АУДАН ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Жуырда аудан әкімі Рыскелді Ахметқалиұлы Талғар ауданындағы еңбегі жанған ұлағатты ұстаздар мен
халықаралық және облыстық ғылыми, пән байқаулары мен интеллектуалды сайыстардың жеңімпаздары, спорттық жарыстардың жүлдегерлері атанған дарынды шәкірттерді қабылдады. Жиналғандар алдында сөз алған аудан басшысы Рыскелді Сатбаев дарын иелерімен жеке танысып, жеңістерімен құттықтады.

Елімізде білім саласын дамытуға ерекше қамқорлық жасалып жатқанына тоқтала келе, аудан абыройын асқақтатып, білім көкжиегінде жарқырай көрінген дарынды шəкірттер мен олардың шебер «бапкерлерін» ілтипатпен атап, алғысын білдіріп, жүрекжарды жылы лебізін жеткізді. Осыдан соң марапаттау рəсіміне кезек беріліп, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының топ басшысы, 9-сынып оқушысы Аружан Ағыбаеваға топқа ортақ «Алғыс хат» табыс етілді. Айта кету керек, жеңімпаз клубтың құрамына сайдың тасындай 12 оқушы топтастырылғандықтан, жүзден жүйрік шыққанды. Осыдан соң, ортаға Ресейдің Санкт-Петербург
қаласындағы ІІ халықаралық ғылыми жоба жарысының жеңімпаздары, Жалғамыс ауылындағы №15 орта мектебінің 11-сынып оқушысы І орын иегері Алипбаева Үміт, 8-сынып оқушысы ІІ орын иегері Бегдаирова Жансая шақырылып, əкім қолынан марапат пен естелік сыйлық алды. Жас мамандар слетінің облыстық жеңімпаздары, капитандар, көркемсөз, жүрегімнен шыққан əн, эрудиттер сайысы, спорттық жарыстардың майталмандары, жас ұстаздар да «Алғыс хатқа» ие болды. Атап айтар болсақ, Панфилов ауылы №33 орта мектебінің дене шынықтыру пəнінің мұғалімі Иманғазы Сəбит, Ақтас ауылы №36 орта мектебінің музыка пəнінің мұғалімі Ақжол Бегджанов, Тұздыбастау ауылы №13 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Балжан Момбекова, Тұздыбастау ауылы №31 орта мектебінің қазақ тілі жəне əдебиет пəнінің мұғалімі Анар Советова, Дəулет ауылы №11 орта мектебінің ағылшын тілі пəнінің мұғалімі Əсет Бөлеген, Талғар қаласы С.Сейфуллин атындағы №2 орта мектебінің дене шынықтыру пəнінің мұғалімдері Қамқа Өтебек, Ботагөз Медетбек, Елдос Нұрмұхамбет, Елдос Құраш, №6, №33 мектептерінің дене шынықтыру пəні мұғалімдері Саят Минияс мен Ислам Ертелеев марапатталды. Сонымен қатар, Талғар ауданының қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, облыстық байқауларда жастармен жұмыс жасап, еңбек етіп жүрген аудандық білім бөлім-інің оқу-əдістемелік орталығының əдіскері Сымбат Сұлтанбай, №2,№15 орта мектептерінің директорлары Райхан Укеева, Зергүл Айтбаева жəне аталмыш мектептердің бірқатар ұстаздары əкімнің Алғыс хатын алды.
Кездесу соңында сөз алған «Адал ұрпақ» клубының мүшесі Ж.Қуаныш, аудандық оқу-əдістемелік орталық əдіскері С.Сұлтанбай, мектеп оқушысы Ж. Бекдайровалар осындай жылы жүзді кездесу ұйымдастырып, зор қошемет көрсетіп отырған аудан басшысына ризашылықтарын білдірді. Жиналғандар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Райхан АЗИМОВА,
«Талғар».