Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай бас қалада «әл-Фараби ілімдерінің педагогикалық рөлі» атты республикалық ғылыми-педагогикалық конференциясын өткізді. Қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа жүгінсек, әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өткен жиынға Астана, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарының барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Оған Талғар ауданының біліміне білігі сай 19 ұстазы атсалысып, ауданымыздың абыройын асқақтатып қайтты. Республиканың түкпір-түкпірінен 50-ге жуық мұғалім қатысқан бұл жиыннан үлкен олжамен оралған ұстаздарымыздың көңілі тоқ, қоржындары толы. Алматыдан ат арытып барған айтулы ұстаздардың барлығы «әл-Фараби ілімдерінің педагогикалық рөлі» атты республикалық ғылыми-педагогикалық конференциясында озық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін» деген сертификатпен марапатталды.
Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің бай мұрасына жұртшылық назарын аудартып, оны білім беру ұйымдарында, мектептерде оқушыларға, жастарға насихаттау, сол арқылы ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткен бұл конференцияға қатыстырылған 125 мақаланың 20-сы Талғар ауданының ұстаздарына тиесілі екенін ескерсек, мұны аудандық ұстаздардың ерен еңбегі деп қана емес, Талғар ауданындағы ұстаздардың біліктілік көрсеткіші десек артық айтқандық болмас, сірә. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген халық даналығы осындайда айтылса керек-ті. Конференцияға кімдердің қатысқанын білгіңіз келсе, төмендегі тізімге зер салыңыз.Талғар ауданы бойынша Астана қаласына «Әл-Фараби ілімдерінің педагогикадағы рөлі» атты республикалық ғылыми-педагогикалық конференцияға қатысуға тиісті ұстаздар тізімі: Токаевай Рахатбуви Сетвалдиевна КГУ ОШЛ №4 Алматинская область, г.Талгар.
Шынашева Кулшат Қыдырбекқызы, Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл-Қайрат ауылы №19 көпсалалы мектеп-гимназиясы.
Берикбаева Макпал Жумабаевна, Алматы облысы Талғар ауданы Ақтас ауылы №36 жалпы білім беретін орта мектебі.
Салимжанова Динара Майлыбайқызы, Алматы облысы Талғар ауданы Ақтас ауылы №36 жалпы білім беретін орта мектеп.
Достайқызы Құралай, Алматы облысы Талғар ауданы Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы.
Қапалбаева Гүлназ Ержановна, Алматы облысы Талғар ауданы Б.Момышұлы атындағы №35 орта мектеп-гимназиясы.
Джумабекова Мира Камзаевна Алматы облысы, Талғар ауданы Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы.
Емениязова Асель Ермековна, Алматы облысы Талғар ауданы «Б.Момышұлы атындағы №35 орта мектеп-гимназиясы.
Далдабаева Нурбану Нурашовна, Алматы облысы Талғар ауданы Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы.
Уркинбай Ботагоз Турсынгелдикызы, Алматы облысы Талғар ауданы Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы.
Қыдырәлі Рима Қыдырәліқызы, Алматы облысы Талғар ауданы Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы.
Тыштыбаева Меруерт Кайратовна, Алматы облысы, Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы №10 жалпы білім беретін мектебі.
Осимбаева Акмарал Куандыковна, Алматы облысы Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы, №10 жалпы білім беретін мектеп.
Узакова Алия Киргизбаевна, Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылы №10 жалпы білім беретін мектебі.
Нуршаева Карлыгаш Малкездаровна, Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылы №10 мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Керимханова Кулмария Кадыровна, Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылының №10 мектебі.
Шиникулова Салтанат Нурбековна, Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылының №10 мектебі.
Қадылқан Айшыр, Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылының №10 мектебі.
Айдарбекова Анель Нурлановна, Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылы №29 орта мектебі.
Кулкыбаева Салтанат Шораевна Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылы №29 орта мектебі.
Осы орайда аталған конференцияға қатысып келген Талғар ауданы Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Құралай Достайқызымен сұқбаттасқан едік.
