ТАЛҒАР АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КОЛЛЕДЖІНЕ 100 ЖЫЛ

ТАЛҒАР АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КОЛЛЕДЖІНЕ 100 ЖЫЛ

ӨНЕГЕЛІ БІЛІМ ОРДАСЫ

Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның жарқын бейнесі. Жалындаған бұла күшін алаулатып, арындаған азамат-тық намысын жалаулатып егемен еліміз бен қасиетті жеріміздің арын сақтайтын, үмітін ақтайтын – білімді де білікті жастары екені сөзсіз. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, сана-ға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның басты міндетіне айналуы тиіс.

Елбасымыз Н.Назарбаев: «Біздің жастарымыз оқуға, ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, техноло-гияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолай-лы жағдаймен қамтамасыз етуіміз керек», – деген болатын. Бүгінде жастардың еркі мен құқығының
қамтамасыз етілуіне, еңбек жəне жұмыспен қамту аясындағы кепілдіктерінің сақталуына, жан-жақты білім алып, білікті маман болуын басты назарға алынып, бос уақытының тиімді өткізілуі мен отаншылдық рухта
тəрбиеленуіне бағытталған түрлі шаралар мен бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Қазақстанның əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін нақты мақсаттар жүктеп, алдымен жастарға тегін кəсіптік-техникалық
білім беру қажеттігін басты міндет ретінде белгілеп берді. Ел болашағын жасайтын келешек ел тұлғасы болатын азаматтар бүгінгі мектеп, колледждің қабырғасындағы ұрпақ.

Еліміздің ең байырғы оқу орындары ретінде Қазақстанның Гиннес кітабына енген М.Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес жəне менеджмент колледжіне биыл 100 жыл толды. Еліміздің ауылшаруашылығының
ең маңызды салаларына 32560 маман оқытып, даярлаған іргелі оқу орны аудан, облыс қана емес бүкіл рес-публикамызға танымал. Аталмыш колледж түлектері бүгінде ірі мемлекеттік қызметтерде, ғылым саласын-да, ел басқару ісіне белсене араласып, алдыңғы қатарлы ауылшаруашылығы өндіріс орындарында аянбай еңбек етіп жүр. Колледж ұжымы бүгінде Елбасының дəстүрлі Жолдауларында көрсетілген тапсырмалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жолында талай жетістіктерге жетіп, биік белестерден көрінуде. 2009 жылы агроөнекəсіп кешеніне мамандарды дайындап, жас ұрпақты тəрбиелеу ісіне қосқан қомақты
үлесі үшін Ресей Федерациясының қоғамдық комитеті колледж ұжымын «М.Ломоносов» орденімен марапат-таса, ынтымақтастықты бағалай отырып, сүт өнімдерін тұрақты дамыту бойынша жобаға қосқан үлесі үшін «Winrock International» компаниясынан «Алғыс хат» арқалады. 2010 жылы «Нұр Отан» партиясы ұйымдас-тырған ҚР техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесінің 70 жылдық мерейтойына орай өткен «Біз Қазақ-станды бірге құрамыз» атты республикалық байқауда «Аграрлы өнеркəсіп кешенін дамыту» номинациясын жеңіп алды. 2017 жылы оқу орны «Білім беру көшбасшысы» атты 2 дəрежелі ұлттық сыйлық иегері атанса, дəл осы жылы «Халықаралық экология, инженерия жəне педагогика ғылым академиясы» Қоғамдық қоры ұйымдастырған «Білім беру саласындағы көшбасшы» атты ұлттық сыйлығына ие болып, мəртебесі асқақ-тады. Өткен жылы колледж үшін жемісті жыл болды деуге болады. Себебі алдыңғы марапаттарға қоса облыстық «Үздік кəсіптік білім беру ұйымы» байқауында облысымыздағы 75 колледждің арасынан үздік шыққан оқу орны жүлделі III орынды жеңіп алып, облыс əкімінің марапатына ие болса, «Winrock International» компаниясының «Фермер-Фермеру» бағдарламасын дамытуға қосқан үлесі үшін «Алғыс хат-пен» марапатталды. Ескі жыл қорытындысы бойынша осындай марапаттарға ие болған колледж ұжымы бүгінгі таңда жаңару бағытындағы ізденістерімен қоса толағай табыстарға жетелейтін бастамашылдығымен ерекшеленуде. Жаңа заман жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып əрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн
талап етiп отыр. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», – деген Елбасы бiр сөзiнде. Сондықтан, жастарға бiлiм беретiн ұстаздар да ұлы мұрат жолында аянбай еңбек етіп, жаңа заман талап етіп отырған жаңашылдыққа бет бұрды. Бүгінгінің басты талабы — əлемдік бəсекеге төтеп беретін өз ісінің білікті мамандарын дайындап шығару. Бұл істе Талғар агробизнес жəне менеджмент колледжі алдың-ғы қатарда келе жатыр. Бұл оқу орнының білім саласына қосып келе жатқан ғасырлық еңбегін Франция мем-лекеті жоғары бағалап коллледж директоры Жақсылық Сатылғанов Францияның «SEIN» Ұлттық өнеркəсіпті қамтамасыз ету компаниясының марапатына ие болып, ел мерейін асқақтатып келген болатын. Ол аталмыш компанияның тəуелсіз мемлекеттер арасында ұйымдастырған байқауында «Білім берудегі дəстүрлерді сақтап, инновация енгізудегі еңбегі үшін» номинациясын жеңіп алып, «Шапталь» медалін кеудесіне қадаса, өзі басшылық етіп отырған колледж «SEIN» алтын медальді белгісіне ие болған еді. Үстіміздегі жылы колледж ұжымы жеткен жетістіктерін еселеп, Алматы облысының əкімі А.Баталовтың ауылшаруашылық
мамандарын даярлаудағы еңбегі мен жетістіктері үшін «Ауылшаруашылық саласының үздік оқу орны» деген «Құрмет грамотасымен» марапатталып, абыройы асқақтады.

