Еңбекшіқазақ ауданының туризм саласындағы әлеуеті зор

Еңбекшіқазақ ауданының  туризм саласындағы әлеуеті зор

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның туризм саласындағы әлеуеті жоғары екенін атап өткен болатын. Еліміздегі үздік 68 туристік орталықтың 9-ы Алматы облысына тиесілі. Ал бұл салада Еңбекшіқазақ ауданының үлесі зор деуге болады. Көрікті саяхат орындары жылына мыңдаған туристің келуіне жол ашып отыр. Биыл Ішкі туризм саласы 13%-ға өсіп, өңірдің көрікті жерлеріне қызыққан туристер саны 1,1 миллионға жеткен. Бұл туралы облыстық Туризм басқармасының басшысы Айбар Теменов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Осы жылы облыс аумағы бойынша 9 жаңа туристік нысан әзірленді. Мәселен, Қапшағай су қоймасы, Алатау тау кластері, ұлттық саябақтардың аумақтары, жүзімдіктер, «Таңбалы» мұражай-қорығы, «Сокол» автодромы, Балқаш көлі, Хан Тәңірі шыңы және Шонжы ыстық бұлақтары. Айбар Теменовтың айтуынша, аймақтағы туризмді дамыту үшін бас жоспар бекітілді. Мұнымен қоса, “Visit Alatau” брендін қалыптастыруды қолға алған. Сонымын қатар биыл 8 ай ішінде Алматы облысында туризм саласындағы инвестиция көлемі 39,9 млрд. теңгеге жеткен. Тартылған инвестиция көрсеткіші бойынша республика бойынша өңір екінші орынға жайғасып отыр.
Басқарма басшысының ақпарынша, негізгі мақсат — туристік өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасау, туризм инфрақұрылымын дамыту. «Өңіріміздегі қарқынды дамып келе жатқан туризм түрлерінің бірі — эко-этно және агро-туризм. Аталған туризм бағыттарын дамыту Жамбыл, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Кеген және Райымбек аудандарында басты жолға қойылған”, – дейді спикер. Қазіргі таңда жүргізілген зерттеулер қорытындысына сәйкес, бірқатар жаңа туристік өнімдерді қалыптастыру қарастырылған. Атап айтсақ, Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан жүзім алқаптары мен шарап зауыттары базасында “Орта Азияның шарап алқабы” туристік өнімін (Karakemer, Issykwine,Arba Wine, Bacchus, Gold Product), Райымбек және Кеген аудандарында Баянкөл шатқалы, Тұзкөл көлі, Қарқара жайлауы, Текес сарқырамасы, Бестөбе су қоймасын, Хан Тәңірі шыңын ескере отырып “Аспан патшасы”, Балқаш көліндегі балық аулау, дайвинг, трофейлік аңшылық сияқты туристік өнімдер. Бұдан бөлек облыстың 15 туристік аумағында 337 шақырым жолға абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, туристер үшін облыстың туристік әлеуеті, табиғи, тарихи, мәдени туризм объектілері туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қажетті ақпарат алу үшін үздіксіз жұмыс істейтін «ALMATYREGION.TRAVEL» веб-сайты іске қосылған. Сонымен қатар туризм саласына көбірек инвестиция тартуды тапсырды. «Кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек. Сол үшін қажетті жағдайды жасаған жөн. Осы салаға салынған жеке инвестицияның көлемі, іштен және сырттан келген туристердің саны неғұрлым көп болса, жұмыстың нәтижесі де соғұрлым тиімді болмақ», деп атап өтті президент.
Елдің туристік саласын дамыту үшін көптеген бағдарламалар қолға алынды. «Жасыл әлем» түсінігі тек қана таза ауа, таза қала емес, сонымен қатар туристік бағытты дамытуға арналған бірден-бір құндылық. Қазақстандағы туризмнің дамуы – елдің ішкі экономикасының өсуіне әсер етеді. Сондықтан әрбір ел азаматы өз қаласының, ауданының осы саладағы мехнизімін құрып, дамытуға үлес қосуға міндетті.


