Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері қысқы Олимпиадаға тоғызыншы мәрте қатысады. Милан-2026 додасының маңызды ерекшеліктерінің бірі — халықаралық деңгейде гендерлік тепе-теңдіктің сақталуы. Биыл елімізден 18 ер және 18 әйел, жалпы 36 спортшы жолдама иеленіп отыр. Бұл көрсеткіш Бейжің-2022 Олимпиадасымен салыстырғанда екі спортшыға көп.
2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы сапында 36 спортшы қатысады.







