БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Жуырда Талғар ауданы əкімдігінің кіші мəжіліс залында шағын жəне орта бизнес ашып өз кəсіптерін жүргізіп отырған аудан кəсіпкерлерінің қатысуымен жиын өтті.

Аудандық кəсіпкерлік бөлімінің басшысы Еркін Алдатаев жиынның алға қойған мақсаты мен барысына тоқталып өтті. Келесі кезекте сөз алған маркетолог Алишер Таипов пен кəсіпкерлерге көмек көрсету орталығының директоры Дмитрий Казанцев кəсіпкерлерді толғандырып отырған бірқатар мəселелерге тоқталды. Дмитрий Казанцев салық төлеу мəселесіндегі жеңілдіктер мен артықшылықтарға тоқталып, шағын жəне орта бизнесте операциялық қызметтің тиімділігі жəне қолма-қол ақшасыз айналым бəсекеге қабілеттілікті арттыруға себеп болатындығын да атап өтті. Цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасының бəсекелестігін жəне халық өмірінің сапасын арттыруға бағытталған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының артықшылықтарында айтып өтті. Жиында сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламасының жүзеге асу барысы туралы да айтылды. Шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту ол кез келген ел экономикасының негізі. Дамыған елдердің тəжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын жəне орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғы шарттар жасайды. Шағын жəне орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің жəне əлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Елбасы Н.Назарбаевтың «Кəсіпкерлік азаматтық қоғамның тірегі» деген сөзін негізге ала отырып халықты жұмыспен қамту, шағын жəне орта кəсіппен айналысушы азаматтардың санын арттыру мақсатында мемлекет тарапынан көптеген тиімді бағдарлама мен жеңілдіктер жасалып келеді. Цифрлық қоғамды құру адамдардың ақшаны қолдануға деген көзқарасын өзгертеді. Қазір ешкім кезекте тұрып, қолма-қол ақшамен есеп айырысқысы келмейді. Пилоттық бағдарлама үш ауданда жүзеге аспақ. Əрбір қаржы операциясының онлайн режимде жасалғаны кез келген ел үшін де тиімді. Себебі онлайн төлем туралы мəлімет ақпараттар қорында сақталады. Бұл қаржы айналымының көлемін анықтауға жəне ел азаматтарының салық төлеуін қадағалауға мүмкіндік береді.

Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА

Талғар-ақпарат