Алматы облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы облыста жағдайдың тұрақтанғанын хабарлайды!
Штаб жетекшісінің шешімімен ағымдағы жылдың 7 ақпаны күні сағат 00:00-де Талдықорған, Текелі қалалары мен Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Жамбыл, Қарасай, Ақсу, Ескелді және Қаратал аудандарында терроризм қауіптілігінің жоғарғы «Қызғылт сары» деңгейi тоқтатылды. Арнайы және құқық қорғау органдары штаттық жұмыс кестесiне көшірілді.
Алматы облыстық терроризмге қарсы күрес жәнiндегi жедел штабы тұрғындарына түсіністікпен қарап, азаматтық жауапкершілік танытқандары үшін алғыс білдіреді.