Өз тілімізді өзіміз ұлықтауымыз керек. Бұл – өте дұрыс. Бірақ, өзге тілден бас тартуға болмайды. «Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін» деген сөз бар. Біз тіл саясатын байыппен жүргізуіміз керек. Сонда ғана көздеген мақсатымызға жетеміз.
***
Менің тапсырмам бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен облыста 39 мектеп салынады. Бұдан бөлек, Қонаевта дарынды балаларға арналған лицей және интернат ашу қажет. Тағы да қайталап айтамын. Мектеп салу және оны жаңғырту – әкімдердің жұмысындағы негізгі көрсеткіштердің бірі.
Қасым-Жомарт Тоқаев,
ҚР Президенті
20 қазанда Алматы облысына іс-сапармен келген ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қонаев қаласының тыныс-тіршілігі мен даму барысына көп көңіл бөлді. Ол қала саябағын аралап тұрғындармен кездесіп, жұмыс кестесіне сай ресми жиын өткізді. Сондай-ақ Қонаев қаласының G4 City жобасымен танысты. Бұл жоба бойынша Алматы – Қонаев автомагистралінің бойында орналасатын G4 City жобасы аясында Gate District, Golden District, Growing District және Green District атты төрт заманауи аудан салынады. Gate Distrtict ауданы қаржылық-іскерлік кластері, Golden District ауданы білім беру және медициналық кластер ретінде дамиды. Ал экспортқа бейімделген сауда-логистика және инновациялық-индустриялық өнеркәсіп нысандары Growing District ауданына шоғырланады. Green District мәдениет және демалыс ауданында курорттық кешен, гемблинг индустрия нысандары мен арнаулы саябақтар орналасады. Даму перспективасы бойынша G4 City 2,2 миллионға дейін халық мекендейтін интеграцияланған қала ретінде дамиды. Шетелдік инвесторларды белсенді тарту мақсатында қалада арнайы экономикалық аймақтар құру, жаңа халықаралық әуежай салу қарастырылған.
Мемлекет басшысы аталған жоба бұрыннан талқыланып келе жатқанын еске салып, инвесторлордан жобаның жүзеге асырылу мерзімін нақтылады. Сондай-ақ инвесторларға G4 City қаласында қолжетімді баспана салу, қала орналасатын аумақ халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін қарастырып, жобаның әлеуметтік жағына да мән беру керек екенін айтты», – деп хабарлайды qazaqparat_kz сайты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа G4 City қаласын дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын бекіту мәселесіне қатысты бірқатар нақты тапсырмалар беріп, Алматы облысын дамытудың басым бағыттарын айқындады. Олар:
1. Теңдестірілген территориялық даму.
2. Білім беру және медицина инфрақұрылымын дамыту.
3. Өңдеу өнеркәсібін дамыту.
4. Көлік жүйесін және энергетика саласын дамыту.
5. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту.
6. Туризм саласын дамыту.
Ел болашағына қатысты алдағы уақытта атқарылар маңызды істерге тоқталып, тиісті ведмоствалар мен жауапты адамдарға көптеген міндеттер жүктеген президент арнаулы жиын барсында былай деді:
Жуық арада мемлекетке сатқындық жасағандар, екіжүзділік және қорқақтық танытқандар сот алдында жауап береді. Қайғылы жағдайға жол берген немесе арандатушылық әрекет жасағандардың істері бойынша тергеу жалғасады. Осы орайда адамдарды азаптау қылмысы бойынша күдікке ілінген құқық қорғау қызметкерлеріне рақымшылық қолданылмайтынын нақтылады. Елімізде заң үстемдігі болуға тиіс. Заң мен тәртіп мемлекетіміздің беделіне шын мәнінде нұқсан келтірген қайғылы қаңтар оқиғасының қайталануына жол бермеуге мүмкіндік береді. Одан сабақ алу керек және бұзақылар мен лаңкестерден