Достықтың алтын тамыры — халықтар бірлігінде

Жуырда қаламыздағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің Мәдениет үйінде «Достықтың алтын тамыры — халықтар бірлігінде» атты тақырыпта Аналар кеңесінің облыстық форумы болып өтті. Форумға облыс орталығы Талдықорған қаласынан Қазақстан халқы кіші Ассамблеясы жанындағы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Жамал Баймадиева мен аудан әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбек-ұлы, облыс бойынша барлық Ааналар кеңестерінің төрағалары, этномәдени орталықтардың жетекшілері, ақ жаулықты әжелер көптеп жиналды.
Форум басталмас бұрын жиылған көпшілік Мəдениет үйінің фойесіне қойылған этномəдени орталықтардың көрмесін тамашалады. Көрмеге ауданымыздағы өзге ұлт өкілдері ұлттық тағамдарын, қолөнер заттарын, үй жиһаздарын, тағы басқа да дүниелерін қойған екен. Барлығын қызығушылықпен тамашалаған қонақтар зал ішіне жайғасып, форумның жұмысын бастап кетті. Жиынға аудан əкімінің орынбасары Дəрменияр Қыдырбек-ұлы төрағалық етіп, ауданымыздағы гендерлік саясаттың жүзеге асырылуы туралы сөз қозғады. Ол бүгінгі күні аудан тұрғындарының 94217-і əйелдер қауымынан екенін жəне ол тұрғындар санының 51,2 пайызын құрайтынын айтты. Сонымен қатар, олардың ішінде ұрпақты болу жасындағы əйелдер саны – 48 000, 1 жасқа дейінгі балалар – 4125, 5 жасқа дейінгі балалар – 20747, жасөспірімдер – 6801 екенін тарқатып айтып берді. Отбасы істері жəне гендерлік саясат жөніндегі комиссия мүшелері əрбір ауылдық округтердегі аталмыш комиссия жетекшілерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келе жатқанын айтқан басшы еліміздегі айтулы мерекелерде жəне тағы да басқа уақыттарда жастармен өтетін əрбір шараларға білім жəне денсаулық сақтау саласының мамандары, кəсіпкер əйелдер, ақ жаулықты аналар бір кісідей атсалысып, белсенділік
танытып тұратынын тілге тиек етіп, ауданымызда əйелдерге деген қолдау жұмыстары өз деңгейінде жүріп
жатқанын да жеткізді. Сонымен қатар, ауданымызда əйелдер қауымының жұмыспен қамтылып, қысқа мерзімді курстарда білімін жетілдіріп жатқаны мен олардың қоғам өміріне белсене араласып, атқарып жатқан игі істері жайында да сөз қозғалды. «Талғар аудандық ауыл əйелдері Одағы» қоғамдық бірлестігі мен аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан əлеуметтік тапсырыс негізінде «Талғар ауданында ауыл əйелдері жағдайларына талдау жасау, елді мекендерде
гендерлік белсенділікті жоғарылату бойынша жəне тұрмыстық зорлықзомбылықтың алдын-алу» бағытында
жергілікті полиция құрылымдары қыз меткерлерімен «Жанұядағы ген дер лік теңдіктің жетістіктері, жанұяны нығайту жəне оны қоғамда рөлін арттыру», «Жанұялық қатынаста гендерлік теңдікке жету, отбасылық жəне адамгершілік рухани құндылықтарды жəне жанұя институтын нығайтуды насихаттау», «Зорлыққа жол бермейік!» тақырыптарында елді мекендерде кездесулер өткізілді.
