Талғар ауданы облыстың дамуына айтарлықтай үлес қосуда

Талғар ауданы облыстың дамуына айтарлықтай үлес қосуда

Жуырда Қонаев қаласында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өтіп, онда Талғар ауданының 2023 жылдағы әлеуметтік- экономикалық даму қортындылары мен 2024 жылға арналған міндеттері туралы аудан әкімі Т.Айдарбеков баяндама жасады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында халықтың әл — ауқатын арттыруға нақты тапсырмалар беріп, жаңа міндеттер жүктеген болатын.Бүгінгі таңда Талғар ауданы Алматы облысының экономикалық және әлеуметтік дамуына айтарлықтай үлес қосуда.Аудан экономикасының негізгі бағыттары өнеркәсіп және туризм саласы мен шағын және орта кәсіпкерлік болып табылады.
Өнеркәсіп Бүгінгі таңда ауданда 21 ірі және орта, 75 шағын өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істеп тұр. Онда 8 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Осы кәсіпорындарда тамақ, құрылыс, металл өнімдері, жұмыс және тоқыма киімдері, пластмасс өнімдер, кітаптар, журналдар шығарылады. Өндіріс көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 4,4 млрд. теңгеге артып, 88,1млрд. теңгеге жеткізілді. 9 жаңа өндіріс орындары ашылып, 209 адам жұмыспен қамтылды, 1,8 млрд. теңге инвестиция тартылды. Жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсете отырып өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында ауданымызда «Қайрат» индустриялық аймағы құрылған. Аймақтың жалпы ауданы 198,3 га құрайды. Индустриалды аймақта 11 жоба іске асырылатын болады. Бүгінгі таңда инфрақұрылымдық желілер тартылған.
46,8 млрд теңгені құрайтын 4 жобаның құрылысы аяқталды, олар:
— Энергия үнемдейтін жылу оқшаулағыш материалдарын өндіру «Техно Николь — Орталық Азия» зауыты (43,8 млрд. теңге);
— шойын және болат бұйымдарын шығаратын «SAFA INDUSTRIAL» зауыты, (1,3 млрд.теңге);
— болат сым шығаратын «QazMetProduct» зауыты, (359,1 млн.теңге);
— тау-кен техникасына арналған сауыттарды өндіру және сату «SUNLONG» цехы, (1,4 млрд.теңге).
Ал 7 инвестициялық жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, жобалардың жалпы сомасы 35,4 млрд. теңге.
Индустриалдық аймақтың белсенділігін және жаңа өндіріс орындарының ашылуы мақсатында қазіргі таңда әкімшілік тарапынан аймақтың жалпы ауданын 198 гектардан 345 гектарға кеңейту көзделуде. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін болашақта индустриалдық аймақта 25-ке жуық кәсіпорындар іске қосылып, 3000-ға жуық жұмыс орындары ашылмақ.
Бүгінгі таңда туризм саласы экономиканы дамытуда келешегі бар негізгі салаларының бірі болып табылады. Талғар ауданының табиғи-климаттық жағдайы мен орналасуы экономиканың туристік секторын дамытуға кеңінен мүмкіндік береді. Ауданда 36 туристік нысандар бар. Олардың ішіндегі ең ірі – халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және жылына 200 мың адамға қызмет көрсететін «Ой-Қарағай» тау курорты. Ағаштардағы ауыл, әлемдегі ең үлкен киіз үй, бірегей троллейбус паркі, табиғи таулы рельефтегі альпинизм, 22 шақырымдық 20 шаңғы трассасы бар тау курорты жыл бойы қызмет атқарады. Ал биік таулы «Ақ бұлақ» шипажайы жылына 70 мың адамға қызмет көрсетеді. Бұл жерде ұзындығы 4 шақырым аспалы жол, 10 шаңғы трассасы жұмыс жасайды. Таулы аймақтарда «Ақ қайың», «Көктем», «Маралсай», «Тау самалы» сияқты 4 демалыс үйлері бар. Оларда жылына 100 мыңға дейін адам демалып, денсаулықтарын жақсартады. Сонымен қоса, «Тау-Тұран» және «Елжан-Ай» 2 балалар лагері және 23 қонақ үй кешендері де бар. 2023 жылы 564,4 млн. теңге өсіммен 3,1 млрд. теңгеге қызметтер көрсетіліп, келушілер саны 77,7 мың адамға жеткен. Биыл 2 туристік нысан ашылып («SAF resort» санаторийі және «Тау Асу» қонақ үйі), 1,8 млрд. теңге инвестиция тартылып, 75 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8 тармағына сәйкес Алатау, Бесқайнар және Бесағаш ауылдық округтерін туризм үшін пайдаланудың нысаналы мақсаты мен режимін белгілей отырып, жер учаскелерінің аумағын аймақтарға бөлу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта 60-қа жуық жер учаскесін туристік кластерге беріп, 1500-2000 мыңға жуық жұмыс орнын қамтамасыз ету жоспарлануда.
Аудан экономикасын дамытудың тағы бір ірі көрсеткіштерінің бірі – шағын және орта бизнес саласы. Ауданда 21 мың 179 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Олар экономикалық белсенді тұрғындардың 30 пайызын еңбекпен қамтып отыр. Кәсіпорындар санының артуымен қатар олар өндіретін өнім көлемі де ұлғайып келеді. Бүгінде бұл көрсеткіш 266 млрд. теңгені құрап, бюджетке 33,0 млрд. теңге түсімдер жиналған. Ол жалпы бюджеттің 27,5 пайызын, аудандық бюджеттің 85 пайызын құрайды.
Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында 102 жоба жалпы сомасы 5,8 млрд теңгеге қаржыландырылды, атап айтсақ 75 жоба 5,3 млрд. теңгеге субсидия және 27 жоба 494,4 млн. теңгеге несие кепілдігін алды. 38 шағын және орта бизнес нысаны ашылды, мұнда 222 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді, 2,3 млрд.теңге инвестиция тартылды. Халық саны 20 мыңнан асатын 4 елдімекенде(Бесағаш а., Белбұлақ а., Тұздыбастау а., Талғар қ.) жалпы ауданы 1261,1 ш.м. құрайтын 4 «Тұрмыстық үйі» ашылды. 1,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, 58 адам жұмыспен қамтылды. Әр жылдардағы тәжірибеге сүйенсек нарық кезінде экономиканың өрлеуі инвестицияның өсуіне байланысты болады.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 105,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 28,1 млрд. теңгеге көп. Инвестицияның 87,7 млрд. теңгесі немесе 81,4% кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен тартылған. Ауыл шаруашылығы Ауданның агроөндірістік кешенінде 2,1 мың ауыл шаруашылық құрылымдары тіркелген, 11 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. 2023 жылы 67,9 млрд. теңгенің жиынтық өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,3 % құрады. Егіс алқабы 27,8 мың гектарды құрайды (өткен жыл деңгейіне – 83,5 %). 44,3 мың тонна дәнді дақылдар (75,2 %), 4,1 мың тонна майлы дақылдар (40,7 %), 3,9 мың тонна бақша дақылдары (94,0 %), 72,0 мың тонна көкөніс (77,8 %), 46,9 мың тонна картоп (83,4 %) өндірілді.
2,5 мың га жеміс-жидек алқабынан 19,4 мың тонна (91,7%) өнім алынды. 22,0 тонна жаңғақ (91,7 %),, 67,0 тонна жүзім (89,3 %) өндірілді.
Мал қыстату науқанына есепте тұрған мал басын жем-шөппен толығымен қамтамасыз ету мақсатында, 81,6 мың тонна шөп, 14,9 мың тонна сабан, 28,2 мың тонна пішендеме, 49,7 мың тонна сүрлем бастырылып, 17,1 тонна жем дайындалып, бағдарлама 100 % орындалды.
Жалпы көлемі 7,5 га құрайтын 14 жылыжай шаруашылығынан 1,1 мың тонна өнім алынып, 2022 жыл деңгейіне 102,1 % өсті.
