Алаяқтардың құрбаны болудан сақ болыңыздар!

Алаяқтардың құрбаны болудан сақ болыңыздар!

Құрметті Талғар ауданының тұрғындары!

Қазіргі таңда интернет желілерінің қарқынды дамуымен қоса интернет алаяқтығы көбеюде. Ағымдағы жылдың 3 айында Талғар ауданының аумағында алаяқтықтың 141 дерегі тіркелген, ал оның 74 дерегі интернет алаяқтығы.
Олардың жиі кездесетін негізгі түрлері:
1. Онлайн-несие рәсімдеу;
2. Интернет ресурстар арқылы сату және сатып алу («kolesa.kz», «olx», );
3. Телефон арқылы қолданушының жеке деректерін сұрау, т.б.
Алаяқтар желі қолданушыларын арзан қызметтермен, тауарлармен қызықтырады, сайттарда және әлеуметтік желілерде жалған ақпарат береді. Олар тауар немесе қызмет үшін алдын-ала төлем жасауды, жалған банктік шотқа немесе QIWI-әмиянына (бұл жүйеде жалған деректерді пайдаланып шот ашуға болады) ақша аударуды сұрайды, содан кейін өздері жоғалып, хабарсыз кетеді.
«Интернет алаяқтығының көп кездесетін түрінің бірі бұл қылмыскерлер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардың сенімдеріне кіріп банк картасымен жүргізілгелі тұрған заңсыз операцияны бұғаттау үшін CVV-кодты (картаның артқы жағындағы үш таңбалы код) атауды сұрайды. Бұл жағдайда сөйлесуді дереу тоқтату қажет, себебі банк қызметкерлері мұндай ақпаратты сұрамайды. Сонымен қатар алаяқтар тауар сатқанда толық ақшаны жіберуіңізді сұрауы мүмкін. Мұқият болыңыздар белгісіз адамдарға ақшаны жолдамас бұрын тауардың сізге жолданғанына көз жеткізіңіз. Мысалы, 27.02.2021 жылы Талғар АПБ кезекші бөліміне Қарабұлақ ауылының Е. есімді тұрғынына 25.02.2021 жылы белгісіз тұлға «Каспи банкінің» қауіпсіздік бөлімінің қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіні алдап, оның шотынан 291000 теңгені интернет арқылы шешіп алған. Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмысты ашу үшін жедел іздестіру іс шаралары жүргізілуде».
Әр аптаның сәрсенбісі күні сіздермен «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @Talgar_police парақшасында тікелей эфир болады.
Сіздерден алаяқтардың құрбанына айналмас үшін мына қарапайым шараларды ұстанып, сақ болуыңызды сұраймыз.
— Әлеуметтік желілерде күмәнді мәміле жасаудан бас тартыңыз;
-тауарды сатып алу немесе сату кезінде алдын-ала төлем жасауға келіспеңіз;
-Белгісіз адамдарға ақша аударымын жасамаңыз;
-Банк картасының нөмірін, пин-кодты, сондай-ақ ұялы телефоныңызға келіп түскен құпия сөзді ешкімге хабарламаңыз.
Белгісіз адамдарға ақша аудармас бұрын, банктің байланыс орталығына қоңырау шалыңыз.

Джамбулат Зиадин,
Талғар АПБ бастығы, полиция полковнигі