«Оқушыға өзінің тәсілдерін үйретуден бұрын алдымен оның бойында білім алуға деген талпынысты оятып алудың қажет екенін ойлайтын ұстаз бар ма екен?» Шәкірттің зердесіне ілім –білім ұялатудың ұтымды жолдарын, әдістерін іздеу әр ұстаздың міндеті. Педагогикалық шеберлікті дамыту мақсатында «Назарбаев Зиякерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілік арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша «Колледжде қазақ тілін және әдебиетін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» тақырыбында 72 академиялық сағат көлемінде курстан өттік.
Курс бағдарламасынан күтілетін нәтижелер білім алушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын білім алушы ретінде қалыптасуын қамтыды.
Осы курс барысында құзырлы оқытушының алдына білім алушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойылған. Бағдарламаның негізгі басымдықтары қазақ тілі мен әдебиеті пәнін колледжде оқытудың маңызды факторы оқытушының білім алушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске білім алушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, білім алушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Білім алушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында оқытушы қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды.
Педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектескен бұл курс бағдарламасы оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылды. Курс бағдарламасына кіргізілген оқыту мен оқудағы стратегия мен тәсілдерді қарастыру барысында оқытушылар күнделікті практикалық жұмыстарды өздері қамтамасыз етті.Аталған курста қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болды.
Курстың барлық тыңдаушыларына тренердің сөз сөйлеу материалдары мен презентацияларын тегін жүктеп алуға жағдай жасалды .Педагогтар оқу процесін тиімді жоспарлау, саралап оқыту принциптерін іске асыру, функционалды сауаттылықты, ЕББҚ оқушыға қолдау көрсету, сабақта АКТ қолдану және т.б. әдістемелік қолдау алдық.
Молдахметова Бакыткул Ерболатқызы
Талғар политехникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы