Бұрын бұл жерде бай флора мен фаунасы бар тропикалық орман болады, бірақ адамдар ағаштың бәрін шауып алған соң жойылып кеткен. Тропикалық орман өліп, топырақ құнарсызданып, жансыз шөлге айналады. Бразилиялық отбасылық жұп 20 жылдың ішінде орманды қайта қалпына келтірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бразилиялық фотожурналист Себастьян Сальгадо өте әдемі табиғат аясында, тропикалық орманда дүниеге келіп, ер жетеді. Туған жерінен жыраққа кетіп, көп жылдан кейін оралған Себастьян жайқалған табиғаттың орнында қалған қаңыраған даланы көріп қатты қынжылады.
Себастьян Сальгадо табиғатты бұрынғы қалпына келтіріп, адамдардың келтірген залалын түзетуге шешім қабылдады. Әйелі Лелия Делуис Ваник Сальгадо Себастьянға батыл ой тастап, орманды қайтадан отырғызуды ұсынады. Осылай отбасылы жұп Instituto Terra (Earth Institute) атты ұйым құрған.
1999 жылдың желтоқсанында ұйым алғашқы тұқымдарды отырғыза бастаған, бұл керемет трансформацияның басы болды. Олар ағаштың 300-ден астам түрін отырғызып, осы жердің флорасы мен фаунасын қалпына келтірді.
Фотосуреттерден табиғаттың қалай қалпына келіп, өмірге қайта оралғанын анық байқайсыз.
Топырақ эрозиясы реттелген соң, су ресурстары қалпына келген. Кесуден кейін жойылған табиғи көздер қайтарылды. Ең маңыздысы жануарлардың орманға қайта оралуы болды. Жаңа орманда құстың 172 түрі, сүтқоректің 33 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі және амфибияның 15 түрі пайда болды. Соның ішінде бүкіл дүниежүзінде жойылып кету қаупі төнген түрлері де бар.
Қазіргі таңда Минас -Жерайс тропикалық жұмаққа айналған. Орманда көптеген өсімдіктер мен жануарлар өмір сүреді.
20 жылдың ішінде жоғалған жердің түпнұсқалық пішінін қайтарылды. Ал өмірсіз шөл дала тек ескі фотосуреттерде қалды. Instituto Terra ұйымы адамның табиғатты жойып қана қоймай, қоршаған ортаны қалпына келтіре алатынын көрсетті. Жерді қалпына келтіргеннен кейін жер институты өзінің жұмысын тоқтатпай, экологияны қорғау және планетамызды сақтау идеясын дамытуды жалғастырып келеді.
Талғар-ақпарат