Аудан бойынша «Берік отбасы — берік мемлекет», «Отбасында зорлықзомбылыққа жол жоқ!» тақырыптарында билбордтар ілінді. Аудандық білім ошақтарында «Ойлан, қызым тағдыр қатал», «Сен — болашақ анасың», «Ұлұятымен, қыз-қылығымен ардақты», «Қызға қырық үйден тыйым», «Арыңды сақта-бойжеткен» тақырыптарында ашық əңгімелер жүргізілді. Мектептердің педагог-психологтары «Жасөспірім қыз баланың табиғаты», «Ер балалардың өтпелі кезеңдері», «Зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Детство без жестокости и насилия», «Адамгершілік-жыныстық тəрбие беру» сынды тақырыптарда тренингтер жүргізіліп, жоғарғы сынып оқушыларына «Нравственно-половое воспитание школьников», «Достық, жолдастық, махаббат» тақырыптарында лекция сабақтары өтті. Психологпен бірлескен профилактикалық жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, облыстық «Мерейлі отбасы» байқауына екі жеңімпаз отбасы қатысып, бағалы сыйлықтар мен облыс əкімінің «Алғыс хатымен» марапатталғанын да айтып кетті. Дəрменияр Алғатбекұлы келесі
кезекте сөзді аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Мəрия Сихымбаеваға берді. Мəрия Ордабайқызы өз сөзін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында бастады. Тарихтың толқындарын таразылаудан бастап, ұлт болмысын барынша бағалаумен байланысып, мемлекеттің атқаруы тиіс міндеттерін межелеп берген мақалада айтылғандай ұлттың мəдени кодын сақтау үшін тəрбие мəселелерін қоғамның басты тақырыбы етіп қою керектігін, бүгінгі күннің негізгі міндеті – болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру екенін жəне көздеген мақсатқа жету үшін қазақстандық біртектілікті қалыптастыру бойынша жұмысымызды жалғастыруымыз керектігін қадап айтты. Аналар Кеңесі негізінен қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты жəне этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дəстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту жəне сақтау үшін жұмыс жүргізіп, ата-аналардың, дені сау, рухани адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тəрбиелеудегі жауапкершілікті арттыруға бейімделген. Кеңестің негізгі бағыты – отбасы
институттарын нығайту, азаматтық жəне рухани-мəдени бірдейлігін қалыптастыру, этникааралық келісімді насихаттау, қарым-қатынас төзімділігін, ұрпақтың мирасқорлығын, ұлттық дəстүрлерге жəне отбасылық құндылықтарға құрметті нығайту жəне сақтау, ұрпақты дене тəрбиесіне жəне рухани-адамгершілікке баулу үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға жəрдем көрсету. Талғар қаласы жəне 10 ауылдық округтерде, ауылдарда «Аналар кеңесі» құрылып, құрамында 50-ге жуық адам бар. Қазіргі таңда Аналар кеңесінің алдына қойған мақсат – міндеттерін орындау жолында ауқымды іс-шаралар өткізілгенін айтқан Мəрия Ордабайқызы барлық атқарылған шаруаларын тізбектей жеткізіп, əрбір игілікті іс-шараға жеке тоқталып өтті. Содан кейін мінберге инновациялық білім беру орталығының директоры, «Кəусар» əлеуметтік қолдау, білім жəне кеңес беру орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Найля Үмбетова көтеріліп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы рухани жаңғыру, ұлттық сананы қалыптастыру, ұлттық тəрбие туралы сөз
қозғады. Өз елінің патриоты болған білімді ұрпақ қана елімізді əлемдегі дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосатынын айтты. Сол ұрпақты тəрбиелеп отырған аналардың қоғам өміріне белсене атсалысуы, кəсіпкерлікке бет бұрып, жаңашылдыққа ұмтылуы құптарлық іс екенін айтты. Форумның келесі бөлімінде ауданымыздағы этномəдени орталықтар мен ауыл аналары түрлі ұлттық салтдəстүрлерімізді паш ететін көріністерін көрсетті. Ұйғыр ұлты сəбиді бесікке салу рəсімін көрсетсе, славян ұлты құда түсуді, түрік ұлты келін түсіру рəсімдерін ұсынды. Грек ұлтының қыздары əсем билерін билеп берді. Тұздыбастау ауылдық «Аналар нұры» əжелер ансамблінің ақ жаулықты аналары қазақ халқының «Тұсау кесер» салтын мəн-мағынасын аша отырып, барлық нақышымен көрерменге паш етті. Форумды қорытындылаған Қазақстан халқы кіші Ассамблеясы жанындағы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Жамал Баймадиева аудандық Аналар кеңесінің жұмысына оң бағасын беріп, ауданымыздағы ұлтаралық татулық пен бірліктің бүгінгі көрінісіне ризашылығын білдірді.
Қазыбек ӘБІЛҚАЙЫР