КЕРЕКСІЗ ЗАТТЫ КӘДЕ ЖАРАТҚАН КӘСІПКЕР

КЕРЕКСІЗ ЗАТТЫ КӘДЕ ЖАРАТҚАН КӘСІПКЕР

Сіз өзіңіздің мамандығыңызды қаншалықты жақсы көресіз ? Алған біліміңіз бен бүгіндегі жасап жүрген жұмысыңыз ұқсас па? Бұлай оқырманға сауал қойып отырған себебіміз, біз сұхбаттасатын бүгінгі кейіпкердің кәсібі мен алған негізгі білімінің арасында алшақтық көп. Ендеше назарларыңызға Талғар қаласының тұрғыны, кәсіпкер, скульптор Қуаныш Мұхамеджановпен болған сұхбатты ұсынамыз.

– Қуаныш мырза, сіздің мына ерекше өнеріңіз жайында әртүрлі мемлекеттік БАҚ беттерінде жазылып та, айтылып та келеді. Десе де мен әңгімені әріден бастағым келіп отыр. Жалпы сіздің негізгі мамандығыз қандай ?
Мамандығыма келер болсам Алматы қаласындағы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін стоматолог мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Әкемде медицина саласының маманы. Ол кісі де көптеген жылдар бойы тіс дәрігері болып қызмет етіп келеді. Өз кезегімде мен де оқуды бітірген бойда  он жылдай алған мамандығым бойынша әкеммен бірге табысты жұмыс жасап көрдім. Бірақ кейіннен түсіндім медицина менің салам еместігін осылайша жеке кәсібімді ашуға бет бұрдым.
– Сан жыл сарп еткен уақытыңызды жұмсаған дипломыңызды қойып кәсіпке келген екенсіз. Ал мынау біз отырған, қаламыздың кіреберісіндегі  қоғамдық тамақтану орыны сіздің кәсіпкер ретіндегі бірінші жобаңыз ба? Және бүгіндегі бұл кәсіптің жәй-күйі қалай?
Жоқ. Мен бұдан бұрын Алматы қаласының ішіндегі бірді-екілі мейрамханаларды жалға алып жұмысымды бастадым. Кейіннен 2016 жылы өзімнің атымнан несие алып осы ғимаратты салып Талғар тұрғындары үшін жайлы орынға айналдыруды қаладым. Менің білуімше сол уақытта бұл қалада суши, пицца сынды ас мәзірін ұсынатын орталықтар болмаған. Осылайша ешқандай мемлекеттік бағдарламаларға қатыспай ақ өзімізді-өзіміз қаржыландырып жұмысмызды жүргізіп келдік. Баршаға белгілі соңғы үш төрт жылдағы жағдайлардың әсерінен туындаған түрлі шектеулер мен  тиымдар бұл мекеменің жұмысының тоқтауына себеп болды. Қазіргі таңда өздеріңіз көргендей ғимараттың екінші қабатын роботтардың кішігірім көрмесі жасап қойдық.
– Негізінде біздің сізге келіп әңгіме-дүкен құруымызға түрткі болған осы бір ерекшелігіңіз еді. Расымен мейрамханаңыздың ішікі-сыртқы келбеті өзгеше. Есігіңіздің алдын күзетіп  өзіңіздің қолыңыздан шыққан темір роботтар тұр. Бұл ойыға қалай келдіңіз ? Әлде маркетинг па?
Жалпы осы сынды туындыларды өнер тілінде «РИСТАКЛ АРТ» деп аталады. Яғни керек емес, істен шыққан әр түрлі тұрмыстық техника, автокөлік жабдықтарынан құрастырылатын туынды. Бұл ой 2017 жылы отбасыммен Тайландқа саяхаттап барған кезде туды. Әртүрлі бөлшектен құрастырылған робот скульптураларды сол жердегі қоғамдық орындардан көптеп кездестірдім. Мені қатты қызықтырды. Елге келгеннен кейін әлгі көрген туындыларды қайдан алу керектігін іздестірдім, таппадым. Содан не керек ел жасамғанды мен жасайын деп шештім. Осылайша дәнекерлеуді үйреніп үйде жатқан көлігімнің керек емес құралдарын қолдана отырып мына есіктің алдындағы «БАМБЛБИ» роботын жасап шығып мейрамхананың алдына әкеліп қойдым. Бір қызығы менің хобби етіп бастаған туындыларым елдің көңілінен шығып келушілердің қызығушылығын оятты. Артынша роботтардың да қатары көбейді.
– Сізді елге танытқан кәсіпкерлігіңізден бұрын қолыңыздан шыққан туындыларыңыз десек қате айтпаймыз. Ал осы «темір батырларға» қажетті құрал-жабдықты қайдан аласыз ?
