Жуырда ауданымызға Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының мемлекеттік инспекторы Ахметов Жайсан Қуатұлы арнайы іссапармен келіп, аудан əкімінің қорытынды есеп беру жиынына қатысқан болатын. Дəл сол күні түс ауа Жайсан Қуатұлы аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратының акт залында аудан
тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдау өтетіндегі жайлы газетіміздің алдыңғы санда-рында хабарлама жарияланған болатын. Қоғамдық қабылдауға аудан əкімі Рыскелді Сатпаев пен бірқатар
бөлім басшылары қатысып отырды.
Бірінші болып мемлекеттік инспектордың алдында Талғар қаласының тұрғыны Ибрагим Разақов сөз алды. Ол ақсақал ауыз су мəселесін көтерді. Талғар қаласының жер асты көздерінен сужинағыш тораптан №1 алаң-ға дейінгі магистралды сутартқышты реконструкциялау мен №4 сужинағыш алаңға дейін су құбырын жүргі-зуге бюджеттен 1 млрд. 18 млн. теңге қаражат қарастыруға ықпалдасуын сұрады. Келесі кезекте қала тұрғыны Самат Шакаров аудан халқының күн санап өсіп келе жатқанын алға тартып, Талғар-Алматы күре жолында ертелі-кеш көлік кептелісі орын алып, жүргізушілердің наразылығын тудыратынын айтып, осы жолды кеңейтіп, төрт жолақты жол салынса деген ұсынысын білдірді. Талғар қаласының жергілікті қауымдастық жиынының төрағасы Жанат Байкенов қала мектептерінің тарлығын айта келіп, қаламызда 1200 орындық
жаңа мектеп құрылысына қаражат бөлуге ықпалдастық жасаса деген тілегін білдірді. Тағы бір қала тұрғыны Ольга Копылова Талғар қаласынан бейітке жер бөлінсе деген тілегін білдірсе, Байбұлақ ауылының тұрғыны
Анатолий Кайков Алмалық, Байбұлақ, Амангелді ауылдарына ауыз су тарту мен Бірлік-Ақбұлақ жолы бойына арық жүргізілсе деген өтінішін жеткізді. Соңғы болып сөз алған Алмалық ауылының тұрғыны Клара
Дарауызова ауылдағы мектептің тозығы жеткенін жəне мектепте акт залы мен спорт алаңының жоқтығын айтып, жаңа мектеп салуға ықпалдасуын сұрады. Барлық сұрақтарды мұқият тыңдаған Жайсан Қуатұлы
көтерілген мəселелерге қатысты бөлім басшыларын орнынан тұрғызып, мəселенің мəн-жайымен терең танысты. Содан кейін аудан əкімімен бірлесе мəселені оңтайлы шешуге мүмкіндігінше көмек беретінін айтты.
Перизат НҰРҚАЕВА,
«Талғар».