Мұғалімнің еңбек жолы

Мұғалімнің еңбек жолы

XVIII ғасырда өмір сүрген түркімен ақыны Мақтымқұлы тәрбие мен білім туралы жазған еңбектерінде: «Тәрбие мен білім – әрбір адам болмысындағы қазынасы, Мұғалім – ой мен қимыл әрекетіне ақылдың
дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» – деп баға бергеніндей, Оңтүстік Қазақстан облысы-ның Қазығұрт ауданының «Қызылқия» ауылында туып-өсіп, мектеп қабырғасынан ұстаздық мамандықты жүрегі қалаған арманшыл қыз – Динара Жорабаева мектеп бітірісімен құжаттарын Алматы қаласындағы Қазақ педагогикалық институтының химия-биология бөліміне тапсырып,оны 2007 жылы бітіріп шықты.

Онан кейін ғылым жолына бағыт ұстаған Динара 2008-2010 жылдары химиябиология факультетінің химия
магистратурасында дисcертация қорғап, «химия магистрі» атанды. Алғыр қыз 2007- 2008 жылдар аралы-ғында Алматы қаласындағы білім басқармасының «Жас натуралистер» станциясында жас жеткіншектерге
химия-биологиядан дəріс беріп «Экология жəне адам денсаулығы» бөліміне жетекшілік етіп, осы жерде же-місті еңбек етті. Міне, осы жылдарда облыстық, республикалық ғылым сайыстарында Динара дайындаған оқушылар үздік ғылыми жұмыстары үшін түрлі деңгейдегі жүлделерді жеңіп алды. Д.Жорабаеваның өзі 2012 жылы «Ең үздік мектептен тыс мекеме мұғалімі» байқауында топ жарып, бірінші орынды жеңіп алды.

Поляк халқының ұлы педагогы Ян Омас Коменский бір еңбегінде: «Мектеп-барлық адамды барлық нəрсеге үйрететін адамгершіліктің шеберханасы.Ал, мұғалім – өзі тəрбиелейтін балалардың əкесі» – деп баға берген екен. Сол айтқандай, 2018 жылдан бастап Еламан ауылындағы №41 орта мектепке «Дипломмен-ауылға»
бағдарламасымен барып, еңбек етіп жатқан Динара Жорабаева химия пəнінен оқушылармен бірге биік
белестерді бағындыруда. 2018-2019 оқу жылында оның 3 оқушысы аудандық олимпиадада жүлделі орын алса, үздік көрінген Омар Ақерке деген оқушысы облыстық жарысқа жолдама алды.Оның бірнеше оқушысы биылғы жылы Қазақ Ұлттық университеті оқытушыларының ұйымдастыруымен өткен «Дарын», «Зерде» ғылыми конференциясында бірінші, екінші орындарды иеленді. «Жан-жақты біліктіліктің өте зор құралы – өздігінше оқу» – деп ұлы жазушы Герцен айтқандай, өз мамандығынан бақыт іздеген Д.Жорабаеваны біз əлі талай-талай биіктерден көретін боламыз.

Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,

Талғар-ақпарат.