Керекті бөлшектерге келетін болсам, оны темір өнімдерін қабылдайтын орталықтардан іздеп табамын. Қажет болса сатыпта аламын. Тіпті керек десеңіз үлкен деген кәсіпорындардан да алатын кездер болып тұрады. Мәселен  әуе компаниясының істен шыққан жарамсыз ұшақ жабдықтарын алдым. Керексіз дүниені қашанда қажетке жаратуға болады. Ол заттардан да ерекше бір туынды жасау ойымда бар.   Осы секілді процестерді санамағанда бір роботты жасауға қиындығын қарай бір ай мен бір жылдың арасында уақыт кетеді.
– Біз көрген өзіңіздің жеке шеберханаңыз екен. Байқағанымыздай сізден басқа жан жоқ. Бір адамға бұл хобби ауырлық етпей ме ?
Бұл менің жеке қызығушылығым. Мына көріп тұрған шеберхананы  осындай роботтарды құрастыру үшін арнайы салдым. Ал ауыртпашылығына келетін болсам ойлағандарыңыздай қиын емес. Неге десеңіз бұл туындылар құрастырылатын конструкция түрінде жасалатындықтан құрып қайта бұзуда қиынға соқпайды мен үшін. Сонымен қатар жаңа көргендеріңіздей мен тек темірден ғана құрастырмаймын. Шаң сорғыш, теледидар, балалардың ойыншық көліктері т.б тұрмыстық қолданыстан шыққан пластикалық техникалардан да  әртүрі кейіптегі робот мүсіндерін жасаймын. Ал олар жеңілдеу болатыны белгілі.
– Соңғы сұрақ. Жақындарыңыздың тарапынан сіздің осы хоббиіңізге қарсы болғандар болды ма ?
Әлбетте, алғаш бастағанда таныстарымның арасында бұл ісімді түсінбегендер болды. Бірақ уақыт өте халық көңілінен шығып, түрлі БАҚ беттерінен көрінгеннен кейін ол ойларының қате екенін түсінді. Сонымен қатар түрлі пікірмен, азды көпті қиындықтарға да төтеп берген хоббиіме деген махаббатым да шығар. Сұхбат басында өзіңіз кейіпкерлерді қайдан, қалай жасайсыз деп едіңіз ғой. Айтайын, көп туындым менің бала кезден көріп өскен  кинолардың ішінен алынған. Хоббиге қызығушылығым мұнымен ғана шектелмейді. Қай елге барсам да роботтардан коллекция жасап  жинап жүретін әдетім бар. Оның біразын сатып алған болсам, қалғанын сыйлыққа алдым.
– Әңгімеңізден аңғарғанымыздай машақаты көп жұмысты хобби етіпсіз. Керек жабдықтарыңызды сатып та алады екенсіз. Бұдан бөлек бір мүсінді құрастыру үшін де біраз уақыт жұмсайсыз. Енді осыларды болашақта сатылымға шығару, көрме жасау секілді кәсіп көзіне айналдыру ойыңызда бар ма, және бес жылдық жұмысыңызда неше робот құрастырдыңыз ?
Ал енді сатылымға шығарып кәсіпке айналдыруға келер болсақ. Қолөнерге келгеніме бес жыл толады биыл. Алғашқы төрт жылда жасаған дүниелерімді ешкімгесатпай жалға да бермей жүрдім. Өткен жылдан бастапбіртіндеп жалға және сатылмға шығара бастадым. Алматыға апарып көрмелер ұйымдастырып дегендей. Осыдан кейін  «Астана Мотрс» компаниясы қызығушылығын білдіріп келіскен баға бойынша екітуындымды сатып алды. Дұрыс бағаланып ел тарапынанеленіп жатса кәсіпке айналдырудан қашпайсың ғой. Бірақдәл осындай құрастырмалы мүсіндер  біздің нарықтатөмен бағаланады.
2017 жылдан бері есептегенде 29 фильм, мультфильм кейіпкерлерін жасап шығарыппын. Мәселен Еуропа, Ресей сынды елдердегі бұл өнерге деген сұранысбіздікіне қарағанда жоғары. Тіпті мен осы бағыттаалғашқы жұмыстарымды бастаған да  ел ішіненқызығушылық танытқан ешкім болмаған еді. Бүгінгітаңда еліміздің бірқатар өңірлерінен көрме жасауғаұсыныстар түсуде. Көбіне басқаларға қарағандашымкенттіктер көбірек қызығушылық көрсетіп отыр.  Ал өзім сол көрменің Талғар ауданында болғанын қалаймын, әзірге демеуші табылған жоқ бірақ.
Қуаныш мырза, ерекше өнердің елге беймәлімтұстарын айтып, сұхбаттасқаныңызға үлкен рахмет. Шығармашылық табыс тілейміз!
Дархан МАҚСАТҰЛЫ,
тілші
@darkhan_auk