ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ – БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ – БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

Нағыз мұғалім деп тәрбиеленушінің ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтамыз. Сондықтанқоғам талабына сай шебер мұғалім болу заманталабы болып тұрғаны анық. «Назарбаев Зиякерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілік арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша «Колледжде қазақ тілін және әдебиетін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» тақырыбында 72 академиялық сағат көлемінде курстан өттік.Курс тренері Туреханова Гульшат Бейсембековна бекітілген кесте бойынша курс тыңдаушыларынадәріс оқып, кәсіби біліктілігін заманауи талаптарға сәйкес шыңдауға көмек берді. Тиімді оқыту мен оқудың сипаттамасы, сын тұрғысынан ойлауғадағдыландыру, саралап оқыту, критериалдыбағалау қағидаттары,  «қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу сабағын әзірлеу,белсенді оқытуәдістерін қолдану т.б. тақырыптары бойыншаГульшат Бейсембековна жан-жақты баяндап, колледж мұғалімдеріне түрлі тапсырмаларорындатты.Курс тыңдаушылары кері байланысжасап, жұмыс тәжірибесіне қолданатын бағалыбілім жинақтауға мүмкіндік алды.

Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру, құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған курс барысында білім берудегі заманауи трендтер, оқу бағдарламаларының спиральді құрылымы,оқу мақсаттарының жүйесі, белсенді оқу әдістері аясында сабақ өткізіліп, тиімді әдіс-тәсілдер қарастырылды. Курстың барлық тыңдаушыларына тренердің сөз сөйлеу материалдары мен  презентацияларын тегін жүктеп алуға жағдай жасалды. Педагогтар оқу процесін тиімді жоспарлау, саралап оқыту принциптерін іске асыру, функционалды сауаттылықты,  ЕББҚ оқушыға қолдау көрсету, сабақта АКТ қолдану және т.б. әдістемелік қолдау алдық.Сонымен қатар курс барысында тыңдаушылармен жеке, жұптық және топтық жұмыстарда мәселені бірлесіп шешуге бағытталған тәжірибе, тренингтер өткізілді. Курс бағдарламасына кіргізілген оқыту мен оқудағы стратегия мен тәсілдерді қарастыру барысында оқытушылар күнделікті практикалық жұмыстарды өздері қамтамасыз етті.Аталған курста қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болды.

                                                                                    Әук Дархан Мақсатұлы

Талғар политехникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы