МЕКТЕП АСХАНАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТҚА САЙ БОЛУЫ КЕРЕК

МЕКТЕП АСХАНАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТҚА САЙ БОЛУЫ КЕРЕК

Жуырда аудандық «Нұр Отан» партиясының желілік кестесіне сəйкес «Нұр Отан» партиясының «Мектеп
асханаларын жаңғырту» жобасының орындалуы барысын бақылау, саралау мақсатында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ермағанбетова, облыстық мəслихат депутаты О.Которова, аудандық мəслихат депутаттары С.Нұрдəулетов, С.Құрақпаев, Д.Əбдіхамитов жəне БАҚ өкілдері бастаған
комиссия мүшелері аудандағы бірқатар мектеп асханаларын аралап, мектептегі балаларды ыстық тамақпен қамтуды қадағалап, асханалардың жағдайымен танысқан болатын. Тексеру барысында мектеп асханаларын-дағы тазалық жағдайы, жаңа қондырғыларды ұтымды пайдалану, мемлекеттік стандарттар бойынша сапалы тамақтандыру, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың тамақтануын қаржыландыру, ас мəзірінің сапалы дайындалу мəселелері тексерілді.

Бүгінгі күні аудан мектептерінде 31 асхана, 11 буфет жұмыс жасайды. Онда білім алатын 37 582 оқушының 29 922-сі, яғни 79,6 пайызы ыстық тамақпен қамтылған. Оның ішінде əлеуметтік қорғалмаған жəне аз қамтылған
отбасынан шыққан 1 311 оқушыға тегін тамақ беріледі. Мектеп асханасын жалға алушылар 1 жылға келісім-шарт жасасып, құжаттары заңнамаға сай екендігі анықталды. Сонымен қатар, балалардың мектеп қабырға-сында дұрыс тамақтанып, салауатты болуын назарға алған комиссия мүшелері мəзір дайындап, пайдалы тағам əзірлемес бұрын тиісті органдар ұсынған жəне сертификаттаған азық-түлікті сатып алу керектігін ескерді. Оның үстіне, бала деген сан түрлі азық-түлікті пайдалануы қажет. Күнделікті рационда міндетті түр-де ет, сүт, нан, жарма, балғын көкөніс пен жеміс-жидектер болуы шарт. Балық, жұмыртқа, қаймақ, ірімшік, айран жəне басқа да тағамдарды күн сайын жеу міндетті емес, бірақ бір апта көлемінде бірді-екілі тұтынула-ры тиіс. Тексеру жүргізілген мектеп асханаларының кейбіреулерінің ас мəзірінде балық, сүт тағамдары мен жеміс-жидектер тіпті болмаса, кейбіреулерінде ыстық тамақ атауымен дайындалмайтындай көрінді. Бала-лардың тамақтануы тиіс уақыттарда ас əзірленіп үлгермейтінін де байқап қалдық. Кейбір асханаларда тағам түрлері тіпті аз. Қарны ашқан бала сатып алып жейтіндей талғам жоқ. Əрине, барлығында бірдей емес. Ас
мəзірі мен пісірілетін тоқаш пен самса, түрлі тəттілер самсып тұрған мектептер де бар. Сатылымға қойылған бағалары да кез келген баланың сатып алуына қол жетімді. Асхана іші жарық, жайлы, орындықтар мен ыдыс-аяқтары да жаңа. Азық-түлік сақтайтын тоңазытқыштары да толып тұр. Ас дайындайтын аспаздар да арнайы киіммен, санитарлық тазалық сақталған. Сондай мектептерді көріп көңіліміз толды. Мектеп асхана-ларының жұмысында ас мəзірінен бастап, оның құрамы, қызмет сапасы, тазалық сияқты мəселелерді бірың-ғай талаптарға сай жүргізе алмай отырған асхана қызметкерлеріне қарап қарнымыз ашты. Комиссия анық-талған кемшіліктерді жойып, жұмыс сапасын жақсарту үшін бірқатар ескертулер беріп, бақылау əрі қарай да партияның басты назарында болатынын айтты.

Перизат НҰРҚАЕВА,
«Талғар».