ЕЛ ТІЛЕГІНЕ ҚҰЛАҚ ТҮРІП, АМАНАТ ЖҮГІН АРҚАЛАП ҚАЙТТЫ

ЕЛ ТІЛЕГІНЕ ҚҰЛАҚ ТҮРІП, АМАНАТ ЖҮГІН АРҚАЛАП ҚАЙТТЫ

Мəслихат депутаттары сайлаушыларының үкілі үміті мен зор сенімін арқалаған өкілетті орган мүшесі. Сол
себепті де,көбінде ел-жұрт өзінің арман-тілегін, қоғамды толғандырып отырған көкейтесті мəселелерін халық
қалаулыларына жолдайды. Өз кезегінде депутаттар атқарушы билік пен еларасын байланыстырып отыратын
дəнекер іспетті.

«Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші, атқарушы билік пен қарапайым халықтың арасында алтын көпір болып жүрген халық қалаулыларының алға қойған мақсаты айқын. Ол – жергілікті жерлердегі көпшілікті
толғандырып жүрген түйткілді мəселелердің түйінін тарқатуда бірлесе жұмыс жасау.
Белгіленген кестеге сай, осы аптада 19 қыркүйек күні аудандық мəслихат депутаттары Қайнар, Нұра ауылдық
округтерінде болып, ауыл жұртшылығымен кездесулер өткізді. Мұндағы мақсататқарылған жұмыстар туралы есеп бере отырып, алдағы уақытта жүзеге асырылуы тиісті келелі міндеттерді белгілеу. Сəрсенбінің сəтінде өткен алғашқы кездесу жиын Қайнар ауылдық округіне қарасты Еркін ауылындағы №26 орта мектебінің жиынжайында болып өтті. Жиынға аудан əкімінің орынбасары Қайдар Абдыханов, аудандық мəслихат депутаттары, басқарма, бөлім, мекеме басшылары мен мамандары, аудандық кəсіпкерлер пала-тасының өкілі қатысты. Жиналғандарды өткізіліп отырған кездесу жиынының күн тəртібі əрі регламентімен таныстырған мəслихат хатшысы Жұмахан Еңкебайұлы сайлаушылар алдында есепті баяндама жасады.
Өз сөзінде ол өкілетті орган – мəслихаттың сапалық құрамына, ондағы төрт тұрақты комиссия мен депу-таттардың атқарып отырған жұмыстары жайлы айтып өтті. Осы уақытқа дейін аудандық мəслихаттың 34 сессиясы өткен. Биылғы жылдың өзінде 139 шығыс, 170 кіріс құжаты тіркеліп, 13 депутаттық сауал жол-данған. Аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында аудан депутаттары 54 қоғамдық қабылдау жүргізіп, талап-тілектерін арқалап келген аудан тұрғындарына қолдау көрсетіп, көптеген мəселелердің оңтайлы ше- шілуіне ықпал еткен. Аудандық мəслихаттың сессияларында аудан əкімінен бастап əкімшіліктің барлық бөлім басшыларының есебі белгіленген кестеге сай тыңдалып келетіні айтылды. Биылғы жылға аудан бюджеті 17 млрд. 636млн. 192 мың теңге болып бекітілген, оның 71 пайызы аудандық білім бөліміне тиесілі екен. Бұл ретте, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тəрбие беруге бағытталған білім саласындағы ауқымды жұмыстар да депутаттар назарында. Баяндамада ауданымыздың тыныс-тіршілігі, əлеуметтік-экономикалық даму барысы
кеңінен қамтылды. Əсіресе, тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін ауызсу, жол,елді мекендерді табиғи газға қосу, жарық, жол мəселелеріне байланысты атқарылып жатқан жұмыстар жайы да баяндалды.
Осыдан кейін мінберге көтерілген ауыл əкімі Жандос Асинов өзі басшылық етіп отырған ауыл-аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстар жайында хабарлама берді.

