Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлт жоспары-5 институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100нақты қадамының» 98-қадамында: «Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады» деп көрсеткен еді. Тарихи маңызы зор құнды құжатта егеменді еліміздің өркениет өресіне сай дамуына жол ашатын ауқымды міндеттер қамтылған. Осыған орай, жергілікті өзін өзі басқару заң жобасы бойынша 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан астам әкімшілік аумақтарда мемлекеттік бюджеттің 4 –ші деңгейі енгізіліп, өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін қалыптастыруға көшкен болатын. Бұған аудандық маңыздағы қала, ауыл, кент, ауылдық округтер жатады. Жаңа бюджет өзімен бірге жаңа міндеттерді жүктейтіні белгілі. Міне, аталған жаңалық өмірге енгелі тоғыз ай болыпты. Осы мәселеге орай өткен аптада, аудан әкімдігінің кіші жиын жайында Алматы аймағына қарасты Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле, Жамбыл аудандарының қаржыгерлері мен есепші мамандары бас қосып, «Аудандардың дербес бюджеті» тақырыбы аясында ой-пікірлерін ортаға салды.
Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы Т.Е.Айдарбековтың қатысуымен өткен келелі жиынды Талғар аудандық қазынашылық басқармасыың басшысы Гүлшакира Ажибаева ашып, әрі қарай да жүргізіп отырды. Мәні кең іс-шара бекітілген жоспарға сай «Ел жүрегі-Астана» атты тақырып аясында өткізілп отырғаны айтылды. Жиналғандар алдында баяндама жасау үшін алғашқы сөз кезегі Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің бюджеттерді атқару бөлімінің басшысы Эльмира Ахатаеваға берілді. Баяндамада қамтылған мәселелерге қатысты ілеспе түрде слайдтар көрсетіліп отырды. Өзін-өзі өтеу операцияларының кестесі ұсынылып, түсініктемелер берілді. Облыс аумағындағы бірқатар ауылдық округтерде бюджеттік жоспарлауда, нақтылауда және субвенция мәселесі бойынша да кемшіліктер орын алып отырғаны алға тартып, алдағы уақытта бюджетті жоспарлауға жіті мән беру керектігін ескертті. «Цифрлы Қазақстан» бағдардамасында көрсетілгендей, ақпараттық технологиялар қарыштап дамып келе жатқан мына заманда IT саласына басымдылық беріліп келеді. Олай болса, қаржы саласының мамандарына қойылатын талап та жоғарлай түсуде. Жиын барысында қаржыгер мамандардың кәсіби біліктілігі мен уақытты үнемдей отырып,нәтижелі жұмыс жасай білу үрдісі де сөз болды. Өйткені, қаржы құжаттары тиянақтылық пен жауапкершілікті талап етеді. Әр құжаттың өз тарихы бар және ол компьютер бағдарламасында сақталатындықтан, құжаттарды тиянақты жүргізу кәсіби машықтанған маманның ғана қолынан келетін шаруа екені баса айтылды. Кедесудің қорытынды бөлімінде жиналғандар тарапынан сауалдар қойылып, облыстан келген мамандар дәйекті жауаптар берді.
Райхан АЗИМОВА
Талғар-ақпарат