батыр жасаудың еш қажеті жоқ. Олар халқымыздың түпкі мүддесіне мүлдем сай келмейтін жеке мақсатты көздейді. Елдің Президенті ретінде, мен үшін әділдік – ең жоғары құндылық. Сондықтан менің әкімшілігімде азаматтардың өтініштерін қабылдаумен және олардың талап-тілектерін қарастыруымен айналысатын арнайы бөлім бар. Бұл жұмысты өз бақылауымда ұстаймын. Биылғы 9 айда менің атыма 41 мың өтініш келіп түсті, олардың әрбір төртіншісі құқық қорғау органдарының қызметіне және сот шешімдеріне қатысты. Бұл құқықтық реформаны жалғастырудың маңыздылығын көрсетеді. Сондықтан елімізде заң үстемдігі болуға тиіс. Онсыз қоғамдық тәртіп орнату мүмкін емес. Басқаша айтқанда, ішкі саясатымызда заң мен тәртіпті басшылыққа аламыз. Тек сонда ғана біз азаматтарымыздың игілігіне бағытталған экономикалық реформаларды тиімді жүргізу үшін қолайлы жағдай жасай аламыз. Заң мен тәртіп мемлекетіміздің беделіне шын мәнінде нұқсан келтірген қайғылы қаңтар оқиғасының қайталануына жол бермеуге мүмкіндік береді. Одан сабақ алу керек және бұзақылар мен лаңкестерден батыр жасаудың еш қажеті жоқ. Белгілі бір күштердің жетегіне ерген және кішігірім қылмыстар жасағандарға рақымшылық жарияладым. Ал бұзақыларды, кісі өлтірушілерді, тонаушыларды қолдауға тырысатындардан сақ болу керек. Олар халқымыздың түпкі мүддесіне мүлдем сай келмейтін жеке мақсатты көздейді. Жуық арада мемлекетке сатқындық жасағандар, екіжүзділік және қорқақтық танытқандар сот алдында жауап береді. Қайғылы жағдайға жол берген немесе арандатушылық әрекет жасағандардың істері бойынша тергеу жалғасады. Әлем халықтарының жақсы қасиеттерін бойға сіңіріп, озық үрдістерін үйрену үшін тіл білу қажет. Бабаларымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деп айтқан. Шын мәнінде, жастар неше тіл білсе, алдынан сонша елдің есігі айқара ашылады. Бұл туған еліңнің мүддесіне қызмет ету үшін қажет. Дегенмен, ең алдымен, жастарымыз ана тілін – қазақ тілін білуі керек.
Ана тіліміз бірінші орында болып, бәріміз үшін негізгі басымдыққа ие болуы қажет. Солай болады да деп атап айтқым келеді. Жалпы, біз тіліміз дамымай жатыр деген ойдан арылуымыз керек. Тәуелсіздік кезеңінде оның мәртебесі биіктемесе, төмендеген жоқ. Қаншама ақпарат құралдары хабар таратады. Газет-журналдар, кітаптар шығып жатыр.
Қазақша сөйлейтін жастар көбейіп келе жатыр. Жалпы, тілдік орта түбегейлі өзгерді. Қазақ тілін білетін өзге ұлт өкілдері де аз емес. Соған сәйкес қазақша фильмдерге, әндерге және басқа да өнімдерге деген сұраныс жоғары. Мұның бәрі қазақ тілінің қолдану аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Сондықтан, алаңдауға еш негіз жоқ. Қазақ тілін пайдаланып, саяси ойындар жүргізудің қажеті жоқ. Осындай теріс түсініктер кейбір елдерді қасіретке ұшыратты. Мемлекет қазақ тілін қолдау үшін тиісті шаралар қолданып жатыр. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береміз.
Ұлт болашағы ұрпақтың білімді болуына байланысты. Мен білім саласына, оның ішінде әрбір өңірдегі мектептердің жай-күйіне айрықша мән беріп отырмын. Алматы облысында үш ауысыммен оқытатын мектеп мәселесі әлі шешімін таппай келеді. Аймақта осындай 52 мектеп бар. Небәрі 30 мың оқушыға есептелген мектептерде 90 мыңға жуық бала оқып жатыр. Бұл мәселені шұғыл шешу қажет. Осы жұмысқа мемлекет және жекеменшік серіктестігі арқылы бизнес өкілдерін тартқан жөн. Өңірде осындай игілікті іске атсалысуға дайын кәсіпкерлер бар деп ойлаймын.
