Шілде айының соңы аптап ыстыққа ұласып, құрғақ ауа райы сақталды. Мұндай қолайсыз ауа райында түрлі қауіп-қатердің туындау мүмкіндігі артатыны белгілі. Әсіресе өрт қаупі, адамдардың суға кетуі, денсаулығының сыр беруі жиі байқалады. Жыл басынан Талғар ауданы аумағында 87 құрғақ шөптің өртенуіфактісі тіркелген. Бұл туралы Талғар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары хабарлады. Өрт қаупі жоғары кезең аяқталғанша әр ауылдық округте минералдандырылған жолақтарды орнату, орман және дала алқаптарына жақын орналасқан бау-бақша мен ауылдық елді мекендерді өрттен сақтау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар әр аптаның демалыс күндері аудандық ТЖБ қызметкерлері еріктілермен бірлесіп адамдар демалуға шығатын орындарға ормандағы және табиғат аясына демалысқа шыққан тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіді. Талғар ауданы ТЖБ қызметкерлері аудандық прокуратура қызметкерлері және Талғар қаласының №2 МӨСБ қызметкерлерімен «Айзере» сауда үйінде және орталық базарында өрт тактикалық оқу жаттығу өткізді. Сонымен қатар сатушылар, тұтынушылар және аудан тұрғындарына өрт қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық парақшалар таратылды. Сонымен қатар Талғар ауданының әкімшілігінде саудагерлер және кәсіпкерлермен бірлескен дөңгелек үстел өткізілді.
Күн ысыған сайын адамдардың суға кету қаупі де артады. Ауданымызда арнайы белгіленген шомылу аймағы болмағандықтан әркім қалаған жерінде шомылады. Төтенше жағдайлар бөлімінің ақпаратына негізделсек, осы жылы ауданымызда 3 адамның суға кету жағдайы тіркелген. Осындай қайғылы жағдайдың қайталанбауы үшін шомылу маусымы кезеңінде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бірқатар алдын алу шараларын жүргізді. Қатаң қадағалау арқасында мұндай қайғылы дағдай орын алмады.
Аптап ыстық азаматтардың денсаулығына да кері әсер етеді. Аудандық орталық аурухананың баспасөзінің ақпаратына негізделсек, жүрек қан тамырлары, тыныс жолының, бүйрек аурулары және іш өту, бас айналу сынды аурулармен шағымданған науқастардың саны артқан. Күн өту салдарынан бастапқыда адамның тамыр соғысы, жүрек қағысы жиілеп, тынысы тарылуы мүмкін. Сондай-ақ күн өткен кезде құлағы шулау, денесі ауырсыну, құсу, терлеу, мұрыннан қан кету, 38-40 градусқа дейін ыстығы көтерілу, есінен тану сияқты белгілері жиі байқалатынын денсаулық мамандары ескерткен болатын. Шөлді басатын қарбыз, қауын сынды жемістерді жиі тұтынатындықтан ересектер мен балалар арасында іш өту жағдайы жиі орын алады. Тіпті күн өткен кезде де іш өтуі әбден мүмкін.
Зорагүл Әбдіқадір