КЕМШІЛІККЕ КЕҢШІЛІК ЖОҚ

КЕМШІЛІККЕ  КЕҢШІЛІК  ЖОҚ

Аудан əкімі Рыскелді Ахметқалиұлының қатысуымен биылғы жылдың алғашқы алқа мəжілісі өтті. Кеңейтілген жиынға əкім орынбасарлары, ауыл əкімдері, бөлім мен ведомство басшылары, жергілікті полиция өкілдері, «Нұр Отан» партиясы филиалы мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиын тізгінін алған өңір басшысы алдымен аудандағы кадрлық өзгерістерге тоқталып, аудандық соттың төрағасы болып тағайындалған Мақсат Текетаевты алқа мүшелеріне таныстырып, жұмысына сəттілік тіледі.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмысын саралаған жиын екі мəселе төңірегінде өтіп, біріншісі бойынша аудандық экономика жəне бюджеттік жос парлау бөлімінің басшысы Айман Кисибаеваның баяндамасы тыңдалды. Талғар ауданының 2018 жылдың 1 жартыжылдығындағы əлеуметтік-экономи ка лық дамуының қорытындылары мен ІІІ тоқсанға қойылған мақсаттары туралы айтқан баяндамашы ұзын-сонар есепке емес, қысқа əрі нақты цифрларға негізделген нəтижелерді жіктеп берді. Айман Мұратқызының сөзіне сенсек, аймақтың даму көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда едəуір қарқынды. Əсіресе, ауылшаруашылығындағы оңды істер көңіл қуантады. 45 га алқапқа алма көшеттері отырғызылып, оның 5 га «Апорт» сорты, 40 га қарқынды баққа арналған. 23 жылыжайдан бірінші жиын-терімде 540 тонна өнім алынып, өткен жылмен салыс тырғанда 190 тоннаға артқан (2017 ж. 350 тонна). «Ауылшаруашылық кешендері нің дамуы» туралы мемлекеттік бағдарл амасының аясында 3 ауыл шаруашылық кооперативтері («Туганбай аг ро», «Талгарское молоко», «Агро Фирма Талгар») құрылуының өзі Елбасы тапсырмасының іс жүзінде орын да луының айғағы. Өнеркəсіптің өнім көлемі 16,6 млрд. теңгені құрап, өзгелерден ұялмайтын деңгейге жеткен.

Еламан ауылында «Интермед Групп» ЖШС медициналық жəне биологиялық қалдықтарды жоятын зауыт ашып, жұмыссыздық деңгейінің азаюына сеп болып отыр. Болашақта жүзеге асатын үш инвестициялық жобаның да аудан əлеуетіне қосар үлесі зор. Атап айтсақ, жалпы құны 370 млн. теңгені құраған «Казлифт» зауытының құрылысы аяқталса, 130 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Панфилов ауылында «NUR KAGAZY» қағаз өндіру жəне Жаңалық ауылында «ZOR Fish» балық өсіретін зауыттардың құрылыс жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.

Ауданда 9954 шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілері жұмыс істеп, 26,6 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Кəсіпкерлік саладан аудан бюджетіне 6,0 млрд. теңге түсімдер жиналып, жалпы бюджеттің 55,0 % құраған. Тізілген толымды істер əр салада да айтарлықтай деңгейде екен. Инфрақұрылым, құрылыс, əлеуметтік салалардағы жаңашылдықтар жарияланып, құқық бұзушылықтағы қонымды істер баяндалды.

Десек те, кемшіліксіз іс болмас. Аталмыш кезеңде аудан абыройына нұқсан келтірілген мəселелер де жіпке тізілді. Ауылшаруашылығында ет өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3,1 мың тоннаға азайған, бруцеллезбен ауыратын мал басы көбейген. Медицина саласы да ақсап, қатерлі ісікке шалдығып, қайтыс болғандардың саны күрт артқан. Құрылыс жұмыстарының көлемі азайып, жоспарланған балабақшалардың мерзімінде ашылмауы да аудан беделін төмендеткен. Кəмелетке жасы толмағандардың ісі жөніндегі бөлімшесінде тіркелген жасөспірімдердің саны артқан. Баяндамадан кейін жарыссөзге шыққан аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Ермек Толқынов, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұржан Оралханова, аудандық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сұлтан Молдажанов, аудандық аурухананың бас дəрігерінің орынбасары Қарлығаш Қасымбекова атқарылған жұмыстарды таныстырып, кеткен кемшіліктердің себебін түсіндіріп өтті.

Айтылған кемшіліктерге жауапты орынбасарларын орнынан тұрғызып, жауап алған аудан əкімі кемшіліктердің түзетілуін қатаң тапсырды. Қажет болса жақын арада атқарылып жатқан жұмыстарға сараптама жүргізіп, кімнің қалай «жұмыс істеп» жатқанын анықтайтынын да айтты. Егер немқұрайлылық танытып, өз функционалдық міндетіне жауапкершіліксіз, атүсті қараған басшыларға тиісті жаза қолданатынын да ескертті. Баяндамашылардың құрғақ сөзді көпіртпей, нақты цифрлар көрсетілген слайдтармен есеп беруін жеткізді. Екінші мəселе бойынша аудан əкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің жетекшісі Жанят Шапиева сөз алып, жыл басындағы əкімдердің халық алдындағы есебінде көтерілген мəселелердің орындалу барысын баяндап шықты. 14 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өткен 51 кездесудің нəтижесінде 224 ұсыныс-тілектер түртіліп алынған екен, осы уақыт аралығында соның жартысынан астамы əлі орындалмапты. Көңіл көншітпейтін нəтижені естіген Рыскелді Ахметқалиұлы əр округ əкімдерін тұрғызып, айтылған мəселелерді толық орындауға нықтап тапсырды. Орындауға деген ниет болса шешілмейтін түйіннің жоқтығын ескертіп, тиянақты жұмыс атқаруға шақырды. Айтылған, көтерілген мəселелер аудан беделі мен халықтың əл-ауқатын жақсартуға негізделгендіктен аудан басшысының салғырт жұмыстарды сынға алғанының астарында сапалылық пен нəтижелілік тұрғанын, əкімнің халқына жақындығын аңғарып, көңіліміз сүйсінді.

Меруерт ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА,

«Талғар».