Шаңғымен жүгіруден жарыс өтті

Шаңғымен жүгіруден жарыс өтті

Қаңтардың 6-сында Талғар ауданы Береке ауылында орналасқан «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде мектеп мұғалімдері арасында жас ерекшеліктеріне қарай шаңғы тебуден аудандық жарыс өтті.

№16 орта мектептің директоры Алия Талғатқызы бастаған ұжымның және Бұқаралық спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі марафонға 120-ға жуық ұстаз қатысты. Мұндағы мақсат — мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, шаңғы спортын бұқаралық түрде дамыту. Сайыс шарты бойынша ерлер 3 шақырым, ал нәзік жандылар 1 шақырым қашықтықта бақтарын сынады. Жарыс қортындысы бойынша: 20-29 жастағы ерлер арасында I орынды Ерасыл Шәріпхан, ІІ орынды Айдын Сембай, ал ІІІ орынды Шахмурат Туранов иеленді. 20-29 жастағы әйелдер арасында болған сайыста I орынды Қымбат Рақымжан, ІІ орынды Алина Сатыбалды, ІІІ орынды Ақерке Мұқажан жүлделі болды. Ал 30-39 жас аралығындағы ерлер ішінде I орынды Бірлік Дәркенбай, ІІ орынды Ернар Далдабаев, ІІІ орынды Ренат Анарбек еншіледі. Ал 30-39 жастағы әйелдер арасында I орынды Лаура Карибаева, ІІ орынды Камшат Атамкулова, ІІІ орынды Жайна  Шаргынова жеңімпаз деп танылды. Сондай-ақ 40-49 жастағы ерлер арасында өткен жарыста                    Ерболат Султангазиев, Дастан Талипов, Данияр Абдикалиев сынды азаматтар жеңімпаз атанса, әйелдер арасында I орынды Жазира Тілеген, ІІ орынды Наталья Тергеушова, ІІІ орынды Нургуль Көбебаева жеңіп алды. 50-59 жастағы ерлер арасында болған бәсекеде I орынды Амангелді Сальменбаев, ІІ орынды Тұрлыбек
Дүйсенбаев, ІІІ орынды Бақытбек Жүнісбек иеленсе, әйелдер арасындағы сайыстың нәтижесінде I орынды Анаркүл Жунусова, ІІ орынды Алиман Ауганова,     ІІІ орынды Айгүл Тельтаева иеленді. 60-тан жоғары ерлер арасындағы бәседеке бақ сынаған Қасен Сабырбеков I орынға, Жұмағали Кебекбаев ІІ орынға, Сайлаубек Еңсебаев ІІІ орынға табан тіреді. Жалпы аудан көлемінде қысқы спорт түрлерінен эстафеталық жарыстар, қар үстіндегі спорттық ойындар жоғары деңгейде өткізіліп келеді. Мұндай спорттық сайыстар ауа-райына байланысты кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Жеңімпаздар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан арнайы алғыс алып, медальдармен марапатталды.

Кәусар Әбдікерім