*****
– Құралай Достайқызы, конференция тақырыбы «әл-Фараби ілімдерінің педагогикалық рөлі» екенін білеміз. Өте ауқымды, терең тақырып екені де анық. Сіздерді арнайы шақырды ма, әлде аудандық жолдамамен бардыңыздар ма?
– Астанада өтетін конференция жайлы қазан айының 17-сінде естідік. Бізге әл-Фарабидің 1150 жылдығына байланысты аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Г.К. Алтыбаевадан конференцияға қатысудың ережесі жазылған хат келді. Сол бойынша алдымен тақырыпқа қатысты мақалаларымызды Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» көрсеткен сайтқа жолдадық. Сонымен қарашаның 21-і күні Талғар ауданы бойынша 6 мектептен 20 мұғалімнің мақаласы өтті деп хабарлап, 24-і күні болатын республикалық-педагогикалық конференцияға бәріміз шақырту алдық. Сонымен жиылып-теріліп Астанаға аттандық. Бұл конференцияға ауданымыздың №4, 10, 19, 29, 35, 36 мектептерінен 19 мұғалім барды. Оның алтауы өзім қызмет етіп отырған мектебімдегі әріптестерім. Бұл біздің мектептің білім саласындағы жетістігі ғана емес, мектебіміздің мақтанышы әрі біздегі білім деңгейінің көрсеткіші деуге болады.
– Айтулы конференциядан алған әсеріңізбен бөліссеңіз…
– Әбу Насыр әл-Фараби ілімдерін педагогикалық тұрғыда кеңінен насихаттап және ұстаздарға ғылыми-шығармашылық бағытта қолдау көрсеткен айтулы конференцияны Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» және әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы қазақ және орыс тілінде ұйымдастырды. Оны Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Адылбаев алғы сөзбен ашты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті шығыстану кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Самал Абайқызы жасаған «Ғылымға тағзым: Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылым жолы» деп аталатын баяндамадан өте көп мағлұмат алдық. Әдебиет бағыты бойынша біздің мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мира Джумабекова «Идея счастья и пути его достижения в учении аль-Фараби», Гүлназ Қапалбаева «әл-Фарабидің тіл біліміне қосқан үлесі», Ақтас ауылы №36 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мақпал Берикбаева «әл-Фараби және оның әдеби мұрасы» деген баяндама жасады. Белбұлақ ауылы №10 мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қарлығаш Нұршаева «Философские взгляды Аль-Фараби», Белбұлақ ауылының №10 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күлмария Керимханова «Әл-Фарабидің трактаттары ғылымның асыл қазынасы», Талғар қаласы №4 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахатбуви Тоқаева «Гуманистическая направленность и понятие счастья в философии аль-Фараби» деген баяндамаларын оқыды. Пленарлық отырыста Ақтөбе қаласының №17 мектеп мұғалімі әл-Фараби нақыл сөздерін тәрбие құралы ретінде пайдалану туралы керемет ойлар айтты. Ауданымыздағы №29 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Салтанат Күлкібаеваның «Әлем таныған әл-Фараби» деген баяндамасы да жоғары бағаланды. Конференция өте жоғары деңгейде өтті. Барлығын айтып жеткізе алмаймын, дегенмен барған мұғалімдер керемет мотивация алып, шабыттары оянып, мамандығына деген құлшыныстары ерекше артты деген ойдамын.
– Конференцияның ұйымдастырушылар туралы және басты мақсаты жайлы айтып өтсеңіз…
– Мұндағы басты мақсат – әл-Фараби бабамыздың педагогикалық ілімдерінің мәнін түсіну, пайдалы ақпараттармен, сондай-ақ ұстаздар арасындағы тәжірибемен алмасу, білгенімізбен бөлісу, ең бастысы оқушылар мен жастарға баба ілімінің бай мұрасын түсіндіру. Сондықтан осыған байланысты әрқайсымыз әр түрлі тақырыптарды зерттеп, өз бағытымыз бойынша дайындаған презентацияны қорғап, ғылыми тұрғыда зерттеген жұмысымызды көрсеттік. Осындай ауықымды шараны ұйымдастырып, конференция қатысушыларына қажетті барлық жағдайды жасаған оқушылар сарайының директоры Раушан
Кушибаева, әдістемелік орталықтың басшысының орынбасары Сындар
Дауешова, әдістемелік орталықтың бөлім басшысы Гульдана Бекетаева , оқу-әдістемелік бөлімнің басшысы Қымбат Иргебаева орталықтың әдіскерлері Дамира Джунусова, Анар Назарбаеваға алғысымыз шексіз.
