АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРУ КЕРЕК

АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫ  МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРУ КЕРЕК

Жуырда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжанов Талғар ауданының қоғам белсенділерімен, мәдениет қызметкерлерімен кездесті. «Аманат» парти- ясының «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдар- ламасының жүзеге асыру мақсатында шалғай ауыл тұрғындарымен кезекті кездесуіне «Аманат» пар- тиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев та келді.

Арнайы ат басын бұрған халық қалаулыларына кітапхана ұжымы өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алда қолға алынатын іс-шаралардың жоспарымен таныстырды. Бесағаш ауылында ашылған кітапхананы жүргізу үшін кітапханашы жетіспейтінін айтып, арнайы штат бөлінсе екен деген бұйымтайларын
да айтып қалды. Елдің рухын көтеріп, еңсесін тіктейтін мәдениет саласындағы олқылықтар кешікпей шешімін табады деп сендірді Мәжіліс депутаты.
Кезекті кездесуде Алматымен іргелес орналасқан, облыстағы әлеуметтік-экономикалық салмағы басым, құрылымы күрделі аудандардың бірі саналатын
Талғар ауданының өзекті мәселесі тілге тиек болды. Әлеуметтік, экономикалық, денсаулық сақтау саласындағы солқылдап соқтасы жарылайын деп тұрған
жағдайлар мен білім саласындағы арқаны аяздай қаритын түйткілдер назардан тыс қалмады. Талғар қаласының ластығы, аудан аумағында қаңғыбас иттердің қаптап кеткені, оған қарсы жасалатын шаралардың әлсіздігі сөз болды.
Идеологиялық-ақпараттық саясаттың төмендігі мен денсаулық саласындағы салғырттықтар, мәдени бағыттағы жұмыстардың жүйесіздігі, кітапханашылардың әлеуметтік жай-күйіне, штаттық жіктелісіне байланысты мәселелер қозғалды. Нақтырақ айтсақ Б. Құдабаев А-Class Medical ұйымының қарамағына өтіп кеткен аудандық орталық аурухана мемлекет меншігіне қайтарылуы керек дейді. Оның айтуынша, орталық ауруханадағы компьютерлік томография істен шыққалы біраз уақыт болған. Осы құрылғы арқылы сараптама жасататын науқастар сандалып қалаға барып жүр. Білікті мамандар жоқтың қасы. Жеке меншік ұйымдар халықтың денсаулығын емес бас пайдасын ойлайды. Сенімгерлікпен басқаруға берілген нысандардың барлығын мемлекет меншігіне қайтару керек. Ел мүддесі үшін қызмет ететін нысандар бөтен пиғылды адамдардың қолына түсіп кетсе, ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіруі мүмкін. Әсіресе бұқаралық ақпарат құралдары жеке меншікке өтпеуі тиіс. Қоғам белсендісінің пікірінен соң аталған нысанда үлкен тексеріс жүретінін айтқан Ж. Әшімбаев егер келісімдегі талаптар
орындалмаса, тиісті шара қолданылатынын атап өтті. Сонымен қатар осыған дейін олигархтардың пайдасын көздеген заңымыз енді орта-шағын бизнесті дамытуға, халықтың жағдайын жақсартуға қызмет ететінін жеткізді. Депутаттың айтуынша, су мәселесі жылдан жылға шиеленісіп барады, сол себепті осы саладағы түйткілді шешетін орган құрылды. Енді ол еліміздегі қордаланған су мәселесімен арнайы айналысатын болады. Талғарда да ауыз судың азабын тартып отырған елдімекендер көп. Бесағаштағы ау ыз су мәселесі м ұның бірден-бір дәлелі. Ауыл мәртебесі берілген саяжайларды да сапалы ауыз сумен
қамту кезек күттірмейтін мәселе. Сол себепті бұл кездесу күрмеуі көп түйіннің шешілуіне сеп болары даусыз.
Жиында Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан орта ғасырлық Талхиз қалашығы шетелдік саяхатшыларды тартудың көзі екені, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайнына қарасты бұл қорық-мұражайы Талғар халқы мен осында келетін шетелдік саяхатшылар үшін қолжетімді болуы керек
деген ой-пікірлер айтылды. Дәл осы мәселені қаузау үшін өткен жылы май айында Талғар қалалық №25 мектепте «Тарихы терең Талхиз» атты ғылыми
конференция өткен болатын. Сол шарада «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры Гүлмира Мухтарованың «Мұражайдың
қақпасы жабық болғанымен саяхатшылар келгені туралы хабар берілгенде, қызметкерлеріміз бірден барып қызмет көрсетеді» деген жауабы көңілге қонымсыз деген қоғам белсенділерінің бір «Талхиздан табылған жәдігерлер жанжаққа кетіп жатқанын, туған өлкеміздің атын шығарып, тарихын танытатын қазынасы неге өз жерімізде сақтап қалмаймыз?!» деген ойын жасырмады. Айтылған пікірдің аса орынды екенін айтқан Ж. Әшімжанов бұл мәселені Парламент Мәжілісінде көтеруге сөз берді.
Қоғамбелсендісі , Нәйлә Үмбетова: «Барлық колледждер Ағарту министрлігіне қарайды. Ал ағарту министрлігінде бір агроном, инженер, дәрігер, электрик жоқ. Әр оқу орны оқу жоспарын өздері дайындайды, өздері емтихан қабылдайд ы. Студенттер оқу-өндіріске қатыспайды. Оқу бітірген соң ешқандай жерде жұмысқа орналаса алмайды. Жоғары оқу орнын бітірсе де, ұлдарымыз күзетші, қыздарымыз даяшы болып жұмыс істеп жүр. Әр саланың оқу орны сол саламен айналысатын министрлікке қарау керек. Тағы бір мәселе бізде имандылық жоқ. Мұның себебі теолог жоқ. Қазір жұртшылық дінненқорқады. Жастарымыз жат
ағымға кетпеуі үшін, ұрпағымыз имансыз болмауы үшін мектептерде дінтану туралы арнайы сабақ болуы керек.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде теологтарды дайындайды екен. Дін тарихы туралы шағын ақпаратты мектепте тек тарих мұғалімдері береді. Ал олардың діннен еш хабары жоқ. Дініміз бен салтдәстүріміз біте қайнасып кеткен. Ата-бабамыз салған осы сара жол ұлтына қызмет еткен иманды, ибалы тұлғаларды қалыптастырған. Біз осы жолдан адасып барамыз. Бүгінгі таңда қатыгез, әдепсіз
жастардың қатары көбеюдің басты себебі де осы. Талғар қаласы кезінде экологиясы ең таза қала саналатын. Қазір бұлай деп айта алмаймын. Себебі әлеуметтік
қызметкерлер тым аз. Осы салаға жеткілкті көңіл бөлінбеуде», – деп атап өтті. Қоғам белсенділерінің ұсыныстарын мұқият тыңдаған Қуат Байғоджаев алда бұл мәселелердің шешімі табылатынына сенімін білдірді. Сондай-ақ ұзақ жылдар бойы білім саласында еңбек еткен зейнеткердің тәжірибесінен туған пікірі аса орынды екенін алға тартты.

Зорагүл ӘБДІҚАДІР