«ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ» АРАЗДАСҚАНДЫ ТАТУЛАСТЫРА АЛА МА?

«ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ» АРАЗДАСҚАНДЫ ТАТУЛАСТЫРА АЛА МА?

Еліміздегі жоғары сот органында медиацияны дамыту және татуласу рәсімдерін пайдалану мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Айқын газетінің тілшісі.

Оның жұмысына сот алқасының судьялары мен Жоғарғы Сот аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ бейнеконференц байланысы арқылы  жергілікті сот судьялары мен Кәсіподақтар федерациясының өкілдері қатысты.

Кездесуді ашқан Жақып Асанов өз сөзінде, дауларды татуласу рәсімдері арқылы шешудің айқын тиімділігіне қарамастан, олардың басымы әлі де  сот арқылы шешіліп жатқанын атап өтті. Медиацияны дамыту үшін азаматтық қоғамның үлкен әлеуетін екере отырып, ол «Татуласу орталығы» («Центр примирения») жобасының әзірленуі туралы хабарлады.

–Бұл азаматтар үшін медиатордың, адвокаттың, сот атқарушысының  нотариустың, психологтың және әлеуметтік қызметкерлердің қызметі берілетін бірыңғай алаң болады. «Татуласу орталығы» Жобасының мақсаты – татуласу рәсімін дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, – деп атады Жоғарғы сот Төрағасы.

Кеңес барысында Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Б.Әбдірайым, Жамбыл облысы кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облысы соттарының төрағалары Қ.Нұрышев пен Н.Қайырбековтер сөз сөйледі.

Кездесу соңында жоғары сот органы мен Кәсіподақтар федерациясының төрағалары Жақып Асанов және Бақытжан Әбдірайым ынтымақтастық туралы  меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою, «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының шеңберінде қоғамдық сананы жаңғыртуды ескере отырып, қоғамдағы даулар мен жанжалды соттан тыс тәртіппен шешу жолымен төмендетуге бағытталған.

Тараптар татуласу рәсімдері жолымен еңбек және өзге де дауларды шешу үшін мүмкіндіктерді арттыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасатын болады. Заңнаманы жетілдіруге, мамандарды оқытуға, ақпарат алмасуға, медиацияны дамытудың басқа аспектілеріне және  жанжалды шешудің басқа да нысандарына ерекше назар аударылатын болады.

Жоғары соттың баспасөз қызметі атап өткендей, меморандумның шеңберінде  Кәсіподақтар федерациясының аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінде «Татуласу орталығы» орталықтарын ашу көзделіп отыр.

 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы

арасындағы өзара ынтымақтастық туралы

МЕМОРАНДУМ

Астана қаласы                                                   2018 жылғы «____» наурыз

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты атынан Асанов Жақып Қажыманұлы және Жарғы негізінде әрекет етуші Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы атынан Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлы Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа ала отырып, өз құзіреті шеңберінде, қоғамдық сананы жаңғырту идеясының аясында дауларды бейбіт түрде шешу және қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендету мақсатында келесі мазмұндағы осы Меморандум қабылданды:

1 бап

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 – нақты қадам» Ұлт жоспары, «Рухани жаңғыру» бағдарламаларында қойылған тапсырмаларын орындау үшін халықтың еңбек және басқа да дауларды татуласу тәртібімен шешу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттер қабылдауға.

2 бап

Осы мақсатта кәсіподақтың аймақтық бірлестіктерінің ғимараттарында дауларды реттеу бойынша халыққа кешенді қызмет көрсету үшін Татуласу орталықтарын ашуға.

3 бап

Тараптар келесі негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастық жасайды:

– татуласу орталығының жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара әрекеттесу;

– халық арасында татуласу рәсімдері туралы насихат жүргізу;

– дауларды татуласу тәртібімен реттеу рәсімдері бойынша заңнаманы жетілдіру;

– татуласу орталығында қызмет көрсетуші тұлғаларды оқыту;

– қызмет көрсету сапасын жетілдіру;

– тараптардың құзіреттері шеңберінде басқа да өзара іс-әрекеттер жасау.

4 бап

Тараптар:

– татуластыру рәсімдерін және дауларды бейбіт жолмен шешу тәжірибесін дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуге;

– заңнамада көзделген шекте ақпарат алмасуға;

– азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қоғамдағы даулардың деңгейін төмендетуге бағытталған бірлескен жобаларға қатысуға;

– тараптардың құзіреттері шеңберінде басқа да ынтымақтастықты іске асыруға ниет білдіреді.

5 бап

Осы Меморандумға оның ажырамас бөлігі болып табылатын хаттама жасау арқылы Тараптардың келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Меморандум белгіленбеген мерзімге қабылданады және Тараптардың бірі басқа тарапқа Меморандумды бұзу ниеті туралы жазбаша хабарлама жібермейінше әрекет етеді. Бұндай жағдайда Меморандумның қолданысы Тараптардың бірі тиісті жазбаша хабарлама жіберген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кейін тоқтатылады.

Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне және қолданысқа енеді.

Меморандум әр тарап үшін 2 данада жасалып, қол қойылды.

Қазақстан РеспубликасыЖоғарғы Сотының

Төрағасы

 

_______________

 

Ж. Асанов

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар ФедерациясыныңТөрағасы

 

__________

 

Б. Әбдірайым

 

 

Дайындаған Еркін ҚАЛДАН