Өткен жылы күзде еліміздің бас санитары «Мичиган», «Колорадо» деген тұмаудың ауыр түрлері келе жатыр
деген еді. Жаппай барлық жергілікті жерлердегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары мен жұқпалы аурулар дәрігерлері дереу тиісті алдын-алу шаралары мен насихат жұмысын бастап та кетті. Тұмау мен ЖРВИ ауруынан әбден мезі болып қалған халық бірден мемлекет тарапынан қарастырылған тегін екпелерді ектірді. Жетпей қалғандары сатып алып жатты. Мұндай көрініс, әрине, іргемізде орналасқан Алматы сияқты үлкен шаһарларда болды. Соның өзінде үлкен қалаларда тұмау өршіп тұр. Ал талғарлықтар үшін ЖРВИ мен
тұмауға қатысты жағдай бүгінгі күнге дейін тұрақты.
Бірақ «сақтансаң сақтаймын» дегендей, дəрігерлер Алматыға жиі жол жүретін тұрғындарға иммунитеттерін түсіріп алмай, бетперде (маска) тағып жүруге кеңес береді. Себебі ауруды жұқтырып алу оңай. Одан емделу қиын. Асқынып кетсе түбі – өлімге апарады.
Аудандық орталық аурухананың эпидемиолог-дəрігері Батыржан Баратовтың айтуынша 2018-2019 ж.ж. эпидмаусымда жіті респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 912 жағдайы тіркелген. Оның 299-ы
осы жылдың қаңтар айына тиесілі. Жиырма күннің ішінде 300-ге жуық адамның ЖРВИмен ауырып қалуы бекер емес. Себебі аталған инфекция мен тұмаудың өршитін тұсы осы қаңтар айының ортасы. Сырқаттанған-дардың 26-сы жүкті əйелдер, ал 16-сы 1 жасқа дейінгі балалар екен. Ал ауруханаға ЖРВИ-мен жатып шыққан-дар саны тоғыз адам. Олардың барлығы жүкті əйелдер мен балалар. Аудан бойынша ЖРВИ мен тұмаудан қайтыс болғандар тіркелмеген. Өткен 2017 жылмен салыстырғанда биыл жағдай тұрақты. Тұмаумен ауырып тіркелгендер мүлде жоқ. Көбісі ауруды асқындыртпай үйде емдеп алатын көрінеді. Бірақ дəрігерлер ауру түрі
2-3 күнге созылса ауруханаға келіп қаралып, тиісті ем-дом алуы керек, дейді. Себебі соңына дейін инфекция түрлері емделмей қалса, кейін ағзаның басқа жеріне кері əсер етуі əбден мүмкін.
Батыржан БАРАТОВ, аудандық орталық ауруханасының эпидемиолог-дəрігері:
ЖОСПАР 100% ОРЫНДАЛДЫ
− 2018-2019 жж. эпидмаусымға СК фармация арқылы Талғар ауданына 28 000 доза вакцина алынды. Ол ресейлік «Гриппол+» деген вакцина. Жалпы аудан бойынша 28 000 адамға екпе салу жоспарланған, жоспар
100 пайыз орындалды. Қазіргі таңда тұмауды жұқтырып емделуге келген науқас тіркелген жоқ. Сонда да халық өте сақ болуы керек. Ауру айтып келмейді. Ауа-райы құбылмалы болғандықтан, терлеу мен салқын тиіп қалу жиі кездеседі. Жиі таза ауада серуендеуді əдетке айналдырып, спортпен шұғылданып, құнарлы тамақ ішу маңызды.
Олай болса аудан тұрғындарынан тұмау жəне ЖРВИ-мен қалай күресіп жатқандарын білу үшін ой-пікірлері-мен бөлісуді сұраған едік. Əсіресе халық тығыз жүретін орындарда жұмыс істейтін тұрғындардан аталмыш
инфекциялардан қалай қорғанатынын білдік.
