Жалған терроризм қоғамдық жаңғыру, жағдайды тұрақсыздандыру сияқты жағымсыз салдарымен қауіпті, себебі мұндай хабарламаларды тексеру адамдарды жаппай көшіру, оқу жəне өндіріс процестерін тоқтата тұру қажеттігін туғызады.
Жарылғыш заттың орнатылғаны туралы əрбір факті бойынша құқық қорғау органдары жəне арнайы қызметтер ықпал ету тəртібінде келуге жəне іздеу шараларын жүргізуге міндетті. Бұл ретте мемлекеттің елеулі материалдық қаражаты жұмсалады.
Жастар мен кəмелетке толмағандарда жалған терроризмге себептер негізінен «бұзақылық» жасау ниеті, өзін қоғамға қарама-қарсы қою, құрдастары арасындағы озаттық туралы алдамшы ойын көрсету болып табылады, бұл ретте салдары мен жазаның бұлтартпастығы туралы ойланбайды.
273-бап. Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау. Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау – алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
274-бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату
1. Қоғамдық тəртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату – бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай: 1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
3) бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуни кациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дəл сол іс-əрекет – бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптарға əкеп соққан іс-əрекеттер – жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) төтенше жағдай кезінде немесе ұрыс жағдайында немесе соғыс уақытында не жария іс-шаралар өткізу кезінде жасалған іс-əрекеттер бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Көбінесе «телефон террористары» балалар мен жасөспірімдер болады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін кінəліні анықтау жəне оны ұстау – ар-намыс ісі, себебі терроризм актісі туралы кез келген хабарлама бойынша көрсетілген жерге тез арада кинологмамандар, жарылыс техникасы мамандары, тергеушұғыл топтар келеді. Міндетті түрде «жарылыс заты орнатылған» ғимараттағы адамдар толық көшіріледі. Тəртіп сақшылары ұқсас хабарламаның кез келгенін тексеру кезінде жарылғыш затын табуға тырысып, жайдың əрбір жерін тексеріп зор жұмыс атқарады.
Алайда, ойнаймын деп от басып, опық жемеу үшін, осынау қылмысты əрекеттен бойды аулақ ұстаған жөн! «Террорист болып ойнамас» бұрын, алдымен нақты шығындар мен зиянға əкеп соғуы мүмкін көрінеу жалған хабарлама кімге «пайдалы» болатындығы жайлы ойлану қажет. Егер кімде-кім осылай «əзілдеуге» жол берсе, телефонды алмас бұрын, жағымсыз əрекетіңізді іске асырмас бұрын ойланыңыз. Қоғам тыныштығын бұзып, үрей тудырғаныңыз үшін қатаң жаза бар екенін бір сəтте естен шығармаңыз!
Көрінеу жалған ақпаратты тексеруге шығатын тəртіп сақшылары қажет уақытында нақты бəлеге ұшыраған адамдардың қасында бола алмай қалуы əбден мүмкін. Жас балалары бар ата-аналарға балаларына телефонды ойындар ойнау үшін пайдалануына беріп қоюға тыйым салып, ондай болған жағдайда қатаң бақылауы қажет екенін ескертеміз. Өйткені, баланың балалықпен жасаған оқыс əрекеті үшін ата-аналары жауап береді.
«Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ
«Дін саласындағы мəселелерді зерттеу орталығы» КММ