Қазақстанда анықтамалардың 28 түрі қысқартылмақ
Азаматтарға арналған үкімет анықтамалардың тағы 28 түрін қысқартуды ұсынады. Бұл туралы электронды үкіметтің цифрлық жаңашылдықтарының тұсаукесері барысындағы өз сөзінде «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді.
Оның айтуынша, мекенжай анықтамасынан кейін жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, псих-нарко, туберкулезге қарсы диспансерлердің анықтамасы, жұмыссыз ретінде тіркелу сияқты және т.б. анықтамалар да жойылуы мүмкін. «Жыл сайын азаматтар ХҚО-дан 10 млн артық мекенжай анықтамасын алады. Оны жұмысқа тұру, балалардың мектепке, балабақшаға құжатын дайындау барысында және т.б. себептермен сұратады. Мекенжай анықтамаларын алып тастау – қазақстандықтардың ХҚО-ға 10 млн есе аз келетіндігін білдіреді», – деп атап өтті Балташева.
Реестрден аталған қызметтерді алып тастау мәселесі мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралатын болады. Оның нәтижесі бойынша анықтамалардың қай түрі мәліметтер санатына ауысатыны не мүлде жойылатыны шешіледі. Аталған анықтама түрлері Әділет министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Бас прокуратура сияқты жалпы 10 ведомствоға қарасты.
Еске салайық, бұдан бұрын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мекенжай анықтамасын жою бастамасын көтерген болатын. ҚР ІІМ бұл идеяға қолдау білдіріп, өзінің мәліметтер базасын өзге мемлекеттік органдармен интеграциялаған. 1 қарашадан бастап азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркеуін egov.kz электронды үкімет порталындағы жеке кабинетінен тексере алады.
Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жыл сайын қазақстандықтарға 30 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетеді, олардың жартысынан көбі – ақпараттық анықтамалар. Оларды жою қызмет алушылардың өмірін жеңілдетеді, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүктемесі мен қағаз айналымын азайтады деп жоспарлануда.
В Казахстане планируют сократить 28 видов справок
Правительство для граждан предложило сократить еще 28 видов информационных справок. Об этом в ходе своего выступления на презентации цифровых новинок электронного правительства рассказала председатель правления госкорпорации «Правительство для граждан» Асемгуль Балташева.
По словам Балташевой вслед за адресной справкой могут исчезнуть такие виды услуг, как выдача справки об отсутствии/наличии недвижимости, справки из психо-, нарко- и противотуберкулезного диспансеров, справки о регистрации в качестве безработного и т.д. «Ежегодно в ЦОНах Казахстана получали более 10 миллионов адресных справок в год. Их просили при трудоустройстве, для оформления детей в школы, детские сады и т.д. Отмена адресных справок означает, что теперь казахстанцы посетят ЦОНы на 10 миллионов раз меньше», — добавила она.
Вопрос об исключении данных услуг из реестра будет вынесен на рассмотрение Межведомственной комиссии по оптимизации госуслуг. По результатам будет принято решение, какие из этих услуг будут переведены в разряд сведений, а какие исчезнут вовсе. Данные виды справок находятся в ведении Министерства юстиции, Министерства обороны, Генеральной прокуратуры и т.д. Всего десять ведомств.
Напомним, ранее министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Аскар Жумагалиев выступил с инициативой об упразднении адресной справки. Министерство внутренних дел РК поддержало эту идею и интегрировало свои базы данных с другими госорганами. Так, с 1 ноября проверить место своей регистрации граждане смогут в личном кабинете на портале электронного правительства egov.kz.
К слову, ежегодно госкорпорация «Правительство для граждан» оказывает казахстанцам более 30 миллионов госуслуг, больше половины из них – информационные справки. Планируется, что их отмена облегчит жизнь услугополучателей, позволит снизить нагрузку на центры обслуживания населения и сократит бумажный оборот.