Жадыра АНДАБАЕВА, саудагер, көпбалалы ана:
ИММУНИТЕТТІ ТҮСІРІП АЛМАЙ СОРПАЛАНЫП ОТЫРУ КЕРЕК
− Өз басым тұмауға қарсы екпе дегенге қарсымын. Соның көмегі шамалы. Барлығы иммунитетке байланыс-ты, деп білем. Отағасы екеуміз балалардың тамағына көп мəн береміз. Таза, табиғи тағамдар алуға тырыса-мыз. Қазіргі кезде ол 100 пайыз іске аспайды, əрине. Сонда да – сүт, ет, қант, сары май, көкөніс т.с.с. өнімдер-дің табиғи жолмен алынғандарын пайдаланамыз. Міндетті түрде қыста, ыңғайына қарай, аптасына бір рет сорпаланамыз. Онсыз болмайды. Балалар да соған үйренген. Қолдың сүтінен əртүрлі ботқалар жасап беремін. Өзім таңертеңнен кешке дейін базарда саудадамын. Біздің тұратын жеріміз – ашық дала. Аяқтан сыз
өтеді. Талғардың дымқыл ауа-райын білесіз. Күнде кешке аяғымды жылы суға салуға тырысам, одан қалса жылытқыш (грелка) қоям. Аллаға шүкір, осы күнге дейін балалар, я өзіміз тұмаумен ауырғанда ине (укол),
антибиотик қабылдаған емеспіз. Ауызқуысына себетін əрі соратын дəрілерді ғана қабылдаймыз. Сайып келгенде, табиғи-тағам өнімдерін пайдаланып, иммунитетті түсіріп алмауға аса ден қою керек.
Динара БАЙГЕЛОВА, үй шаруасындағы əйел:
ДӘРІГЕ ЖОЛАМАЙМЫЗ
− Осыдан 2-3 жыл бұрын ине (укол), антибиотиктерсіз тұмауды емдеу мүмкін емес болып көрінетін. Мұрындары пышылдап, су аға бастаса болды дəріге жүгінетінмін. Соңғы жылдары соның бəрі дұрыс емес екенін түсіндім. Бүгінде тұмаудың белгісі біліне бастаса болды лимон, бал қосылған шай, сүт берем. Итмұрын тұнбасын жасаймын. Пияз, сарымсақты көп пайдаланамыз. Əсіресе бөлмелерге аршып, турап қоямын. Қой-дың құйрық майын аяқтарына жатарда жағамын. Шамам келгенше халық емін қолданып жүрмін.
Міне, оқып отырғандарыңыздай біз тілдескен тұрғындардың бəрі халық еміне, бұрыннан келе жатқан емделу тəсілдеріне жүгінеді екен. Бұл қуантарлық жайт. Бір байқағанымыз кезінде антибиотикпен емделуге əуес болған жандар уақыт өте келе оның ағзаға тигізетін зиянын түсініп, одан бас тартып, керісінше қолжетімді əрі пайдалы ем-дом жасауға көшкен. Жас аналар үшін бұл жақсы бағыт болары сөзсіз.
Тағы да айта кететіні дəрігерлер көп су ішу керек, деп кеңес береді. Себебі организмдегі вирустың бəрі бүйрек
арқылы сыртқа шығады екен. Термен шыққан сұйықтықты да қайта қалпына келтіресіз. Сондай-ақ антибио-тикке де əуес бола бермеуді ескертеді. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, ауруды болдырмаудың қарекетін жасайық!
Ғалия УƏЛІБАЕВА, бас-есепші:
ЕКПЕ ЕКТІРЕМІН
− Мен екпе ектіремін. Күніне неше түрлі адаммен сөйлесесің. Ауырып келетіндері де болады. Олардың кейбі-рі бетперде (маска) киіп келсе, кейбірі мүлде түшкіріп отыра береді. Сол себепті ең дұрысы екпе салдыру. Шүкір, биыл 2-ші жыл қатарынан екпе ектіріп отырмын. Соның арқасында тұмаумен ауырмадым. Оған қоса күнде кешке мұрын-ауыз қуысын тұзды сумен шайып жатуға тырысам. Күз айынан көктемге дейін осылай қорғануға тура келеді. Ауырып үйде жатуға болмайды. Оның үстіне тұмаумен бір рет ауырсаң болды, міндетті түрде 2-3 рет қайталанады.
Әзірлеген: Әйгерім ӘМІР,
Талғар-ақпарат.