Үкіметтік емес ұйымдарға арнайы ұйымдастырылып отырған жәрмеңкенің мақсаты әлеуметтік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік идеяларын жүзеге асыру, қоғамдық өмірдің оң тұрақты өзгерістерге ықпал ететін елеулі және нақты мәселелерді шешу, әлеуметтік сала ұйымдарының позитивті имиджін қалыптастыру. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық азаматтық альянстың президенті Нурмуханова Жанар хабарлады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Байқауға қатысу үшін өтінім электронды түрде gaao2017@mail.ru поштасына жіберілуі тиіс. Өтінімдерді қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 15 наурызынан 5 сәуіріне дейін. Жеңімпаздарды іріктеуде жобаның әлеуметтік маңыздылығы, оның өзектілігі және жүйелілігі қарастырылады.
«Аталмыш байқау облыс көлемінде өткізіліп отыр. Жалпы жәрмеңке үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – байқау комиссиясы мүшелерінің өтінімдерді қабылдау. Екінші кезең – үздік 10 жобаны іріктеу мақсатында байқау комиссиясының өтінімдерін қарастыру. Үшінші кезең – үздік жоба авторларын салтанатты түрде марапаттау. Сондай-ақ, байқау өтінімдері мен қатысушылар санына шектеу қойылмайды
Айта кету керек, 10 көшбасшы жобаға 10 000 000 теңгені құрайтын грант беріледі. Оларды қаражат түрінде емес материалдық-техникалық база ретінде ұсынылады.
Талғар-ақпарат