Алматы облысының әкімдігінің қолдауымен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қытай Халық Республикасында Мұқали халықаралық экспедициясы өтеді. Оған қоғамдық пікір көшбасшылары, тарихшылар, жазушылар, суретшілер мен композиторлар қатысады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың 18-25 шілде аралығында өтетін экспедицияның мақсаты қазақ халқының ұлы Мұқалидың жүріп өткен жерлерімен танысу, рухани азық жинау.
« «Тарихын білмеген халықтың болашағы бұлынғыр» демекші осы экспедицияға барумыздың себебі өзіміздің жалайыр тайпасынын шыққан бабамыз жайлы тың деректер алу. Мұқали батырымыз талай кескілескен айқастарда жеңістің туын желбірете білген. Ол Шыңғыс хан әскерінің төрт ірі қолбасшысының біріншісі болған және империядағы тоғыз төренің бірі атанған. Сондықтан мұндай қазақ батырымызды ұлықтау, насихаттау басты бағыттарымыздың бірі», — дейді халақаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін.
Жиында сонымен қатар, ҚР Жоғары мектеп академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жалаири Өмірәлі де экспедицияның маңыздылығына тоқталып өтті.
— Тарихи құндылығы бар бұл шара болашақ ұрпаққа бабамызды тану барысында үлкен серпіліс бермек. Мұқали туралы да талай деректер сақталған. Соның бірі ҚХР-дағы жазушыларымыздың бірі Ақбар Мәжитұлының «Мұқали» кітабы. Кітап қытай тілінде жазылса да, оны қазақ және ағылшын тілдеріне аударған. Бұл дегеніміз батырымыз жайлы тек біз ғана емес шет ел де оқып жатар деген сөз. Қорытындылай келе, осындай экспедицияны ұйымдастырып отырған Алматы облысының әкіміне қатысушылар атынан ризашылығымды білдіргім келеді, — дейді ол.
Сондай-ақ, облысытық ішкі саясат басқармасының басшысы Алпысбаев Рустам экспедицияға тоқталып өтті.
— Ұйымдастырылып отырған экспедицияларымыз бұрын облыс ішінде ғана өтсе, кейін республика көлеміне шықты. Бүгінгі күні халықаралық деңгейге жетіп отымыз. Осы сапарымыз ақпараттық кеңістікте кеңінен таралмақшы. Қатысушылар шығармашылық адамдары болғандықтан өз туындыларына Мұқали бабамызды қосады деп жоспарлануда, — деп қосты Р.Алпысбаев.
Айта кетейік, экспедицияға 20 шақты адам қатысады. Олар Пекин, Шанси провинциясы кезіндегі Қытайдың астанасы Сиянь және Мұқали бабамыз Қытайды басқарған тұсындағы Юлинь қалаларымен танысады.
Талғар-ақпарат