ҚАЙТА ОРАЛҒАН ТӨЛ ДӘСТҮР

ҚАЙТА ОРАЛҒАН ТӨЛ ДӘСТҮР

Жоғымызды түгендеп, барымызды тануға кіріскелі бері зырғып ай, жылжып жыл өтсе де, осы бір көрісу кү-ніне деген тарихшылардың ойы алабөтен. Бірі «бұл Батыс Қазақстан жұртына ғана тəн дəстүр» деп салғырт-тық танытса, бірі «көрісу – халықтық мереке ретінде аумалы-төкпелі замандардың сынынан аман өтіп, бүгінге
жеткен дəстүрдің озығы. Жыл басы» деп ұлттық сананы суытпауды айтып, жар салады.

Кім не десе де, оралдықтар «көрісу айты», ал атыраулықтар «амал» деп думандата тойлайтын бұл күннің түп-төркіні тым тереңде жатқаны айдан анық. Қазақстанның батыс аймағына берік орныққан бұл дəстүр көктемнің көгорай шағында жыл сайын бүкіл халық асыға күтетін үлкен мерекеге айналып отыр. «Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақдағы» деп Қадыр ақын айтқандай, дəуірлер тепкісінен тамырынан ажырай жаздап ортамызға оралған дəстүрге қуанғаннан өзге қандай сезім болсын.

«Жыл құтты болсын!», «Бір жасқа есеюіңмен!», «Осы жылға аман-есен жетуіңмен!». Амандық саулық сұра-сып, ақ тілектерін ақтара қауышып жатқан ағайынның қалың тобын қаймағы бұзылмаған Нұра ауылынан кездестірдік. Былтырғы жылы аудан орталығында тойланған көрісу күнінің эстафетасын іліп алған нұралық-тар жай мерекенің өзін гүлдендіріп жіберуші еді, төл мерекемізге келгенде тайлы таяғымен аянып қалмапты. Асфальті мен интернеті жоқ болса «болашағы жоқ ауыл» деп дабыл ҚАЙТА ОРАЛҒАН ТӨЛ ДӘСТҮР қаға жө-нелетін шолақ белсенділердің сөзіне бұл ауылдың келбеті тіпті қарама қайшы. Аттың жалында, түйенің қо-мында ғұмыр кешкен ата-бабамыздың рухы сезіледі, жыры естіледі, дəстүрі көрінеді. Төрт түлігі маңырап, иті абалап шыққан ауылда кеше ғана айылын жиған қыстың қытымырлығы мүлде болмағандай. Ауылдық Мəде-ниет үйінің алдына жиналған, құшақтасып, бірбірін жаңа жылмен құттықтаған жұрттың жарқын жүзіне қарап солай демеске амалың қалмайды. Немересін жетектеген əжелер, қызылды-жасылды киінген қыз-бозбала,
соғымнан қалған сарқытты көтерген ел ағалары алты ай қыстан аман-есен шыққан ағайынның есендігін сұрап шұрқырасып жатты. Аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Мəрия Сихымбаева бастап аудандық Мəдениет үйінің директоры Берік Шағаев, аудандық кітапхана директоры Махамбет Хармысов, ауыл əкімі Сейтқұл Дон-баев, аудандық мəслихат депутаты Əбдіғани Бəзілхан, аудандық «Талғар» газетінің редакторы Бақтияр Қабасов сынды азаматтарымыз қоштаған қауымды қарсы алған нұралықтар алдымен «Ашамайға мінгізу» салтын көрсетті. Бір жасында нағашылары берген бəсірені бес жасқа келгенде тақымдаған Арыстанбек
Семейханұлына үлкендер бата беріп, шашу шашып, сол қолына аттың тізгінін, оң қолына қамшысын ұстатты.

 

– Алдымен ағаштан ашамай-ер жасадық. Оның қолтырмаш – баланың белін буатын жұмсақ белбауы жəне тепкішек – баланың аяғын салатын, үзеңгі орнында жүретін дорбасын да дайындадық. Бала үшін ғана емес ата-ана үшін де бұл үлкен жауапкершілік екенін сезіндік. «Мықтап тарт ашамайдың қолтырмашын, жас болса, жол үстінде болдырмасын», – деген тілек осындайда айтылса керек, – дейді Арыстанбектің əкесі Семейхан Дəріпхан.

Келесі əдемі отырыс дастархан басында жалғасты. Əруақтарға Құран бағышталып, ниет жасалған соң Наурызкөже таратылды. Ақ тілектерін ақтарған ел ағалары мен əжелер қауымы қазақылықтың белгісін
сақтаған ауылдың болашағына жарқын күндер тіледі. Дастархан басындағы көпшіліктің көңілін жергілікті өнерпаздар көтерді. Үйірменің əнші-биші ұл-қыздары қазақ үшін бұл күннің бəсі жоғары екендігін сезініп, бар өнерлерін төкті. Ақын Баршын Ізбасар жүрекжарды лебізін қара өлеңге өріп, поэзия сандығынан шашу шашты. Наурызға аман-есен жетіп мəре-сəре болған жұрттың берекесі мен бірлігі ұзағынан болғай деген ақ тілектен өзге не айтарсың мұндай кезде.

Меруерт ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА,
«Талғар».