Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Алматы облысының мемлекеттік қызметшілер арасында «Жайдарман» ойыны өтті, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Жайдарман» ұйымдастырушыларының басты мақсаты: мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруға және мамандарды зияткерлікке, ізденімпаздыққа, жасампаздыққа бағыттай отырып, ұжымдық бірлестікті қалыптастыру.
Байқауға барлығы 4 команда қатысып, бақ сынасты.
Фестивальдің қорытындысы бойынша Алматы облысының ішкі саясат басқармасы атынан қатысқан, «Vip Zhetysu»құрама командасы үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынмен марапатталса, Алматы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, «Тауқыраң» командасы екінші орынды, ал үшінші орынды Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы атынан шыққан «Жастар» құрама командасы иеленді.
Ойынға төрелік еткен қазылар құрамында «ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы облысы бойынша департаментінің» басшысы Серікбай Нұрғисаев, «Алматы облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының» басшысы Марлен Көлбаев, «Жетісу» телеарнасы, «Таңжарық» бағдарламасының редакторы Еркебұлан Жақыбай, КВН-нан Қазақстанның 3 дүркін чемпионы, «Жетісу» телеарнасы арнайы жобалар бөлімінің қызметкері Абилов Әділбек сынды танымал тұлғалар болды.
Қазылар алқасы мен көрермендер үлкен әсер алып, көтеріңкі көңілге бөленді.
Талғар-ақпарат