Рухани жаңғыру – кемел келешек кілті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған айрықша міндеттерді халыққа насихаттау бойынша елімізде игі шаралар атқарылуда. Алматы облысы дін істер басқармасының ұйытқы болуымен өтіп жатқан «Рухани керуен» жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясындағы «Рухани Керуен» жобасын насихаттау мақсатында облыста зиялы қауым өкілдерінен топ құрылып, өз жұмысын бастап кетті. Облыс орталығы Талдықорған қаласынан бастау алған «Рухани керуен» жобасы кеше табиғаты тамылжыған өңір Талғар ауданында болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша мәдени-тарихи ескерткіштер зерделеніп жатқаны белгілі. Игі жақсылар бірінші кезекте «Ескерткіштер елдіктің белгісі» деп Ұлы отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті.
Келесі кезекте əкімдіктің кең залында «Рухани Керуен» жобасы бойынша «Рухани жаңғыру: жарқын істердің бастамасы» тақырыбындағы кездесу өтті. Кездесуге аудан əкімінің орынбасары Дəрменияр Қыдырбекұлы төрағалық етті. Алқалы жиынға Дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдəулетов, облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы, сазгер, ақын Кəмнұр Тəлімұлы, сонымен қатар аудандық мекеме, кəсіпорын, басқарма басшылары, маслихат депутаттары, бөлім жетекшілері, еңбек ардагерлері, білім беру, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, БАҚ өкілдері, жастар, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, аудандық ақпараттықтүсіндіру тобының мүшелері, Талғар қаласы жəне ауылдық округ əкімдері қатысып отырды. Кездесудің басты мақсаты – жиналған қауым мен жастарды бабадан ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға ұлы керуені үзілмеген дəстүрлі дінімізді дəріптеп, ел арасында татулық пен бірлікті ту етіп діннің діңгегінің берік болуына жəне қазақ хандығының мəдениеті мен салт-дəстүрлерін құрметтеуге тəрбиелеу, дəстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыру. Айта кету керек, Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясындағы «Рухани Керуен» жобасын насихаттау мақсатында құрылған топ құрамында: облыс əкімінің орынбасары — Омар Жақсылық Мұқашұлы, облыстық ардагерлер алқасының төрағасы Келемсейіт Ермек Əбілмəжінұлы, Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы, Дін істері басқармасының басшысы Есдəулетов Рахмет Разбекұлы,
облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы, сазгер, ақын, Талғар ауданының құрметті азаматы Кəмнұр Тəлімұлы, т.б. облыстық мекеме, қоғамдық ұйым өкілдері енгізілген. Топ мүшелері ауданымызда бірқатар шаралар, кедесулер өткізді. Дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдəулетов «Бізге жауапкершілік жəне сенімділік керек. Əлемдегі діни ахуалды күнделікті көріп, біліп жүрсіздер. Экстремизмді болдырмау жəне дініміз бен ежелден қалыптасқан ұлттық салт-дəстүрімізді жаңғырту уақыт талабы», — деп игі шара жайлы əңгімеледі. Облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев өз сөзінде: «Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бүгінгі күнгі өзекті мəселе – рухани жаңғыруымыздың қажеттілігі баса айтылады. Мемлекет басшысы жаңа бастама көтеріп, даму жолымызды жан-жақты айқындап, бағдарлап берді. Елбасымыздың мақаласының 12 сəуір – алғаш ғарышқа адам ұшқан күнде жариялануы тегін емес болар, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» – Қазақстанды жұлдызға жетелейтін бағдарлама болады
деген сенімдемін. Рухани жаңғыру – жастарға арналған бағдарлама. Ел ертеңі болар білімді, білікті жастарымыздың саны арта берсін», — деп атап өтті. Алқалы жиында сөз алған белгілі діни қайраткер Ратбек қажы Нысанбайұлы «Дін – халықтың рухани тірегі» деп Ислам дінінің құндылықтарына кеңінен тоқталды. Кездесу соңында аудандық көркем өнерпаздардың қатысуымен концерттік шара өтті. «Рухани керуен» тобының мүшелері аудандық ауруханада болып «Денсаулық — болашақ кепілі!» тақырыбында діни себептермен екпе, қан құюдан бас тартқан азаматтармен жұмыс мəселесі жөнінде кездесу өткізді. Сонымен қатар, аудандық кітапханада «Ақпараттық түсіндіру жұмысы – діни сауаттылықты арттырып, рухани байлығымызды дəріптейді» тақырыбында білікті дінтанушы ғалымдардың ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерімен дөңгелек үстел өтті. «Ұлттық рух рухани жаңғырудың негізі» айдарында ақсақалдар алқасымен, ардагерлермен кездесу, «Дінаралық татулық – болашаққа нық қадам» тақырыбында діни бірлестік жетекшілерімен кездесу, «Рухани жаңғыру; туған жер – алтын бесік» тақырыбында сурет жəне кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазыбек ӘБІЛҚАЙЫР