Аумағына 11 елді мекен кіретін ауылдық округте 17728 адам тұрады. Округте 25 мекеме, 205 шаруа қожа-лығы, 28 дүкен, 17 дүңгершек, тағы басқа шағын кəсіпкерлік нысандары жұмыс жасайды. Өзін-өзі басқару бойынша 2018 жылға аталмыш округке 80 млн. 218 мың теңге бюджет түсімдері жоспарланған. Бүгінге дейін 44 млн. 330 мың 739 теңге қаражат түскен. Биылғы жылы Көктал ауылында жеке кəсіпкер Б.Қасымбекова-ның демеушілігімен 150 орындық балабақша ашылған, Жаңалық ауылындағы «Қуғын-сүргін құрбандарына
арналған ескерткіш жанынан тарихи музей құрылысы басталған-ды. Жалғамыс ауылында 600 орындық мектеп салу үшін ЖСҚ əзірлеуге 16 млн. 400 мың теңге бөлінген. Осы жылы қаңтар айында Дəулет ауылында 300 орындық мектеп құрылысы басталып, оны «Фирма Еламан» ЖШС-і жүргізіп жатыр. Республикалық жəне жергілікті бюджеттен бөлінетін жобаның жалпы сметалық құны 1872,7 млн. теңгені құрап отыр. Жалпы бұл округтегі үш мектепке ұзын саны 1000-ға жуық оқушы тасымалданады. Олай болса, адам көп шоғырлан-ған елді мекендерде мектеп салу мəселесі өткір тұр. Осылайша, ауыл əкімінің хабарламасында əлеуметтік сала, ауыз су, жол,электрофикация,газификация, мəселелері мен ауылшаруашылық, құқық қорғау саласы бойынша да атқарылған жəне алға қойған міндеттер қамтылып өтті.

Аудандық кəсіпкерлік палатасының өкілі Жасұлан Сейтқали шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытуға Үкімет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық жайында, мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып отырған нақты ісшаралар жайын тілге тиек етті. Бұл ретте, кəсіпкерлікті ауылдық жерлерде кеңінен дамы-туға бағытталған бір айлық «Bastau Бизнес» оқу курсы жобасына кеңінен тоқталып, өз кəсібін ашқысы келетін
немесе кəсібін əрі қарай дамытқысы келетін жандарды аудандық КП келіп, бағыт-бағдар алуға шақырды. Аталмыш жоба халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін бизнесбастамалар мен кəсіпкерлік негіздеріне жан-жақты үйрету арқылы көтеруді мақсат тұтады.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Мерей Оразбек «Еңбек» нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне
жаппай кəсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында аудан бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие кəсіптік біліктілікті, дағдылар-ды меңгерудің тиімді жүйесін жəне жаппай кəсіпкерлікті дамытуға бағытталғанын алға тартты. Аталмыш бағдарламаны іске асыруға ауданымызға 208,8 млн. теңге бөлінген. Жыл басынан аудан бойынша 2076 адам
(52 пайыз) жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, оның ішінде 952 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді кəсіптік оқытуға 400 адам жіберіліп, оған 102,8 млн. теңге қаржы бөлінген. Бағдарламаның екінші бағыты
бойынша 35 азаматтың бизнес жоспары мақұлданып, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жалпы сомасы 320млн.600 мың теңге қаржы берілді. Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 100,3 млн. теңге қаржы бөлініп, жүзеге асырылған. Атаулы əлеуметтік көмек, жастар тəжірибесі де кеңінен сөз болды.

Баяндама мен хабарламалар толық тыңдалып болған соң, кезек ауыл тұрғындарына берілді. Көктал мөлтек
ауданының тұрғыны Гүлмира Қаржылакова Əлмерек көшесінің жолы қашан жөндеуден өтетінін сұрады. «Суды да сіңер жерге құй» демекші, халық қалаулыларын асыға күткен жұрт талап-тілектерін жайып салды.
Тұрғындар Еркін ауылындағы Жастар, Киров көшелерінің де сын көтермейтінін, бала-шаға көп жүретін ор-талық көшеге бағдаршам орнату керектігін, ауылдағы медпунктің мүшкіл жағдайын, жарыққа төленетін қаражаттың қымбаттығын əрі жарық жиі өшетінін, қуатының төмендігін айтып налыды. Осындай түйткілді
мəселелер Ай-Абылай, Айғаным мөлтек аудандарында да орын алғанын байқадық. Қаңғыбас иттер көбейіп кетіп, мектепке баратын балаларымызға қауіп төндіріп отыр, деп шағынды жұрт. Ауыл тұрғыны Нұрлан Келгенбаев деген азамат бюджеттен қыруар қаржы бөлініп су құбыры жүргізіліп жатқанын, əйтсе де атқары-лып жатқан жұмыста кемшілік барын айтып, құзырлы органдарға бақылауды күшейтсе деген тілегін жет-кізді. Көтерілген мəселелер бойынша сала мамандары жауап беріп отырды. Əрине, қордаланған кейбір
мəселелерге қатысты жұмыстарды жүзеге асыру алдағы уақыттың еншісіне қалдырылды. Бұл күнгі кездесуде айтылған өтініш-тілектердің барлығы да назарға алынды.

