балаға қайырымдылық көрсетіп отыр. Біз келгенде балалар тамақтанып жатқан еді. Еті мол палауды сүйсіне жеген бүлдіршіндерден «бүгінгі тағам ұнады ма?» деген сұрағанымызда «иə, дəмді» деп жауап берді. Асхана іші жарқырап тұр, адамның асқа деген көңіл-күйін ашатын, тамақтану мəдениетін қалыптастыратын көрнекі құралдар ілінген. Перспективалық, апталық ас мəзірі жазылған парақшалар, тегін тамақтанатын оқу-шылардың тізімі бірден көзге түсетін жерге ілінген екен. Асхананың ас əзірлейтін арнайы бөлігі де санитар-лық талаптарға сай болып шықты. Ыстық пеште пісірілген əр түрлі дəмді тоқаштар, ет, картоп араластырып əзірленген самса, тағысы талай тағамдардың бағасы да айшықталып жазылған. Бракеражды журналды, сонымен қатар сүт, ет, көкөніс өнімдерін сақтау талаптарын тексерген топ мүшелері бұдан кемшілік байқама-ды. Аталмыш білім ұясындағы асхана жұмысы дұрыс жолға қойылған деп ой түйдік.

Еңбекші ауылындағы №39 орта мектебінің асханасы да назардан тыс қалған жоқ. Қолжетімді жерге балалар
ішетін таза су, арнайы бір реткі стакандар қойылған. Перспективалы ас мəзірі бекітіліп ілінгенімен, апталық ас мəзірі жоқ болып шықты. Сатуға тыйым салынған тəтті шоколадтар үстел сөресінде «мен мұндалап» тұр. Асхананы жалға алып отырған жеке кəсіпкер Б. Курмысиноваға анықталған кемшіліктерді жою туралы
ескерту берілді.

PS. Партия тарапынан мектеп асханалары жұмысына қатысты жүргізіліп отырған мониторинг барысында көңіл көншітерлік деңгеймен қатар кемшіл тұстары да анықталуда. Сыннан қорытынды шығаруға бағыттал-ған аталмыш іс-шара мектеп асханалары мен буфеттерінде оқушыларға ұсынылатын тағамдар мен ыстық
тамақтың сапасына жіті мəн беру керектігін көздейді. Бұл орайда, балалардың тамақтануын тиімді ұйымдас-тыруға, ұсынылатын тағамдардың талапқа сай болуына сол орынды жалға алып отырған жеке кəсіпкер жауапты екенін естен шығармаған абзал. Мектеп басшылары да бұл мəселені көзден таса қылмауы керек! «Сын түзелмей, мін түзелмек» демекші, орын алған олқылықтарды түзетіп, жұмысты жандандыру алдағы
уақытта да басты назарда болмақ.

Райхан АЗИМОВА,
«Талғар».