– Конференция нақты қандай бағыттар бойынша өтті?
– Негізі 4 бағыт бойынша өтті. Әдебиет бағыты – «әл-Фараби және оның әдеби мұрасы» деген тақырыпта, педагогика бағыты– «Білімнің кілті – тәрбие», ғылыми бағыт – «Шын білім – ақиқат, анық білім», өнер бағыты – «әл-Фарабидің өнер әлемі» деген тақырыпта өрбіді. Өйткені әлемнің алғашқы ұстазы Аристотель негізін салып, әл-Фараби бабамыз қабырғасын қалауға атсалысқан логика, философия, математика, музыка, әдеп, тіл ұстарту сынды аса қажет ғылымдар бүгінгі күн тұрғысынан да үлкен маңызға ие болып отыр. Осы орайда педагогтерге үлкен мүмкіндіктер берілді. Пленарлық отырыста әл-Фарабидің философиялық мұрасының әртүрлі аспектілеріне арналған керемет деуге болатын баяндамалар оқылды.
– Өзіңіз осы бағыттардың қайсысы бойынша қатыстыңыз?
– Менің баяндамамның тақырыбы – «Әл-Фарабидің ғибратты ойлары мен нақыл сөздері» деп аталады. Мұнда «Тәрбиесіз берген білім, адамзаттың қас жауы» мәселесі көтеріледі. Осы уақытқа дейін әл-Фарабидің нақыл сөздері арқылы оқушыларды тәрбиелеу және тіл байлығын арттыру бағыттын ғылыми тұрғыда зерттеп, оны мектеп бағдарламасы аясында кеңінен таныстыруды мақсат еттім. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балаларға әр-түрлі тақырыпта кітаптар оқытып, оны бейнеролик арқылы практика жүзінде іске асыру барысымен таныстырдым. Ойымыз орындалып, жетсек деген межеден де көріне білдік. Республикамыздың жан-жағынан келген кәсіби дәрежедегі мықты мұғалімдерімен тәжірибе алмастық. Бұл біздің мүмкіндік көкжиегімізді кеңейтіп, алға қарай жылжуымызға жол ашады. Сондықтан бұл ретте де үлкен жетістіктерге қол жеткіздік деуге болады. Конференцияға барған барлық мұғалім «әл-Фараби ілімдерінің педагогикадағы рөлі» республикалық ғылыми-педагогикалық конференциясында озық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін» деген арнайы сертификатпен марапатталды. Сөйтіп бір жағы қуанып, бір жағы мол тәжірибе жинап, бір жағынан үлкен аманат пен жауапкершілік арқалап келдік. Барлық әріптестерге рақмет айтып, сәттілік тілеймін!
– Бас қаланы – Астананы да аралаған боларсыздар?
– Иә, конференция аяқталған соң әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайына экскурсия жасадық. Елордадағы ұлттық академиялық кітапхананы аралап, «Сирек кітаптар мен көне қолжазбалар» қорымен таныстық. Ақмола облысы Көкшетау қаласының «Ел жастары» театрының «Алаш» спектаклін тамашалап, конференцияны аяқтадық.
– Әсерлі әңгімеңіз үшін көп рақмет. Еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірттеріңіз биік шыңдардан көріне берсін!
– Сізге де рақмет, алғысым шексіз. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін!
Сұқбаттасқан
Жанбота СҰЛТАНМҰРАТҚЫЗЫ