Дəл осындай кездесу түс ауа Еламан ауылындағы №41 орта мектебінің жиынжайында жалғасты. Бұл жерде де күн тəртібіне сай сайлаушылар алдында аудандық мəслихат хатшысы есеп беріп, ауылдық округ əкімі, бірқатар сала мамандары хабарлама жасады.

Осыдан соң ауыл жұрты өздерін толғандырған мəселелерге қатысты ойларын ортаға салды. Жаңалық ауы-лының тұрғыны Дүйсенбек Жүнісов ақсақал ауылдағы автомобильдер жүйтки жүретін орталық жолдың бойына бағдаршам, жылдамдықты шектеу белгілерін орнату керектігін, сонымен қатар жайылым, қоғамдық
көліктің жүру маршрутының тұрғындар талабынан шықпай отырғаны туралы айтты. Жалғамыс ауылының тұрғыны Жанерке Сайтбек 50 орындық балабақша ашқан екен, бірақ қажетті құжаттарын өткізіп талпын-ғанымен, былтырдан бері «Балапан» бағдарламасының шарапатына қол жеткізе алмай отырғанын қынжыла
жеткізді. Айтылған мəселелер бойынша құзырлы мекеме мамандары бірден жауап беріп, істің мəн-жайына үңілуге тырысты. Бірқатар мəселелер алдағы уақыттың жоспарына енгізілетінін жеткізді.

Халық қалаулыларының ел-жұртпен жүздесуі əрі қарай Нұра ауылында жалғасты. Əдеттегідей елмен емен-жарқын аман-саулықтан соң, жиынның күн тəртібі таныстырылды. Алғашқы болып мəслихат хатшысының баяндамасы тыңдалып, одан кейін жиналғандар ауыл əкімі Сейітқұл Домбаев, аудандық КП үйлестіру бө-лімінің маманы Жасұлан Сейтқали, ауданның бас сəулетшісі Марат Рысбековтың хабарламаларына құлақ түрді.

Осыдан соң ауыл тұрғындары да алма кезек сөз алып, өтініш-тілектерін, бірқатар түйіні түйдектелген мəсе-лелерді депутаттар алдына жайып салды. Ауыл тұрғындары М.Жарылқасымов, Əзімжан Нұрабілов, Нұр-ғожаев, С.Оспанова, Е.Шəкібаев ауылға газ жүргізу, жарыққа төленетін төлемақының қымбаттығы, соған қарамастан электр қуатының төмен болуы, жиі өшуі, ауызсу, Жетіген мен Нұра ауылдарын байланыстыратын
жолға күрделі жөндеу жүргізу, мектептің қоршауын жасау сияқты мəселелерді алға тартты. Əсіресе, ауылдық аурухананың ел игілігі үшін толыққанды жұмыс жасауына бірқатар проблемалар қолбайлау болып отыр-ғанын ашына айтты халық. Бұл ретте жедел жəрдемнің қызметінің талапқа сай болмауын, жатып емделетін бөлімнің жоқтығын, дəрігер мамандардың аздығын атап өтуге болады.

Жиынды мəслихат хатшысы Ж.Еңкебай қорытындылап, айтылған тілектер ескерусіз қалмайтынына сендірді. Ел-жұртты берекебірлікке, тындырымды тірлікке шақырды.

Райхан АЗИМОВА,
«Талғар».