«Ас-адамның арқауы» деп тегін айтылмаған. Адам баласы үшін бірінші байлық саналатын денсаулықты күту дұрыс тамақтанудан басталатыны белгілі. Тамақтану мәдениеті отбасында қалыптасып, одан әрі балабақша, мектепте жалғасады. Бала ағзасы үнемі қарқынды даму, өсу, қалыптасу процесінде болатындықтан балабақша және мектеп жасындағы балалардың тамағын тиімді, санитарлық талапқа сай ұйымдастырудың маңызы зор. Өйткені бала ағзасындағы зат алмасу процесі клеткаға қажетті заттар мен жоғалтқан энергия шығынының орнын толтырумен қатар, тканьдердің үздіксіз өсіп, дамуын қамтамасыз етуі керек.
Осыған орай, өткен аптада «Мектеп асханасы» республикалық акция аясында аудандық білім бөлімі тарапынан құрылған сарапшылар тобы Талғар қаласындағы бірқатар мектептердің асханалары мен буфеттерін аралап, ондағы оқушыларға арналған тегін тамақ ұйымдастыру жұмысы қалай жүзеге асырылып жатқанын бақылап қайтты. Асхана ішінің санитарлық талапқа сай болуы, қол жууға арналған жағдайдың қамтамасыз етілуі, қызмет сапасы, ішетін таза судың қолжетімділігі де назардан тыс қалмады. Айта кету керек, ауданымыздағы 43 мектепте 31 асхана, 11 буфет жұмыс істейді. Тегін тамақпен қамтылған оқушылар саны 34030 баланы құрап отыр. «Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан берілетін» бір мезгіл тегін ыстық тамақпен әлеуметтік тұрмысы төмен, көпбалалы отбасы балалары қамтылған. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен әр оқушыға бір жолғы мектептік тамақтандырудың құны 286 теңге болып бекітілген.
Аудан аумағында 42 мектеп бар. Білім шаңырақтарының басым бөлігінде, нақтырақ айтсақ 31-інде асхана жұмыс жасайды, ал 11-і буфеттік тамақтану әдісін пайдаланады. Тегін ыстық тамақпен қамтылған 1667.
«Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан берілетін» бір мезгіл тегін ыстық тамақпен әлеуметтік тұрмысы төмен, көпбалалы отбасы балалары қамтылған. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен әр оқушыға бір жолғы мектептік тамақтандырудың құны 286 теңге болып бекітілген.
Аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Ләззат Құрманбаева, есеп бөлімінің есепші маманы Алмагүл Амиргалиева және БАҚ өкілі болып алдымен қаламыздың орталығында орын тепкен №1 орта мектептің асханасына бас сұқтық. Мұнда 1561 бала білім алады, оның 68 оқушысы тегін тамақтану мүмкіндігіне ие. Бекітілген перспективті ас мәзірі, тегін тамақтанатын оқушылар тізімі арнайы тақтайшада ілініп тұр. Балаларға арнап әзірленетін ыстық тамақ пен салатты, сусындарды оқушылар сүйсіне ішетін көрінеді. Пешке пісірілген самса, бәліш, тәтті тоқаштар, сонымен қатар сертификат құжаттары бар сусындар ұсынылған. Асхана қызметінде көңілге қонымды тұстарымен қатар кемшіліктер де орын алғанын байқадық. Өкінішке орай, ағзаға пайдасынан гөрі зияны көп фас-фуд тағамдарын тұтынуға балалар әуес келеді. Түрлі дәмдеуіштер мен консерванттар қосылған мойенез және кетчуп жағылған шағын пицца мен ортасына шұжықшалар(сосиска) салынған ход-догтар салафан қаптарда, жылы бөлмедегі сөреде «мен мұндалап» тұруы ешбір санитарлық талапқа сай келмейтіні айдан анық! Бала денсаулығына нұқсан келтіру қауіпі зор болғандықтан тыйым салынған осы бір тағам түріне қатысты қатаң ескертуден соң аспазшылар оны сөреден бірден алып тастады. Балалардың таза су ішуге қатысты талабы да толық сақталмаған, бір реттік стакандар қойылмағаны да еш сын көтермейді.
Келесі кезекте арнайы топ №49 мектептің асханасына бет алды. Мұнда 77 бала тегін тамақпен қамтылған. Талапқа сай жабдықталған тамақтанатын орында ас мәзіріне сай тағамдар әзірленіп, балаларға берілуде. Тұтынушыларға ұсынылатын тәтті тоқаштар, учпучмак, сусындар да сөрелерден орын алған. Қайнатылған таза су қолжетімді жерге орналасқан, бір реттік стакандар да бар. Аталмыш білім ұясындағы асхана жұмысы дұрыс жолға қойылған, деп ой түйдік. №6 орта мектептің де асхана жағдайы да көңіл көншітті. Бекітілген ас мәзірі, балалардың тізімі арнайы тақтайшада ілінген. Бір реткі тегін ыстық тамақпен қамтылған 121 балаға бекітілген ас мәзіріне сай тағамдар әзірленіп, беріледі. №4 мектеп-лицейінде 615 бала оқиды, оның 24-і тегін тамақтанады. Күрделі жөндеуден кейінгі мектептің ішкі-сыртқы келбеті көз тартарлық. Жертөледе орналасқан шағын асхананың іші де мұнтаздай. Тамақтанып отырған шәкірттер мен ұстаздардың да пікіріне құлақ түрдік. Мұнда әзірленетін тағам түрі де сан алуан, тәтті тоқаштар мен ет,картоп салынып пісірілген самса, түрлі пирогтар да ерекше дәмді көрінеді. Таза су, бір реттік стакандар да қолжетімді жерде тұр. Әрине, асханада адамның асқа деген көңіл-күйін ашатын, тамақтану мәдениетін қалыптастыратын көрнекі құралдар ілінгені абзал. Бұл күнгі аралап өткен мектептерде осы бір талап ескерілгені қуантты. Осылайша, орын алған кемшіліктерге қатысты сын-ескертпелер беріліп, тез арада түзету тапсырылды.
Аталған іс-шара әрі қарай да жалғасын табатын болады.
Райхан Азимова,
Талғар-ақпарат.