Құрметті Талғар ауданының тұрғындары!
Сіздердің назарларыңызға 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін заң актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпаратты ұсынамыз:
- Маңызды өзгерістердің бірі, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы тағайындау методикасының өзгеруі, яғни зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалады.
Қазіргі уақытта барлық зейнеткерлер еңбек өтіліне қарамастан базалық зейнетақыны төменгі күн көріс деңгейінің 54% — 15274 теңге мөлшерінде алады.
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы:
а) Азаматтар жалпы зейнеткерлік жасына жеткен кезінде ғана (63- ер адамдар, 58,6/63- әйел адамдар);
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес біз көп балалы аналарға 53 жасқа толғанда ынтымақты және базалық зейнетақы да тағайындайтын болсақ, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 53 жаста тек ынтымақты зейнетақы тағайындаймыз, базалық зейнетақы кейін төленетін болады.
б) зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты;
Базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа механизмі келесідей болады:
Егер азамат жұмыс істесе және БЖЗҚ-на тек 10 жыл бойы аударымдар жүргізсе немесе мүлдем жұмыс жасамаса, онда оған біз төменгі күн көріс деңгейінің 54% мөлшерінде базалық зейнетақы тағайындаймыз, бұл бүгінгі базалық зейнетақы мөлшеріне тең. Бұндай жағдайда азамат қосымша ақы алмайды.
10 жылдан асқан әр 1 жыл еңбек өтілі үшін базалық зейнетақы 2% ұлғаяды. Мысалы, 20 жыл еңбек етсе базалық зейнетақы төменгі күн көріс деңгейінің 74%, 30 жыл еңбек етсе базалық зейнетақы төменгі күн көріс деңгейінің 94% құрайтын болады. Сонымен қатар, заң бойынша 33 жыл немесе одан да көп жыл еңбек етсе базалық зейнетақының мөлшері төменгі күн көріс деңгейінің 100% құрайтын болады.
| Еңбек өтілі | % | Базалық зейнетақының мөлшері
( 2018ж. ең төменгі күнкөріс деңгейі — 28 284 тенге) |
| 10 жыл және одан төмен (11 жылға дейін) | 54% | 15 274 |
| 11 | 56% | 15 840 |
| 12 | 58% | 16 405 |
| 13 | 60% | 16 971 |
| 14 | 62% | 17 537 |
| 15 | 64% | 18 102 |
| 16 | 66% | 18 668 |
| 17 | 68% | 19 234 |
| 18 | 70% | 19 799 |
| 19 | 72% | 20 365 |
| 20 | 74% | 20 931 |
| 21 | 76% | 21 496 |
| 22 | 78% | 22 062 |
| 23 | 80% | 22 628 |
| 24 | 82% | 23 193 |
| 25 | 84% | 23 759 |
| 26 | 86% | 24 325 |
| 27 | 88% | 24 890 |
| 28 | 90% | 25 456 |
| 29 | 92% | 26 022 |
| 30 | 94% | 26 587 |
| 31 | 96% | 27 153 |
| 32 | 98% | 27 719 |
| 33 және одан жоғары | 100% | 28 284 |
- Қолданыстағы ережеге сәйкес, мүгедек-баланы тәрбиелеуші ата-аналарға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, тек бала 18 жасқа толғанға дейінғана, айлық жалақының 1,05 көлемінде төленеді (2018 жылы 29 699 теңге).
Аталған төлем 18 жасқа дейінгі мүгедек-баланы тәрбиелеу кезеңіне қажетті қосымша көмек ретінде ендірілген, яғни балаға білім беру, оның осы кезеңде физикалық тұрғыдан жедел дамуына байланысты тамақтандыру, киім-кешекпен қамтамасыз ету үшін ата-анасының шығынының өсуіне байланысты.
Дегенмен, мүгедек-бала кәмелеттік жасқа жеткенімен ол ата-анасының көмегіне мұқтаж болып қала беретінін ескерген жөн.
Осыған байланысты, Елбасы өзінің 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Жолдауында Үкіметке кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы төлемін 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ендіруді тапсырды.
Қ.Токумтаева
«Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық
есептеу орталығы» Талғар аудандық бөлімшесінің басшысы