2022 жылмен салыстарғанда мал шаруашылығы өнімінің өндірісі өсті. Ет 14,4 мың тонна 104,7 пайызға, сүт 65,4 мың тонна 101 пайызға орындалды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 24 жоба мақұлданып, оның ішінде 8 жоба 66,2 млн.теңгеге қаржыландырылды, 16 жоба бойынша несие беру жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 3,1 млрд. теңгеге 2 инвестициялық жоба іске қосылды:
— «Алматы» өндірістік коопертивте «1300 басқа сүт-тауарлы фермасын кеңейту» жобасы бойынша
«Голштино-Фризская» асыл тұқымды құнажындарын Эстониядан 1814,0 млн.теңгеге сатып әкелді;
— «Алель Агро» акционерлық қоғамында «Табынды жаңғырту» жобасымен Венгриядан 285 мың бас «Arbor Acres» асыл тұқымды тәуліктік балапандарды 1237,0 млн.теңгеге сатып әкелді. Ауыл шаруашылығы құрылымдары жалпы құны 805,0 млн. теңге субсидия қаражатын игерді, оның ішінде: мал шаруашылығы 695,0 млн. теңге, егін шаруашылығы 110,0 млн. теңгені құрады.
Жерлерді түгендеу қорытындысы негізінде пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 33 мың 679 га 142 жер телімі анықталды. Бүгінгі күнге оның 19 мың 504,3 га 23 жер телімін қайта игеруге кірісті. Қалған 14 мың 175 га 119 жер иелеріне жер телімдерін игерілмеуіне байланысты Жер ресурстарын басқару департаментімен бірге сотқа талап арыз берілді. Қазіргі таңда 2751 га 4 жер теліміне сот шешімі шығып мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Сонымен қатар ерікті түрде бас тарту бойынша 531 гектар 64 жер учаскесі қайтарылды. Қайтарылған жерлер халықты ортақ жайылыммен қамтамасыз ету мақсатында ұсынылады.
Құрылыс жұмыстары, тұрғын үй Жалпы аудан бойынша 47,2 млрд.теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді,нақты индекс көлемі 112,3% құрады. Бүгінгі күні Талғар қаласында 9 қабатты 72 пәтерлік 5 тұрғын үйлердің және аудан бойынша 10 жеке тұрғын үй кешендерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылы ауданда 257,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген.
Бесағаш, Нұра, Қызыл Қайрат ауылындарында қызметтік тұрғын үймен біріктірілген участкелік полиция пункттері іске қосылды. Су жүйесі Тұрғындарды сапалы ауыз суменқамтамасыз ету де өз шешімін табуда. Бүгінгі күнге 48 елді мекеннің 45-сі орталықтандырылған су жүйесіне қосылған, немесе 93,7%.
2023 жылы Талғар топтық су құбырына Алмалық, Амагелді,Байбұлақ ауылдарының су желелерін қосу жұмыстары аяқталып, іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Шымбұлақ, Алтын Дән, Березка, Бірлік, Талдыбұлақ ауылдарының су желелерін қосу жұмыстары 2024 жылдың маусым айында аяқталады.
Бесағаш ауылының су жүйесі де күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Ауылдаң су жүйесіне қызмет көрсететін «ТасҚұмСу» ЖШС «Алматы су» мекемесі алдында 276 млн. теңге қарызы болуына және желілерінің тозуы, жаз айларында Бесағаш ауылының 11 мың адамы ауыз су тапшылығын сезінуде.Осы мәселені шешу үшін «Бесағаш ауылын сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы (оңтүстік бөлігі)» жобасы әзірленді. Құрылыс жұмыстарының құны 5,4 млрд. теңге. Желілердің ұзындығы 31,3шақырым. 2024 жылға құрылыс жұмыстарын бастауға 100,0 млн теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың науырыз айнында бастау жоспарлануда. Мердігер «Аскади» ЖШС-сі. Сонымен қатар, Ақдала және Кіші Байсерке ауылдарының су жүйесінің құрылыс жұмыстарына 258 млн.т.бөлініп, ашық конкурс жариялауға құжаттар дайындалуда.
Аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 90,0 %-дан 82,0 %-ға төмендейді және 9 елді мекендегі 63 мың халық сапалы сумен қамтылады. Газдандыру Аудандағы 48 елді мекеннің 32-не газ жүргізілген, немесе 66,7 %. Еламан, Көктал, Қайнар, Арқабай ауылдарында газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Тапсырыс беруші – Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.
12 елді мекен газбен қамтылмаған, олардың 6-да жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде ( Жаңалық, Дәулет, Төңкеріс, Нұра, Өстемір, Туғанбай ), 6 ауылдың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу қажет (Достық, Сақтан, Каменское плато, Қаратоған, Қайрат, Жаңаарна ).
Жылумен жабдықтау Аудандағы 68 көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамту мақсатында 19 блокты-модульды қазандықты орнатуға жобалау жұмыстары аяқталуда. Құрылыс жұмыстарын жүргізу 2024 жылға жоспарлануда (Кеңдала-5 үй, Ақтас-7 үй, Алтын Дән – 2 үй, Панфилов а. Лермонтов көшесі, сараптамадан өтуде).
Электрмен жабдықтау және көше жарығы Талғар қаласы Ауезов шағын ауданының 10,4 шақырым электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 198,6 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы Қызыл-Қайрат, Амангелді, Гүлдала, Кіші Байсереке, Нұра ауылдарына электр желілірін салуға 1,2 млрд. теңге қарастырылды. 2023 жылы 16 елді мекенге 79,5 шақырым немесе 2 мың 653 көше жарығы бағаналары орнатылды, 2022 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге немесе 26,4 шақырымға өскен (2022ж-11 ЕМ, 53,1 ш,1778 б. Аудандағы барлық бағаналар саны — 5047 ). Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту Жол жөндеу жұмыстарына тоқталсақ, 2023 жылы бюджеттен 3,5 млрд. теңге қаражат қарастырылды:
— 39,5 шақырым жолға немесе 23 көшеге 2 млрд.теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 1,2 млрд теңгеге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 6 ауылдарда 24,1 шақырым жол жөнделді.
— 65,5 шақырым жолға немесе 70 көшеге 1,4 млрд. теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жалпы 30 ауылда 105 шақырым жол жөнделіп, жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 60,0 % — дан 65,0 % -ға өсті.
30 жарықтандырылған жаяу жүргіншілер өткелі, 90 аялдама,
13 бағдаршам орнатылып, бүгінгі күні іске қосылды.
Жолаушы тасымалы Жолаушылар тасымалымен 11 ауданішілік автобус маршруттары жұмыс істейді. Тасымалдаушыға 559,2 млн. теңге субсидия игерілді. «Алем Пэй» электрондық билет жүйесі жұмыс істейді (80-теңге), оқушылар үшін (40 теңге). Аудан тұрғындарына «Алматы-Талғар» бағытымен жүретін №207 автобус маршруты қызмет көрсетеді. Осы мақсатқа тасымалдаушы «Думан-Транс» ЖШС-гі сыйымдылығы 30 орындық (80 адамға дейін) ,22 бірлік автобустар алды.
Талғар ауданына қарасты Еламан, Жалғамыс, Тереңқара, Төңкеріс, Қайнар ауылдарын Алматы қаласымен байланыстыратын жаңа № 234, Тұздыбастау мен Алматы қаласының 2-ші Теміржол вокзалына жаңа № 232 автобус маршруты іске қосылды.Сонымен қатар, Дәулет ауылынан Алматыға қатынайтын маршруттар бар. Білім саласы Ауданда 52 мектеп (о.і 44 мемлекеттік (3-№9,18,38-бейімделген мектептер), 6 жекеменшік мектеп), 2 мектепаралық оқу-өндірістік мекеме, 5 мектептен тыс қосымша білім беру мекемесі, 2 облыстық мектеп-интернат жұмыс жасайды. 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы- 67,8% құрады. Аудандағы 6 үш ауысымды мектептерді жою ( №34 ОМ Талдыбұлақ а., №37 ОМ Жаңалық а., №15 ОМ Жалғамыс а., №13,31 ОМ Тұздыбастау а. №42 ОМ Кендала а.), және мектебі жоқ елді мекендерде оқушыларды оқумен қамту мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 6 мектептің құрылыс жұмыстары басталған («Айғаным» ш.а. (600 орын), Жалғамыс (600 орын), Төңкеріс а.(600 орын), Қызылту а. (900 орын), Тұздыбастау а. (1500 орын), Жаңалық а.(600 орын). Аудандағы өзекті мәселердің бірі – мектебі жоқ елді мекендерде тұратын оқушыларды мектепке тасымалдау мәселесі. 19 елді мекен, 10 саяжай, 23 шағын ауданнан 7181 оқушы тасымалданып оқытылуда.Оларды 23 мектеп автобусымен және 17 автобус жеке кәсіпкерлермен келісімшарт арқылы тасымалданады. 2023 жылы 13 мектеп автобусы алынды.