Бүгінде жастар колледж қабырғасында 10 мамандық бойынша білім алуда. Атап айтқанда жерге орналасты-ру, тамақтандыру кəсіпорындарының өнім өндіру технологиясы жəне оны ұйымдастыруы, ауыл шаруашылы-ғын механи каландыру, электрмен қамтамасыз ету, агрономия, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу жəне пайдалану, есептеу техникасы жəне бағдарламамен қамтамасыз ету, есеп жəне аудит, құқықтану
жəне ветеринария мамандықтарын студенттер мемлекеттік жəне орыс тілінде оқып, игеріп келеді. 2012 жыл-дан бастап теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы — дуалды оқыту жүйесі «Ауылшаруашылы-ғын механикаландыру» мен «Тамақтандыру кəсіпорындарының өнім өндіру технологиясы жəне оны ұйым-дастыруы» мамандықтары бойынша енгізіліп, 130 студент осы жүйе бойынша мамандық игеруде.

Қазіргі нарық заманының білімді талап етуі көптеген қосымша жұмысшы даярлайтын коммерциялық курс-тардың пайда болуына ықпал етуде. Аталмыш білім ордасында 1995 жылдан бері қосымша мамандық алуға мүмкіндік беретін қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылған. Колледж қысқа мерзімді жұмысшы курстарын 14 мамандық бойынша, мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырады. Алматы облысы бойынша осы оқу орны алғаш рет өз қаражатына компьютерлік класс ашып, 1989 жылдан бастап жоғары сұраныстағы бағдар-ламашы мамандарын мемлекеттік тілде дайындап, өңірдегі ауыл мектептеріне информатика сабағынан
дəріс беріп, компьютерлік сауаттылықты арттыруға үлкен үлес қосқаны бар. Оқу орнында компьютерлермен жабдықталған 13 компьютер класы, оқу процесінде қолданылатын 271 компьютер, оның ішінде 189 комьпю-термен əлемдік «Интернет» желісінде жұмыс істеуге мүмкіндіктер бар. Колледждің 15 кабинеті интерактивті құралжабдықтармен жабдықталған. Колледжде кітапхана, спорт залы, акт залы, асхана жұмыс істейді. Үйір-ме жұмыстарына арналған қосалқы бөлмелері, 360 орынды Мəдениет үйі, 300 шаршы метрлі гүлзар, трена-жер залы, 20 зертхана, 6 шеберхана, медициналық кабинет пен тіс емдеу кабинетімен қамтамасыз етілген. Колледжде оқытылатын мамандықтарға ветеринария мамандығы кейін қосылғандықтан студенттердің бұл мамандықты жетік меңгерулеріне жағдай жасалып, арнайы жаңа заманға сай ветеринария кабинеті ашылып, керек-жарақпен қамтамасыз етілген.

Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты білімді, рухы биік, кəсіби маман дайындауда өндірістік даярлықтың мəні зор. Өндірістік оқытудың мақсаттарының бірі – болашақ мамандардың өндіріс еңбегіне белсене қатысып, тə-жірибе жинақтауы. Өткен оқу жылында 325 түлек қолдарына диплом алып, үлкен өмірге қанат қақты. Олардың 70 пайызы жұмысқа орналасқан. Колледж білім алушылары біліктілік тəжірибелерін
облысымыздың алдыңғы қатарлы шағын жəне орта бизнес шаруашылықтарында өтіп келеді. Атап айтқанда, «БайсеркеАгро ғылыми-өндірістік оқыту орталығы» ЖШС-і, «Айршир» ЖШС-і, «Амиран» ЖШС-і, «Южный» жеміс-көкөніс комбинаты, аудандық жер қатынастары бөлімі, аудандық қала құрылысы жəне архитектура бөлімі, «Алатау Жарық» компаниясы, аудандық пошта байланысы, жер кадастры жəне
жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бөлімі сынды бірнеше мекемемен келісім жасалып, студент жастардың біліктілігін арттыруға мол мүмкіндік беріліп отыр.

Дамушы экономиканың негізгі мəселелерімен өз бетінше тік тұра алатын бəсекеге қабілетті мамандар даяр-лап, ұлттық білім сапасы жүйесінің талаптарына сəйкес білім беру сапасын арттырып, құзыретті кəсіпқой, көп тілді, əлеуметтік белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында еңбек етіп жүрген колледжді Қазақ Ұлт-тық Аграрлық университетінің «Құрметті профессоры», Экономика ғылымдарының кандидаты,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Жақсылық Сатылғанов басқарып келеді. Колледжде жұмысты жандандырып, жаңа заманға сай маман даярлау үшін жоғары
мамандырылған кадрлармен толықтырылған. Биылғы оқу жылын 1147 болашақ маман даярлаумен бастаған іргелі оқу орнындағы жастар тəрбиесіне үлес қосып отыр ған 108 қызметкердің барлығы дерлік жоғары білімді.

Араларында білім саласының профессор, академик, ғылым магистр лері де бар. Сондықтан да болар, сапалы білім мен саналы тəрбие беріп келе жатқан білім шаңырағы облысымыздағы барлық колледждер арасында екінші орынды, еліміздегі 811 мемлекеттік колледждің арасында 50-ші орынды еншілеп келеді.

Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері жүйелі түрде педагогикалық деңгейлерін, кəсіби біліктіліктерін көтеру мақсатында біліктілікті арттыру курстарына, əртүрлі білім сайыстарына қатысып отырады. Атап айтар болсақ, «Үздік дене тəрбиесі оқытушысы» атанған Қ.Шыныбеков, арнайы пəн оқытушылары Г.Талдыбаева,
ағылшын пəнінің оқытушысы М.Оспанова, Ж.Бекбауов, Ж.Сарманшаева, жалпы пəндер кафедрасының оқы-тушылары Б. Дəлелхан, Б. Керимбаева, құқық, қоғамдық пəндер оқытушысы М. Тұмабаевтар түрлі деңгейдегі
байқауларда білімін сынға салып, жүлделі орындарды иеленіп, білім ордасының мерейін тасытып, абыройын асқақтатып жүрген білікті мамандар.

Оқу орнындағы тəрбие жұмыстарының тыңғылықты екендігін оқу жылының жетістіктерінен байқауға бола-ды. Өткен оқу жылында ҚР Кіші Ғылым академиясының облыстық конференциясында И.Хитметов пен Р.Бисенбай І дəрежелі дипломмен марапатталса, биылғы жылғы конференцияда А.Бакиев пен М.Қанатбек ІІ жəне ІІІ дəрежелі дипломмен марапатталды. «Бейбітшілік əлемі» бірлестігінің «Мəңгі ел-Қазақстаным» атты ғылыми-практикалық конференциясында Т.Қуаныш пен С.Қонақбаев құнды баяндамасы мен ғылыми жо-басы үшін бас жүлдені, Д.Тілеуберді көркемсөз жанрында І орынды жеңіп алған. Ал, Н. Бақберген «Маман-дықтар əлеміне жол ашамыз» атты облыстық байқауға қатысып ІІ орын алса, Е.Əбішхан екеуі М.Шаханов оқуларында бас жүлдені иеленген. Ауданымыздың қоғамдық өміріне белсене атсалысып жүрген колледж студенті Ұ. Дүнгенбаева аудандық «Көшбасшы-2018» байқауында «Үздік студент» номинациясын жеңіп
алды. Колледж қабырғасында мемлекеттік мерекелерге орай игілікті іс-шаралар, өнер байқаулары, спорттық жарыстар дəстүрлі түрде өтіп отырады.

ХХІ ғасыр – жаңалығы желмен жарысқан, ой-өрісі ғарышпен таласқан заңғар жастардың ғасыры. Жердің де, елдің де иесі жастардың жарқын болашағына жол сілтеген оқу орнының 100 жылдық мерекесі құтты болсын, дейміз біз де. Білімді шəкірттері, білікті маман атанып, еліміздің бір бұрышына кірпіш болып қаланып, ел дəулетін еселеп жатса, ұлағатты ұстаздар мен колледж ұжымының еңбегінің жанғаны.

Перизат НҰРҚАЕВА,
«Талғар».