ЖЫРШЫЛАРЫМЫЗ ТАҢДАЙ ҚАҚТЫРДЫ

ЖЫРШЫЛАРЫМЫЗ ТАҢДАЙ ҚАҚТЫРДЫ

Әлем жұртшылығы көз тіккен V дүниежүзілік көшпенділер ойыны аяқталды. Дүбірлі додада 7-14 қыркүйек аралығында Астанадағы этно ауылда Алматы облысының аудандарынан жиналған жыршы-термешілер өнер көрсетті. Таңдайына бұл-бұл ұялаған жыршылардың қатарында Талғар аудандық мәдениет үйі жыр-терме үйірмесінің жетекшісі Серік Айтбайұлы мен әкесінің ізін жалғап келе жатқан қызы Ақжарқын Серікқызы да бар.

Алматы облысы әкімінің қолдауымен ашылған жыршы-термешілер орталығының шәкірті, ауданымыздағы №42 мектеп оқушысы Ақжарқын тыңдармандарының құлақ құрышын қандырып, көрермен көзайымына айналды. 8-қыркүйектен бастап «Алпамыс батыр» жырын жырлаған әкесі мен қызы 13-і күні ортасынан асырып тоқтады. Сонымен қатар басқа жыр-термелерді де көпшілік назарына ұсынып отырды. Қазақ халқының төл өнеріне тәнті болған ше телдіктер оларды видео-фотоға түсіріп, инста парақшаларына жүктеп, желіде достық байланыс орнатып мәз-мейрам болды. Тіпті Ақжарқын Пәкістаннан келген қонақтарға қазақтың қалақ домбырасын таныстырып, жасалу жолдарын айтты. Қу ағаштан құдіретті күй төгіліп тұрғанына таң қалған олар шертіп көріп, ризашылықтарының белгісі ретінде өз елінің туы бейнеленген значоктарын Ақжарқынның кеудесіне таққан. Қытай елінен белесебетпен жолға шығып, 2000 шақырымды 16 күнде басып, көшпенділер ойынына келген қандасымыз Айбарды арнау жыр айтып қарсы алған. Бар қазақтың басы қосылған дүбірлі тойда Айбек Қалиев, Мұқтар Ниязов, Жанболат Жөргенбаев , Жанарбек Әшімжан Қазы бек Иса сынды жақсылардың да батасын алған. Арасында қолы қалт еткенде теңге ілу, құс салу ойындарын тамашалай жүріп, асық ату сынды жарыстарға қатысып, ата дәстүрімізден құр жаяу емес екенінін де байқатқан. «Дүбірлі додада көптеген ұлы тұлғаларды, әнші, күйшілерді кездестірдік. Оларға өнерімізді көрсетіп батасын алып, марқайып қалдық. Қызым үшін бұл үлкен қуаныш болды. Көп дүниені көріп көз аясы кеңігендей. Арысы Сақ, Ғұннан жалғасып келе жатқан жыршылық өнерінің мұрагері жалғыз қазақ емес. Түркі тілдес халықтарда бұл өнер сақталған, тамыры тым тереңде. Онда тарих пен таным, үзілмей келе жатқан өміршең күш бар», – дейді С. Айтбайұлы. Ал жас жыршы Ақжарқын алғаш рет мұндай іс-шараға барғанын айтады. Шет елдік саяхатшылардың қазақ мәдениетіне қалай тәнті болғанын да баяндап, ұлтымыздың өткенінен өзегі үзілмеген текті халық екенімен мақтанды. Ата дәстүрін ардақтап, тамырынан ажырамаған қазақ деген халықтың ұлылығына тәнті болғанын жеткізді. Әсіресе саятшылық өнеріне таңданған туристер аң мен құстың тілін тапқан халқымызға сүйсінді дейді. Жыршы Серік Айтбайұлының айтуынша, көнеден жалғасып келе жатқан көшпенділер ойыны жауынгерліктен бастап интелектуалдық спортқа дейін қамтылған, отбасында ойнай беретін бұқаралық спорт түрі. Сонымен қатар қазақ даласында кең тарағандықтан әлі күнге дейін ұмытылмай келеді.

Тіпті көптеген ұлттық ойындарымыз заманға сай бейімделіп, дамып келеді. Осы ұлттық ойындар адамзат тың дамуына орасан зор үлес қосатын ойын түрлері екені даусыз. Ендеше осы өнерді жоспарлы түрде дамытуды әр аудандарда, ауылдарда қолға алып, облыстық, республи калық көшпенділер ойындарының турнир лерін ұйымдастырып отырса ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан болар еді. Жалпы бұны арнай ы бағдарлама етіп, салт-дәстүрмен, көне ұлттық мәдениетпен ұштастыра отырып ұйымдасты рып, ұрпақ болмысының ұлттық бағытта қа лыптасуына ықпал етердей заманға сай үл гісін ойластыру керек. Ауданымыздың әкелі балалы жыршылары үлкен шараға қатысып, ұлттық өнерді әлем жұртшылығына танытып келгеніне біз де қу аныштымыз. Жез таңдай жыршыларға дауы старыңыз қарлықпасын, жыршылық өнердің көшін өрге сүйрей беріңіздер дегіміз келеді.

Зорагүл Әбдіқадір