Жалпыға міндетті білім беру қорынан 26 мың 920 оқушы бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтылуда, бұл мақсатқа бюджеттен 727,1 млн теңге бөлінді.
Әлеуметтік осал топтағы 375 оқушыны жазғы сауықтырумен қамтуға 29 млн. теңге, 8006 оқушыны мектеп формасымен қамтамасыз етуге 324,7 млн. теңге бөлінді.
3 білім мекемесінің ( Белбұлақ а. №10 ОМ, Нұра а. №12 ОМ, Панфилов а. №4 бала-бақша) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2,8 млрд. теңге бөлінді. Жұмыстар 2024 жылы аяқталады. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 16 мектепке арнайы күзет қызметі енгізіліп, 33 ауылдық мектепке турникет, бейнебақылау камералары орнатылды. 3 мектептің (№16,19, 30 ОМ) жылу жүйесі ауыстырылды.  Аудан тұрғындарына 1 аудандық , 2 ауылдық аурухана, 12 дәрігерлік амбулатория, 11 фельдшерлік-акушерлік пункті, 9 медициналық пункті және жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдары қызмет көрсетеді. Талғар қаласындағы бұрынға ковид орталығы күрделі жөндеуден өтіп, жаңадан «Автобаза» ы.а. дәрігерлік амбулатория ашылды.
Сондай-ақ Талғар қаласындағы бұрынғы балалар емханасы жөндеуден өткен.
Белбұлақ ауылындағы апаттық жағдайдағы дәрігерлік амбулаторияның орнына жаңа ғимарат сатып алынып, күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.Басқарушы компания жаңа медициналық жабдықтар сатып алды. Жұмыспен қамту «Кәсіпкерлікті дамытудың» ұлттық жобасы аясында 9251 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 7500 тұрақты жұмыс орындары (жоспар- 8011 немесе 115 %).
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 35 жобаға 48,3 млн.теңге мемлекеттік грант берілді. 60 жастарға 5 млн.теңгеден шағын несие –берілді.
Мәдениет және спорт
Аудан тұрғындарына 17 мәдениет ошақтары қызмет көрсетеді. «Ауыл Ел Бесігі» бағдарламасымен Бесағаш ауылының мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп 2023 жылдың наурыз айында пайдалануға берілді. Талғар қаласындағы аудандық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, іске қосылды.
Ауданда 246 спорттық нысан халыққа қызмет етуде. Олар: 3 стадион, 2 спорттық сауықтыру кешендері, 9 жүзу бассейндері, 64 спортзал, 60 спорт алаңдары, 57 футбол алаңы, 12 соңғы үлгіде жасалынған шағын-футбол алаңдары, 6 теннис корты, 4 тау шаңғы трассалары, 1 жабық хоккей алаңы, 5 спорт мектебі және т.б. 24 спорттық объектілері. Жалпы аудан халқының 78,0 мың адамы немесе 32,5 % денешынықтыру және спортпен шұғылдануда.
Тұздыбастау ауылында демеушілермен «Қанат» күрес спорт кешені салынып, пайдалануға берілді».
Алдағы уақытта аудан әкімдігінің жұмысы инвестиция тарту, салық базасын ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, аудан тұрғындарының тұрмыс – тіршілігін жақсарту мақсатындағы жұмыстарды жалғастыру болмақ.

«Талғар ауданы ішкі саясат бөлімі» ММ