МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ

Алматы облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық жобасы өз мәресіне жетті. Қонаевта жанұя құндылығын дәріптейтін байқаудың жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Жалпы жарысқа қатысуға облыс көлемінен 65 берекелі отбасы ниет білдіріпті. Аталған байқауға ауданымы здан іріктелген екі отбасы қатысып, үздік ондықтың қатарынан көрінді. Байқау дың басты мақсаты – өнегелі құн дылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру, отбасы мәртебесін арттыру. Қазақстан Республикасы президентінің «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес, ағымдағы жылғы маусым айында «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсының аудандық іріктеу кезеңі өткен болатын. Аталған шараға Бесағаш ауылдық окру гінен Сүндетовтар мен Өмірбековтар отбасы қатысып, облыстық конкурсқа жолдама алып, үздіктер қатарынан та былды. Балаларына үнемі қайырымды болуды, айналасындағы мұқтаж адамдарға барынша жақсылық жасауды насихаттап отыратын отбасы ағайын-туыстарға ғана емес ауданымыздағы әр отбасына үлгі.

– «Мейірім – адам баласының ең жақсы қасиеті. Екіншіден, ешкімнің ала жібін аттамай, өтірік айтпай, қандай жағдайда да әділдікті ту етіп отырамыз. Отбасында әке мен ананың ролі зор, біз баланың тәрбиесі мен біліміне, денсаулығына жауаптымыз. Біздің отбасының алтын қағидасы – ата-бабамыз салып кеткен жолдан таймай өмір сүру, әдет-ғұрыпты, дәстүрді ұстану. Байқауға отбасымыздың өнегесі жас отбасыларға үлгі болсын деген ниетпен қатыстық. Өте керемет болды. Осындай байқауды жариялаған Елбасына, оның ұйымдасты рушыларына мың да бір алғысымды білдіремін. Бұл байқау шын мәнінде еліміздегі өнегелі отбасыларды, отба сылық құндылықтарды насихаттай отырып, ұлттық мәдениетімізді дамытуға септігін тигізетіні ақиқатдейді», – дейді Өмірбековтар отбасының отағасы Ерлан өмірбекұлы. Қазақ ұлтының керемет әдет-ғұрыптарын, бала тәрбиесіндегі ұстанымдарын ұмытпауымыз керек деп есептейтін Сүндетовтар отбасының отанасы Бота Сүндетова: «Ұл мен қыздың тәрбиесі – үлкен жауапкершілікті талап ететінін маңызды міндет. Балаларымыз – ұлты мыздың болашағы, сондықтан, біз бала тәрбиелеген кезде ұлтымның болашағын тәрбиелеп жатырмын деген жауапкершілікте болуымыз тиіс. Балаларымызды ұлттық болмысқа сай адамгершілік рух та тәрбиелеуіміз керек. Ұл-қыздарымыз төзімді, сынаққа сынбайтындай шыдамды болуы керек», – атап өтті. Айта кетейік, аталған байқау биыл он бірінші рет өткізіліп жатыр. Жарасымды жанұя мен ізгілікті қасиеттерге толы әулет қашан да көпке үлгі болуға тиіс. Осындай мақсатта өткізіліп жүрген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының ғұмыры ұзақ боларына сенеміз.

Зорагүл ӘБДІҚАДІР