Қазақтың біртуар перзенттерінің бірі Мəсімхан Бейсебаев – көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері. Республиканың жəне Алматы облысының əлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты. Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Жетісу» ауылында дүниеге келген ол жеті жасында ауыл молдасынан ескіше сауатын ашып, тоғыз жасынан ауылдағы бастауыш мектепте білім алады.
Еңбек жолын кол хозшы болып бастап 1925 жылы оқу іздеп Алматыға келеді. Алғыр, зерек жан 1931 жылы Талғардағы ауылшаруашылық техникумын агроном мамандығы бойынша бітірісімен Қазақ АССР-інің егіншілік шаруашылығы жөніндегі комитетіне қызметке жіберіледі. Үлкен өмірдегі еңбек жолын осылай бастаған ол сан сынақтан мүдірмей өтіп, «Ер тынысы — еңбек» деген даналыққа сүйенген ол еліне, жеріне аянбай еңбек етті. Кейіннен оқу-ағарту жəне партия қызметінде жүріп халық ағарту жұмысының өте өзекті мəселе екенін түсіне отырып, осы олқылықтың орнын толтыруға барын салды. Уақыт талабы, заманның кілті тек оқуда екенін жұртшылыққа жеткізе білді.
Кешегі өмір – бүгінгі тарих. Сол тарих парағы өткен ғасырдың 30-жылдары қайғы-қасіретімен жазылған. Міне, сол заманда қазақтың ұлт ретінде сақталып, ұлтжанды азаматтардың жүректері езіле жүріп қандастарын қалай да аман алып қалуға талпынды. Сол ұмтылыс олардың кəсіби шеберлігін шыңдады. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту арқылы халықты аштықтан қорғау мақсатында республикалық деңгейде жұмыс жүргізілді. Олардың қатарында аспай-таспай қашан да еңбекқорлықты серік еткен Мəсімхан Бейсебаев та бар. Ол ешқашан жоғары лауазымға ұмтылмаған. Қайта, өз көңілін өзі басып, қалай да халқымның қарнын тойдырып, бақуатты тірлік етуіне септігім тиеді деген мақсатты қоя білді. Заман талабына орай, партия жұмысына белсене, білек сыбана кіріскені ақиқат. Бірақ, санасында сол қызмет арқылы еліне шөкімдей болса да септігін тигізу жүрді. Бір ғана мысал, 1940 жылы Алматы облысы ауылшаруашылығы жұмыстарының орындалуы бойынша республикада бірінші орын алыпты. Ұлы Отан соғысы басталар кезде Мəсімхан Бейсебаев Ресейдің Горький облысындағы əскери дайындық жəне партия ұйымындағы басшылық қызметті, азаматтарды қайта дайындықтан өткізу курсына жіберілген еді. Ал 1941 жылдың 23-маусымында ол Оңтүстік фронттағы саяси басқарманың қа рауына аттанды. Қан майданға М.Бейсебаев 270-ди визияның 977-полкына саяси жетекші болып кіреді. Запарожьедегі, Днепрдегі кескілескен шайқастада қолына қару алып қана қоймай, ротаның саяси
жетекшісі болып та қатысты. Красноград қаласының түбінде Дозевка стан ция сында ауыр жа раланды. Жа ра қатына бай ланысты майданнан елге оралды. 1958-1962 жылдары наурыз айында Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Мəсімхан Бейсебаев 1964-1970 жылдары Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып табысты қызмет атқарды. Қытайдан Қазақстанға оралған 20 мыңнан астам отандастарымызды қабылдап, атамекенге орналастыруға зор еңбек сіңірген. Өткен ғасырдың 70-жылдарының басында зейнеткерлік демалыста жүріп, жаңа құрылған қазақ жайылым шаруашылығы ғылыми институтының директоры болған.
Еліне елеулі еңбек сіңіріп, тарихта өзіне тəн ерекше із қалдырған М.Бейсебаев екі мəрте «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Қызыл жұлдыз», І дəрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Ол кісі отбасында Зоя Михаиловнамен 54 жыл бірге ғұмыр кешкен жан. Үлкен ұлы Ақылжан – техника ғылымының докторы, профессор, ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі, жоғары мектептің корреспондент мүшесі. Екінші ұлы Кеңес – полковник, заң ғылымдарының кандидаты, Қостанай қаласындағы заң колледжінің басшысы. Қайрат – техникалық ғылымдарының кандидаты, ағылшын тілінің жетік маманы.
М.Бейсебаев өзі басқарған Талғар ауылшаруашылық техникумын бір сəтке де назардан тыс қалдырмай, қалыптасып, дамуына үлкен үлес қосты. 1997 жылғы 3-қарашадағы ҚР Үкіметінің қаулысымен осы оқу орнына М.Бейсебаев атамыздың есімі берілді.
«Ұлық болсаң – кішік бол», деген даналыққа жүгінсек, тектілігіне еңбекқорлығы қосылып, кісілік келбетін сақтап қалған атпал азамат Мəсімхан Бейсебаевтың есімі ел жүрегінде мəңгі сақтала бермек.
Еркін Адамбеков, ҚР Білім беру ісінің үздігі,
Талғар ауданының «Құрметті азаматы».