ЖАҢА ҚҰРАМНЫҢ ЖОСПАРЫ АУҚЫМДЫ

ЖАҢА ҚҰРАМНЫҢ ЖОСПАРЫ АУҚЫМДЫ

2016 жылдың қаңтарынан бастап Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 99-қадамын іске асыру
аясында құрылған аудандық қоғамдық кеңес мүшелері үш жыл нəтижелі жұмыс істеп, өңірде бірқатар маңыз-ды мəселелердің шешімін табуға ықпал етті.

Енді бұл құрам өз жұмысын аяқтап, орындарын жаңа үміткерлерге босатты. Жуырда аудан əкімдігінің мəжіліс залында аудандық мəслихат хатшысы Жұмахан Еңкебайұлының төрағалығымен отырыс өтіп, жаңа құрамның тізімі таныстырылды. Қоғамдық алқа мүшесі болуға ықылас білдірген 32 адамның ішінен 21-і іріктеліп алын-ған екен. Бұл құрамда мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар дың, «Нұр Отан» партиясының, меди-цина жəне білім саласының өкілдері бар. Кандидаттардың жасына, жынысына, жұмысына шектеу қойылма-ған. Тек олардың үштен бірі мемлекеттік мекемелерден сайлануы тиіс. Осылайша ашық дауыс арқылы жаңар-тылған құрам алдағы үш жылда ауданымыздың өзекті мəселелерін жергілікті билікпен бірлесе шешуге үн қоспақ. Жиналыс спикері бекітілген құрамға табыс пен сəттілік тіледі.

Күн тəртібіндегі келесі мəселесі бойынша қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысын жəне төралқа құрамын сайлау туралы ұсыныс қаралды. Кеңес мүшесі Айдар Боранбекұлы сөз алып, төрағалыққа кеңесті үш жыл
басқарып келген Қалимолда Байболовты ұсынды. Ал хат шылыққа жігерлілігімен, елгезекті гімен көзге түсіп жүрген ау дан дық жастар ресурстық ор та лы ғының жетекшісі Замира Қалымбетованы атады. Отырысқа қатысушылардың ашық дауыс беруі арқылы ұсынылған адамдар бірауыздан сайланды. Төралқа мүшелігіне
лайық деп танылған Д.Алғатбекұлы, М.Сиқымбаева, Н.Сəр се ков, М.Бекбо сыновта бір ауыздан сайланды.
Оларға кеңес төрағасы болмай қалған жағдайда оның орнын алмастыратыны түсіндірілді. Жұмыс қа кірісуге мақсат-міндеттер айқындалды.

Төрағалық тізгінді қайта ұстаған Қалимолда Байболұлы сөз алып, өткен үш жылдың нəтижесі облыста жоғары болғандығын жеткізіп, осы межеден алдағы жылда да түспеу қажеттігін ескертті. Ауқымды жұмыстар жоспар-ланған əлеуметтік салаға баса көңіл бөлу қажеттігін айта кетті. Отырысты қорытындылаған Жұмахан Еңке-байұлы қоғамдық кеңестің үлкен рөл атқаратынын, халық пен билікке алтын көпір болып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» жұмыс істеуге шақырды. Тырнақ астынан кір іздеу – өсем, жетем деген елге береке таптырмайтынын жеткізіп, сəттілік тіледі.

Меруерт ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА,
«Талгар».