Қаңтардың 12-сі күні аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 112 жыл. Дінмұхамед Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келді. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт күрделі, қарама-қайшылыққа толы болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы үлес қосты. Қылышынан қан тамған кеңес өкіметінің тұсында ел ағаларының басты арманы — ұлтын сақтап қалу болды. Олар тәуелсіздік үшін күрес жолында жан алысып, жан берісті. Дәл осындай азаматтардың бірі Дінмұхамед Қонаев еді. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері халқы үшін қалай аянбай еңбек етсе, елі де оны дәл солай ұлықтап, төбесіне көтерді. Осы күнге дейін барлық жасағанын ескеріп, Димаш Ахметұлының өмір жолы бір ізді болды деп айту қиын. Марқұмның өзі де өсиет естеліктерінде ғұмырында қуаныш пен қайғының қатар жүргені туралы айтып кеткен-ді.
Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Оның қатарында өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау) , Никольский , Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары бар. Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды . Дінмұхамед Ахметұлының арқасында Қазақстанның өнеркәсібі, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның 70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектермен зерттеулер жазған ол біраз ғылыми жұмысын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі , Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан
ашылды. Д. Ахметұлы жастайынан тау-кен инженері болуды армандаған. Ақыры осы арманының жетегімен инженерлік кәсіпті таңдады. Бұған сол заманда қазақтар арасынан инженердің шығуы сирек болғаны әсер еткен. Сондай-ақ ұлт қайраткері т ұңғыш қазақ ин женері Мұхамеджан Тынышбаевты бала күнінен ерекше құрмет тұтқан. Бертін келе оның отбасы м ү шелері мен ба лас Ескендірмен етене жақын араласқан.
Осылайша еңбек жолын тау-кен инженері болып бастап, Балқаш мыс қорыту және Лениногор қорғасын-мырыш комбинатында қызмет істейді. Бірте-бірте
қызметте жоғарылап, ғылым академиясының президенті болып тағайындалады. Бұдан өзге партия-кеңес органдарында, Қазақстан компартиясының орталық комитетінде қызмет етеді. 10 жылға жуық қазақ КСР министрлер кеңесінде төрағаның орынбасары, 27 жылдай Қазақстан орталық комитетінің бірінші хатшысы, 21 жыл СОКП ОК саяси бюросының мүшесі болады. Ұзақ жыл қызметтен кейін зейнетке шыққан шағында визитка жасатқан екен. Осы кішкене төртбұрышты қағазға аты-жөні мен «тау-кен инженері» екенін ғана жаздырады. Сонда айналасындағылар қайраткердің қарапайымдылығына қатты таңғалған. Өзінің бұл шешімін «Оның бәрі — өтпелі де кетпелі, ал «тау-кен инженері» деген — өмірлік нәрсе», — деп жауап берген екен. Өз елінде Дінмұхамед Қонаевқа жамандық ойлаған адам жоқ болса да, ұлтжандылығына қызғанышпен қарап, жолын кеспек болғандар бар. Солардың бірі — бас хатшы Никита Хрущев. Оған жағымпазданған азаматтар Павлодар қаласын Хрущевград деп атауды ұсынды. Ал Хрущевтің өзі Қазақстанның солтүстігін Ресейге, оңтүстігіндегі бірнеше аудан ды Өзбекстанға бергісі кел ді.
Осындай мәселеге келгендегі Дінмұхамед Қонаевтың ұлтжандылығы Хрущевке ұнамаған. Астыртын тартыс уақыт өте келе ашық қақтығысқа ұласып,
1962 жылы Дінмұхамед Ахметұлы қызметінен шеттетілді. Алайда бұл үзіліс көзді ашып-жұмғанша өте шығып, 1964 жылы қызметке қайта оралды. Бұған Никита Хру щевтің орнына Леони д Брежневтің келуі себеп еді. Екеуі достық қарым-қатынаста болып, Леонид Брежнев Дінмұхамед Қонаевтың Алматы қаласындағы үйіне қонаққа келіп тұратын. Бірде КСРО бас хатшысы қазақ баласының шағын пәтері мен қарапайымдылығын көріп қатты таңғалған екен.