Мемлекетіміздің үлкен мегаполисіне жақын орналасқан табиғи көркі керемет Еңбекшіқазақ ауданының туристік әлеуеті зор. Атап айтқанда Түрген шатқалының, Асы жайлауының, Бартоғай су қоймасының, Дендробақ және тағы басқа орындар мен белгілі археологиялық, тарихи ескерткіштерінің туристік саланы дамытудағы беделі жоғары.
Аудан әкімдігімен туризмді дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Мәселен, облыс әкімінің тапсырмаларын ескере келе, ауданда туризмді дамыту бойынша тиісті іс-шаралар жоспары әзірленген. Аудан әкімінің сайтына ауданда орналасқан туризм нысандары мен бағыттары орналастырылған.
Ауданымыздың экономикасы үшін туризм саласы дамуының маңыздылығын ескере отырып, жоспардың орындалуы қатаң бақылауға алынған. Туристердің жайлы және қауіпсіз жүріп өтуі үшін жол инфрақұрылымдарын жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылданған.
Мәселен, Құлжа тас жолы ретке келтіріліп, туристік бағыттағы бірталай жолдары жөндеуден өткізіліп, үш тілде жол көрсеткіштер орналастырылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының құрылысы жүргізілді. Осы жолдың бойында туризм мен қызмет көрсету нысандарын орналастыру үшін жалпы көлемі 7 гектар болатын бірнеше жер учаскелері дайындалып қойылған. Үлкен Алматы каналының бойындағы жолды күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Аталған жолдың жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауданның аграрлық саласының жетістіктері мен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үдерісін көрсететін арнайы ұйымдастырылған орындарды аралату мақсатында велосипедпен серуендетуге мүмкіндік береді.
Осымен қоса, ауданымызда орналасқан Шарын шатқалына апаратын 10 шақырым автожолына биылғы жылы облыс орталығынан 500,0 млн.теңге қаржы бөлініп күрделі жөндеу жұмыстары атқарылған. Жол инфрақұрылымынан бөлек, біз туризмнің басқа да инфрақұрылымдарын дамытудамыз. Мысалы, ауданда 7 қонақ үй, 1 қонақ жай үйі, 3 демалыс үйлері, 3 сауықтыру лагері, 2 аңшылық үйі және 2 демалыс орны жұмыс істеуде. Аталған нысандар ағымдағы жылдың тоғыз айында 75407 адамға қызмет көрсетіп, туристік сауықтыру қызметінің көлемі 63 млн. 200 мың теңгені құрады.(106,4 %) Туристерді қабылдайтын нысандардың қызмет сапасын жақсарту мақсатында, тиісті жұмыстар алға қойылып, облыстық туризм басқармасының бастамасымен туризм саласында қызмет көрсететін субъектілерінің практикалық шеберліктерін арттыруға бағытталған мастер-класс өткізілуде.
Ауданда табиғи қорықтар мен мұражайлар және археологиялық ескерткіштерді аралатудан бөлек туристерді қызықтыратын ауданда басқа да нысандар қызмет көрсетуде. Олар: туристердің арасында өте танымал шағын зообағы мен африкандық түйе құстарды өсіру, бекіре мен бахтах балығын өсіру шаруашылығы, «Жеті Қазына» құсбегілері ұлттық-мәдени орталығы қызмет көрсетуде. Ауданда барлығы 12 туристік бағыт бойынша туристер қабылдануда.
Ауданда туристерді орналастыруға арналған нысандар жеткіліксіз болғандықтан, олардың санын көбейту мақсатында инвесторларды тартуда бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мәселен: Экотуризм сияқты жаңа туристік саланы дамытуда қолға алынды. Түрген ауылдық округінде «Камзолдаева» жеке кәсіпкері қымыз және шұбат сусындарымен, табиғи өніммен тамақтандыратын экологиялық таза табиғи материалдарынан салынған 8 үйдің құрылысы аяқталып, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап іске қосылды.
Малыбай ауылдық округіне қарасты Шелек өзенінің бойында «Рафт Сервис» ЖШС-гі салмен жүзу спорты негізінде, кемпинг лагерьінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, іске асырылды. Жалпы жобалық құны 20,0 млн.теңге, жаңа 15 жұмыс орны құрылды.
Саймасай ауылдық округінде «ASSORTI RANCHO» жеке кәсіпкері тарапынан 2017 жылы жалпы инвестициялық құны 30,0 млн.теңге болатын жаңа 12 жұмыс орнымен қамтылған демалыс аймағын іске асырды.
«Экстремал Спорт Туризм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тау шаңғы инфрақұрылымының дамуын іске асыруда. Аумақтық үйлестіру кеңестің 2018 жылдың 06 ақпанындағы №1 хаттамасымен жоба ретінде өткізілді. Жобаның жалпы құны – 732,7 млн.тенге.
«Ескене» жаупкершілігі шектеулі серіктестігінің «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» Республикалық тас жолының бойында ауданға келген туристерді және жол жүрушілерді қабылдауға арналған заманауи, стандартқа сәйкес жол бойындағы қызмет көрсету кешенін салу жобасы, облыстық комиссиядан инвестициялық жоба ретінде оң шешім алып, бүгінгі таңда сұралған жерінің құжаттары рәсімделуде. (жоба құны 600,0 млн.теңге, жаңа 15 жұмыс орны ашылмақ.

Зорагүл Әбдіқадір