Талдықорғанда, Мемлекет басшысының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Zero To One Labs» компаниясының бас директоры, IT маман, Алмас Тұяқбаевпен семинар өтті, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамыған заманында, дамыған 30 елдің қатарына кіреміз десек, елімізде ең алдымен IT саласын дамыту басты міндет болып отыр. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы дерлік сандық жүйеге бірнеше жылдар бұрын көшіп, оны өндірісте де ауыл шаруашылығымен қызмет көрсету саласында да қолданып жатыр.
Бүгінде, осы бағдарлама бойынша Алматы облысы біршама жұмыстар атқарылып, цифравизация саласында жаңа бастауларға аяқ басқан. Атап айтқанда, «Digital Media Zhetysu 2019» форумы шеңберінде, облыстың ішкі саясат басқармасы «FREELANCEB» болашақтың мамандықтары атты жобасын іске асырды.
Жоба мақсаты Қазақстандағы алдыңғы қатарлы IT мамандардың көмегімен, жастарға ғаламтор жүйесінің қыр-сырын үйретіп, жасанды интелектің маңызын жеткізу болып табылады.
Аталған шара аясында ағымдағы жылдың 20-шы қараша күні «nFactorial Incubator» негізін қалаушы және «Zero To One Labs» компаниясының бас директоры А.Тұяқбаев студенттермен кездесті. Онда IT технологияларының соңғы жаңалықтары мен жүзеге асырылып жатқан мобильді қосымшалар, «NFactorial Incubator» компаниясының мүдделері айтылды. Компанияның соңғы 3 жылдық жұмыс нәтижесінде, 300 түлек шығарған. Директор А.Тұяқбаевтың айтуынша, олардың басым бөлігі қазіргі таңда қазақстандағы ең мықты IT мамандар болып табылады.
«Біздің мектепте тек Қазақстадықтар ғана емес, сонымен қатар шетел азаматтары мен басқа сала мамандары да білім алады. Білім алушылардың жас шамасы да әр түрлі. Ең кіші білімгергер 15 жаста. Және де ерекше айта кететін жәйт, Қазақстанда бүгінде біздің алаң брендке айталған »,- дейді ол.
Сонымен қатар, курсқа жыл сайын 1000 астам үміткер тапсырса, оның 100-і ғана гратпен оқуға жолдама алады. Білім алу барысында студенттер 7 апта ішінде «blockchain» және «machine learning» блоктары арқылы бағдарламалаумен шектеліп қоймай, мобильді қосымша ойлап табу жолдарын игереді. Курс соңында олардың жеке жобаларының жүктелу саны 10 000-ды құрайды. Міне осыдан соң, алынған тәжірибе нәтижесі көрініп, арнайы сертификаттар табысталады.
Семинарда студеттерге арнайы дайындалған презентация арқылы, IT индустриясының даму тарихымен жұмбағының шешілуі қиын жаңа технологияны меңгерудің оңай жолдары таныстырылды. Жиын соңында болашақ IT маман иелері ерекше шабыт алып, спикерге өздерінің ойлап тапқан жобаларын көрсетті.
Айта кету керек, облыста жыл соңына дейін болашақтың мамандықтары жобасы шеңберінде тағыда IT мамандармен семинарлар өткізу жоспарланған.
Талғар-ақпарат