Алматы облысы – бала туу көрсеткіші бойынша көш бастап келе жатқан өңірдің бірі. Осы өңірде 45 мыңға жуық көп балалы отбасы тұрады. «Балалы үй – базар» дейді халқымыз. Шын мәнінде, бала – біздің қуанышымыз, бала – біздің болашағымыз. Елімізде қолға алынған өзгерістің бәрі ұрпақ үшін жасалып жатыр. Мен Жолдауда айтқанымдай, жаңа жылдан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімі сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылатын болды. Сондай-ақ әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдадым. Ана мен балаға қамқорлық келешекте де жалғаса береді.
Әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып сақталады. Осы 5 жыл ішінде біз денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруіміз керек. Ол үшін ауылдағы медицинаны жақсартамыз, аудандардағы медициналық емханаларды жаңғыртамыз, көпбейінді ауруханалар саламыз. Аймақта тағы бір өзекті мәселе бар. Бұл – тұрғындардың малын жаятын жердің тапшылығы. Биыл облыста бос жатқан 300 мың гектар жер анықталған. Оның басым бөлігі – жайылым. Жер иелері 100 мың гектар жерді өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарды. Оның 50 мың гектары қазірдің өзінде халықтың игілігіне берілді. Өңірде жеміс-жидек өсіруге зор мүмкіндік бар. Бірақ бұл мүмкіндікті толық іске жаратпай отырмыз.
Қазір әлемде өте күрделі ахуал қалыптасып отырғанын білесіздер. Халықаралық қатынастар жүйесі зор сын-қатерге тап болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының басты қағидалары бұзылды. Кейбір елдер бір-біріне оқ атып, халқының берекесін қашырды. Жұрт тұрақтылық пен тыныштықтың қаншалықты қымбат екенін түсіне бастады. Біз аумақтық тұтастығымыздың және тәуелсіздігіміздің қадірін білуге тиіспіз. Әрбір жан адал еңбек етіп, мемлекетімізді нығайтуға өз үлесін қосуы керек. Түптеп келгенде, тәуелсіздіктің баянды болуы әр азаматтың қолында екенін ұмытпайық, ағайын! Сондай-ақ бір сүйінші хабарда жеткізгім келеді. Сапар барысында Мемлекет басшысы: «Жетісудан шыққан азаматтар тәуелсіздік кезеңінде елімізді дамытуға зор үлес қосты. Соның ішінде белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті баршаңыз жақсы білесіздер. Оның әзірлеген хабарлары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бейсен Құранбек Жетісу телеарнасында біраз жыл табысты қызмет атқарды. Оның азаматтығы, ұлтжандылығы және отаншылдығы, еңбекқорлығы қалың жұртқа танымал . Өкінішке қарай, дарынды азамат ортамыздан ерте кетті.
Мен Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсыныс айтылып жүргенін білемін. Бұл – Жетісу жұртшылығының, сондай-ақ барша журналистер қауымының, қалың көрерменнің және жалпы халықтың қалауы. Сондықтан, бастаманы қолдау қажет деп санаймын», – деп көптен көңілде жүрген жақсы жаңалықты ортаса салып, қалың елді, әсіресе облыстағы журналистер қауымын бір қуантып тастады.
Айта кетейік, президент атап өткен қайғылы қаңтар оқиғасына байланысты Азаптау қылмысы бойынша күдікке ілінгендерге рақымшылық жасалмайды. Бұл туралы 18 қазанда өткен Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев: «Қазіргі кезде құқық қорғау саласындағы 49 адам жауапкершілікке тартылып жатыр. Оның біреуіне ғана рақымшылық қолданылуы мүмкін. Ол іс әлі сотқа жолданған жоқ. Күдікті қылмысты жасыру дерегі бойынша тергеліп отыр. Ал қалғандары азаптау мен билікті асыра пайдалану істері бойынша тергелді», – деді. Сонымен бірге осы отырыста Премьер-Министр Әлихан Смайылов: «Жинақты зейнетақы алу мөлшерін 2025 жылға 27 процентке ұлғайтамыз деген жоспарымыз бар. Осы жұмыстың нәтижесінде 2028 жылы зейнетке шығу жасын әрі қарай ұлғайтамыз ба, әлде қалдырамыз ба, қарастырып көреміз», – деп мәлімдеді.
Жанбота Сұлтанмұратқызы