ДЕПУТАТ САПАРЫ

ДЕПУТАТ САПАРЫ

Жуырда Парламент Мәжілісініңдепутаты Максим Рожин Талғар ауданына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар нысандарды аралады. Депутат Белбұлақ ауылының Жол картасы аясында салынып жатқан №10 орта мектебінің күрделі жөндеу жұмысына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мердігермекеме «SHEBERBUILD» ЖШС. Жалпы сомасы 883239 млн. теңге болатын білім ошағы заман талабына сай құрал жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

«Мектеп құрылысы былтыр басталған болатын. Белбұлақ ауылындағы №10 орта мектепте 2022-2023 оқу жылында 1-11 сыныпта 585 оқушы білім алды. Мектептің ғимараты 1965 жылы салынған, жер көлемі 2,1668 га. Сыйымдылығы 640 орын, газ жүйесіне қосылған. 2023-2024 оқу жылында №10 орта мектептің 585 оқушысы Белбұлақ ауылындағы №32 орта мектептің 250 орындық қосымша ғимаратында білім алады, соның ішінде 1-4 (217 оқушы) сынып оқушылары №32 орта мектептің негізгі бастауыш сынып блогында оқытылады және сол мектептің 210 орындық асханасынан тамақтандырылады. №32 мектептің қосымша ғимаратында 5-11 сынып (368 оқушы) оқушылары білім алады, спорт зал, буфет бар», –
деді мектеп директоры М.Серікқызы. Мердігер мекеменің өкілдері қазіргі уақытта ғимаратты бұзу жұмыстары 98 пайызға аяқталғанын, 2024 жылдың мамыр айында құрылысты аяқтайтынын жеткізді .  Депутатқұрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар ол Панфилов ауылында орналасқан «Zeta» мекемесінің жиһаз өндірісімен және Жолкартасы аясында салынған Бесағаш ауылында қызметтік тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пункті құрылысының аяқталу барысымен танысты. Аталған нысан 2 бөлмеден тұрады, ішкі жұмысы толықтай аяқталған, сонымен қатар техника мен жұмысқа керекті құрал жабдықтармен жасақталған. Қызметтік тұрғын үйдің де құрылысы 100 пайызға аяқталған.
Шара барысында аудан әкімі Танат Айдарбеков аудандағы бірқатар өзекті мәселелерді қозғап, Бесағаш ауылына орталықтандырылған ауыз-су жүйесі құрылысын салу бойынша Республикалық бюджеттен қаржы бөлуге қолдау білдіруді сұрады.

Сәуле ҚҰРМАНТАЕВА