«Осындай үлкен республиканы басқарып отырған адам қалайша кішкене үйде тұруы мүмкін? Бар дүниең осы ма?» деп сұрағанда Қонаев «Зухра Шәріпқызы
екеуімізге осы да жетеді» деп жауап берген екен. Осылайша Брежнев Қонаевтың үйінде бірнеше мәрте қонақта болып, оның өз қолымен пісірген тәттілерінен ауыз тиген. Екеуі ауылда емін-еркін жүріп әңгіме-дүкен құрған. Әсіресе, аңшылыққа бірге барғанды ұнатқан. Ең бастысы, Дінмұхамед Қонаев бұл достығын халықтың игілігіне қолдана білді. Оның тұсында Қазақстанның экономикасы мен ауыл шаруашылығы өркендеді. Республиканың көптеген өңірінде зауыт, фабрикалар салынып, жаңа инфрақұрылымдар бой көтерді. Бұдан өзге Қонаевтың өнерпаздарды қолдауының арқасында қазақ өнерін бар әлем таныды. Д.Қонаев өмірінің соңғы жылдарына дейін аңшылықтан қол үзбеген. Мұны бүгінде музейінде тұрған саятшылыққа қатысты экспонаттардан байқауға болады. Ол қару-жарақ жинағанды ұнатқан. Десе де, жақындары оның бей-берекет аңдарды ата бермегенін, тек аңшылық маусымы кезінде қолына қару алғанын айтты. Ақын Олжас Сүлейменов басына қарабұлт үйірілгенде Дінмұхамед Қонаевтың араша түсіп, өзін қауіптен аман алып қалғанын айтады.
«Қонаев туралы көп нәрсе айтуға болады. Азия кітабы шыққан кезде ол мені қорғап қалды. Брежневке бәрін түсіндіріп, енді мені қудалаудың жөнсіз екеніне көзін жеткізді. Демекеңмен бірге аңшылыққа да бардым», — дейді жазушы. Жарты ғасырға жуық ел тағдырына араласқан абыройлы ұл көреген саясаткер ретінде есте қалды. Ұлт мүддесін қорғап қалуға келгенде ешкімге есе жібермеуге тырысты. Өзбекстанға өтіп кеткен Қазақстан аудандарын қайтару, тың жерлерді игеру, Ерейментау топырағынан неміс автономиясын ашуға жол бермеу және Шардараға атом электр станциясын салдырмау мәселесіне келгенде асқан табандылық танытты. Осы қажырлы еңбектің арқасында Қазақстан одақ бойынша екінші астықты алқапқа және көпсалалы өнеркәсіп аймағына айналды . 1978 жылы «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары», 1992 жылы — «О моём времени», 1994 жылы — «От Сталина до Горбачёва», 1994 жылы — «Ақиқаттан аттауға болмайды» атты мақалалары мен кітаптарыжарықкөрді . Димаш Ахметұлының кішілігі мен кісілігі туралы айтылар естеліктер көп. Оның өмірінің соңғы жылдарын фотограф Жақсылық Тұрлыбеков таспаға түсіріп келді. Ол ауыл халқының Димашқа жиі балаларының аузына түкірткенін айтады. Кемеңгер азаматтың өсиеті мен өмір жолы, келер ұрпақ қа берер өнегесі шам-шырақпен пара-пар екені сөзсіз. Қазақ деген ұлт барда Қонаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды. «Панам да — ел, данам да — ел. Соған арқа сүйедім. Содан үйрендім» деп өзі де ағынан жарылған. Елі сүйген, елін сүйген азаматтың есімі әрқашан ел есінде!
Материалды дайындаған
Зорагүл Әбдіқадір