Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің үстіміздегі жылдың 31 қаңтарындағы кезекті Жолдауында: «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деген болатын.
Қазіргі жаһандану әлемінде ХХІ ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындау керектігі айтылуда. Барлық оқушылар өздері өмір сүрген әлемде жқмыс істеуге дайын болуы өте маңызды. Білім беру саласындағы осындай үлкен өзгерістер ұстаздар қауымына ұзтаздар қауымына үлкен жауапкершілікті жіктейді. Жас ұрпақты тәрбиелеп, ХХІ ғасыр талабына сай біліммен қаруландыру – бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі. Соған қарамай мектептерде жаңартылған оқу бағдарламасына көшу – бұл заман талабы. Осы орайда білімді, ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарды тәрбиелеу мақсатында Алматы облысы, Талғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы №31 орта мектебінің базасында 12.02.2018 – 07.03.2018ж аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы облысы бойынша филиалының аға оқытушысы, тренер Бисенбаева Меруерт Кенжеғұлқызының жетекшілігімен жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша «Қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы» тақырыбында Талғар ауданы бойынша 27 қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері қатысып, білімін жетілдіріп, өз тәжірибелерімен бөлісуде.
Жаңартылған оқу бағдарламасының мақсаты – пән бойынша оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау шеберлігін жетілдіру. Ал жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушыны сыни ойлауға, әртүрлі зерттеу жұмыстарын тәжірибе жасау арқылы іске асыруға жекелей, жұппен, топтық жұмыс жасай білуге үйретеді. Бұл жаңартылған бағдарлама оқушылардың жаңа білімді меңгеруіне де, сондай – ақ алған білімін әрі қарай дамытуына да мүмкіндік береді. Қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін айтарлықтай маңызды болып табылады. Бұл бағдарламалар оқушылардың оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытуға көмектеседі. Оқушылар әр жылы келесі сыныпқа ауысқан сайын ақпаратты бағамдау, дәлелдерді қабылдау және өз дәлелдерін ұсыну шеберліктері арта түспек. Олар алған білімдерін кез келген ортада, іскерлік ортада бәсекеге қабілетті болуға, қарым – қатынас кезінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім алады. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін қолдана білу міндеті тұр. Осы жолда білімді де білікті тренеріміз Бисенбаева Меруерт Кенжеғұлқызы жаңартылған оқу бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерінен бастап, заманауи әдіс – тәсілдерді пайдалануды және сабақты жоспарлауды, критериалды бағалау жүйесін қолдану туралы тәжірибе бөлісуде. Тренеріміздің көмегімен көптеген қажетті ақпаратты алып қана қоймай, тәжірибе барысында іске асыруды жоспарлаудамыз. Білім берудегі соңғы жаңалықтардың бәрі біз үшін маңызды екенін түсіндік. Курс барысында алынған білім – оқытуды жаңаша ұйымдастырудың кілті. Сондықтан да оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін, оқытудың тиімділін үйретіп, түсінбеген тұстарымызды қайта екшеп, әр ұстаздың санасына жеткізе білген тренеріміз Меруерт Кенжеғұлқызына алғысымыз шексіз. Ол кісінің білімділігі мен шеберлігінің арқасында жаңартылған оқу бағдарламасын терең түсініп жатырмыз. Меруерт Кенжеғұлқызына шығармашылық табыс тілеп, еңбегіңіз жана берсін дегіміз келеді.
Қорыта келгенде, «Сабақ беру – үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген Жүсіпбек Аймауытовтың сөзімен аяқтағым келеді. Жаңартылған білім – заман талабы екенін ескерсек, бұл жаңа серпінде ұстаздар қауымының қосар үлесі мол!
Қобландина Эльмира Сүйіндікқызы
№2 Сәкен Сейфуллин атындағы
орта мектебінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі